Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару


Педагогикалық жобалау мақсаты



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата13.12.2022
өлшемі0,8 Mb.
#162559
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-38096

Педагогикалық жобалау мақсаты:


Зерттеушілік,шығармашылық мағынада маңызы бар 
проблемаларды қарастырылуы;
Күтілетін нәтижелердің тәжірибелік, теориялық, 
танымдық маңыздылығы;
Оқушылардың озық іс-әрекеті, зерттеу әдістерін 
қолдану
Шешімін іздейтін мәселенің болуы, жоба бұл
байсалды ойын, баланың дербестігі және ата-ана мен 
баланың ортақ шығармашылығы
Жобаның мазмұндық бөлігі құрастыру
Жобалау әрекетін қолданудағы негізгі талаптар:


Мүмкіндігі шектеулі баланың басты проблемасы - қоршаған 
ортамен байланысының болмауы, құрдастарымен қарым-қатынас 
жасауының жиілігімен, табиғатпен қарым-қатынасының 
шектеушілігі, мәдени құндылықтарының қолжетімді болмауы, 
кейбір уақытта білім алуға мүмкіндіктерінің болмауы болып 
табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоршаған ортамен қарым-
қатынас жасаудың жеткіліксіздігі оңашалауға және толыққанды 
дамымауына әкеп соғады. А.Р.Малер бұл қиындықтардың 
туындаудың себебі әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынас жасау 
үрдісі баланың талаптарына сәйкес келмеуімен және қарым-
қатынас жасауға дайындығының болмауымен түсіндіріледі. 
Нәтижесінде қалыпты деңгейдегі әлеуметтік қатынастан тысқары 
қалады, сол себептен әлеуметтік көмек көрсетуді мұқтаж етеді.


Білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға кіріктіру мен еңбек қабілеттілігінің 
шектеушілігін Н.Н.Малофеев интеграцияның «қалыпты жағдайға ұмтылу» концепциясына 
негіздеген және оның негізгі ой түйіні - мүмкіндігі шектеулі баланың өмірі мен тұрмыстық 
жағдайы қоғамның өмір сүру стилі мен жағдайына жақын болуына негізделген. 
Н.Н.Малофеевтің жоғары да айтқан мәселелеріне қарай қорытынды жасауға болады:
1. Білім алуында ерекше қажеттілігі бар 
бала барлығына тән – дамуын 
ынталандыратын жағдайлар мен 
сүйіспеншілікке бөленуді талап ете алады;
2. Бала қалыпты деңгейде өмір 
сүретін қоғамдық өмірге жақын 
болуы қажет;
3. Баланың тиімді дамуында үй ең 
қолайлы орта болып табылады. 
Сондықтан да жергілікті өкімет білім 
алуында ерекше қажеттілігі бар баланың 
отбасында болуына қажетті 
жағдайлармен қамтамасыз етеді;
4. Барлық бала білім алады, демек 
дамуындағы ауытқушылықтың 
деңгейіне қарамастан, білім алуға 
мүмкіндік беріледі.



Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру жолында үкіметтердің 
көптеген проблемаларына қарамастан, прогресс көптеген 
аймақтардағы білім беруді қаржыландыруды 
орталықсыздандырудан кейін пайда болды.

Көбінесе мәселе ресурстардың деңгейі емес, қаражат қалай 
бөлінеді деген сұрақтар негізінде пайда болып жатады. 

Білім беруді қаржыландырудың орталықтандырылған саясаты 
мен тәсілдері инклюзивті білім беруді жүзеге асыруды қолдау 
үшін қаржыландыру реформасын енгізуге негізгі кедергі 
болып қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет