2- тапсырма. Төмендегі тапсырмалар бойынша ұсыныс хат үлгілерін құрастырыңыз. 4.
Тобыңыздағы бір үлгілі студентті ақылы оқу түрінен мемлекеттік грант бойынша ақысыз оқу түріне
ауыстыру туралы ұсыныс хат жазыңыз.
5.
Студенттердің атынан факультет деканы атына хат жазып, үздік студентті факультет кеңесінің
мүшесіне ұсыныңыз.
6.
Университет ректорының атына студенттік кеңестің төрағасының атынан Астана қаласында
өткізілетін «Жастар жарқын болашақ үшін» форумына депутаттыққа бір студентті ұсынып, хат
жазыңыз.
3- тапсырма. Төмендегі тапсырмалар бойынша сұраныс хат үлгілерін құрастырыңыз. 3.
Қалалық балалар кітапханасының директоры А.С.Елубаеваға Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп
-
кешенінің кітапханасы 2010 жылы келіп түскен журналдар тізімін сұрайтындығы туралы сұраныс
хат жазыңыз.
4.
А.Мырзахметов атындағы университет ректоры С. Көпжасовқа М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ
ректораты 1 курс студенті А.Уаисованың М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетіне ауысуы бойынша қабылдау үшін жеке іс қағазын жіберуін сұрайтындығы туралы
сұраныс хат жазыңыз.
Ілеспе хат, баяндау хат, ақпарат хат, циркуляр хат 1- тапсырма. Төмендегі тарсырмалар бойынша ілеспе хат үлгілерін құрастырыңыз. 1. Атырау қаласындағы қаржы бақылау бөлімінің бастығы Р.Н. Есімоваға «Аружан» фирмасы
қаржылардың жылдық бақылауына байланысты есеп жолдайтыны туралы ілеспе хат жазыңыз.
2. Облыстық халық шығармашылық орталығының директоры К.Ә.Біләловаға «Арм
-
студия»
сіздердің №32 сұраныстарыңыз бойынша Киев
-
Астана пойызымен 2 дана музыкалық орталық
жолдайтындығы туралы ілеспе хат жазыңыз.
3.ҚР Қаржы министрлігінің есеп
-
бақылау бөлімінің директоры А.Н. Халеловқа Ақтау қалалық
қаржы басқармасы №1,2,3 формалары бойынша есеп жолдайтындығы жайлы ілеспе хат жазыңыз.