1- тапсырма . Егер сен жұмысқа орналасатын болсаң, түйіндемеңді қалай толтырар едіңіз? Жұмысқа орналасу үшін өз түйіндемеңізді толтырыңыз. 2- тапсырма . А) Салық полициясы комитетіне программист ретінде жұмысқа орналасуға үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз. Б) Тұран әлем банкінен несие алу үшін түйіндеме дайындаңыз. 3- тапсырма . Сұрақтарға жауап беріңіздер. 1. Түйіндеменің өмірбаяннан қандай айырмашылығы бар?
2. Түйіндеме не үшін жазылады?
3. Түйіндемеде қандай мәліметтер жазылуы тиіс?
4- тапсырма .
Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар. Совершенствование знания, научная степень, военнообязанный, иностранная фирма,
заведующий отделом, владею казахским языком, трудовой стаж, имею дочь, супругу.
5- тапсырма . Берілген құжат үлгісінің құрылымын түсіндіріңіздер. Резюме Аты
-
жөні: Сұлтанова Нәзира Аханқызы
Туған жылы: 04.04.1974
Туған жері:
Талдықорған қаласы
Мекен
-
жайы: Алматы қаласы, Н.Тілендиев көшесі, 21
-
үй, 3
-
пәтер
Мамандығы: заңгер, тарихшы
Бағыт: жоғары оқу орнының оқытушысы
Білімі мен қызметі
туралы мәлімет: І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университеті,
тарих және құқық факультетінің студенті.1991
-
1995 жж.
Аталған университет тарих факультетінің
оқытушысы 1995
-
1997 жж.
Қазақ мемлекеттік заң университетінің аспиранты
1997-
2000 жж.
Негізгі мәліметтер:
Қазақстан тарихы, құқықтану мәселелерімен айналысып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім.
«Ә.Бөкейхановтың саяси құқықтық көзқарастары» тақырыбында кандидаттық диссертация
жаздым. Республика, қала, жоғары оқу орындары көлемінде өткен конференцияларды
баяндама жасадым. ЖОО
-
да жұмыс істеген тәжірибем бар қоғамдық жұмыстарға белсене
араласамын.
Қосымша мәліметтер: Ана тілім –
қазақ тілі. Ағылшын және орыс тілін
жақсы білемін. Компьютермен жұмыс істей аламын
Кепілдеме туралы мәлімет: Қазақ мемлекеттік заң университеті мемлекеттік
54
құқық кафедрасының меңгерушісі берген
кепілдеме қосымша беріліп отыр.
24.11. 2000 жыл (қолы) Сұлтанова Н.А.