Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет13/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

"моноқалалар" (monotowns)
деп аталса, 
әлемдік тәжірибеде 
"one industry town" 
немесе "
single
-
industry town" (бір салалы 
қала) түсініктері кеңінен таралған. Сонымен қатар, 
АҚШ, Канада, Аустралия, 
Германия және т.б. елдердің шағын қалаларындағы жинақталған мәселелер 
"boomtowns", "resource towns", "company towns"
атауларының қалыптасуына 
негіз болды. Яғни, атаулары әр-түрлі болғанымен бұл қалалалардың 
қалыптасуы индустриялық кезеңге сай келеді және қала қызметі (мамандануы) 
ресурстарды игерумен тығыз байланыста болған 

28, б.12

. Бұл қалалардың 
(моноқалалар) басқа көпфункционалды экономикасы бар қалалармен 
салыстырғанда 
өзгешелігі 
сыртқы 
ортаның 
өзгеруіне, 
мемлекеттік 
мақсаттардың өзгеруіне, экономика салаларының жағдайына, сыртқы 
нарықтағы коньюктураның, тауарға деген сұраныстың құбылмалы болуы, 
төлем шарттарының қадағалануына, т.б. өзгерістерге көбірек тәуелді. Мысалы, 
экономикалық құлдыраудың ұзақ уақытқа созылуы, кейбір мономаманданған 
қалалардың «тастанды» немесе «елес» қалаға айналуына бастама болды. 
Мұндай шағын елді-мекендерді әлемнің барлық елдерінен кездестіруге болады. 
Әлемдік тәжірибеде бұл қалалар «ghost towns» атауымен белгілі. Қалалардың 
мұндай күйге түсуіне экономикалық құлдыраудан бөлек, табиғи және 
техногендік сипаттағы апаттар, геноцид, саяси факторлар да өз әсерін тигізеді.
Бүгінгі таңда моноқалалардың даму мәселелері шетелдік және орыс 


17 
ғалымдарының зерттеулерінде маңызды орын алып келеді. Моноқалалардың 
даму сипаты көпфункциялық қалаларға мүлде ұқсамайды. Америкалық белгілі 
ғалым Эдвард Глейзердің ғылыми еңбектерінде қала географиясының 
заңдылықтары ерекше қырынан түсіндіріледі. Дүние жүзінің көптеген елдеріне 
тез тарап кеткен монографиясында ғалым қалаларды адамзатты бақытты ететін 
орта ретінде сипаттаған [39, с.75]. Ал моноқалаларға қатысты Глейзер 
«ресурстардың қарғысы» феноменін ашқан. Ғалымның түсіндіруінше, бір ғана 
саланың табысты дамуы өнеркәсіптің диверсификациясына кедергі келтіреді, 
мұны «ресурстардың қарғысы» деуге болады. Мұндай «қарғысқа» ұшыраған 
қалалар қатарында кезінде «АҚШ-тың автомобиль астанасы» атанған Детройт 
пен көмірлі қала Питтсбург те бар [40]. 
АҚШ-та моноқалалардың мәселесі (company towns) 130 жылдан бері бар. 
Моноқалалар мәселесі алдыңғы ғасырдың 70-жылдарында өткір болды. 
Өнеркәсіптік өндірістің кенет құлдырауына ұшыраған аумақтар АҚШ-та «Тат 
белдеуі» (Rust Belt) атауына ие болды. Бұл елде моноқалаларды қалпына 
келтіру барысында экономикасын қайта құрылымдаудан бастап, қалаларды 
қысқартуға дейінгі шаралар жүргізілген [41]. 
Канада тәжірибесінде «ресурс қалалар» немесе «жаңа қалалар» атауымен 
белгілі. Бұл елді мекендердің басқа қалалардан айырмашылығы шағын 
болуымен және оқшаулана орналасуымен ерекшеленеді. Мысал ретінде, 
Форт-
Макмюррей
, пр. Альберта (мұнай), 
Гранд-Фолс-Виндзор
, пр. Ньюфаундленд 
(целлюлоза-қағаз), 
Глас Бей
, пр. Жаңа Шотландия (көмір), 
Гавань Блэк

пр. Нью-Брансуик (балық дайындау), 
Мюрдошвиль
, пр.Квебек (мыс), 
Эллиот 
Лейк
, пр. Онтарио (уран), 
Сноу Лейк
, пр. Манитоба (мыс, мырыш) және
Китимат
, пр. Британдық Колумбия (алюминий) қалаларын келтіруге болады 

42


Ресурстарды өңдеу Канада даму моделінің қалыптасуында, ертеректен 
белгілі маңызды фактор ретінде мойындалуда. Ресурсқа тәуелді қалалар бұл 
процестің маңызды қатысушысы және жүзеге асыруда зор мәнге ие болды. 
Өнеркәсіптің бір ғана саласына тәуелділігі қала экономикасы дамуында жиі 
тұрақсыздықтарға әкеп соғады және бұл тұрақсыздық сақталады. Мысал 
ретінде, 
Канададағы 
мономаманданған 
қалалардың 
Ұлы 
депрессия 
уақытындағы шеккен зардабын айтуға болады. 1929 жылы АҚШ-та басталған 
Ұлы депрессиядан Канада 10 жыл бойы зардап шекті. 1939 жылға дейін 
созылған бұл экономикалық «созылмалы ауру» ІЖӨ көлемінің 40%-ке 
құлдырауына негіз болды 

43, p.18

. Канада ғалымдары моноқалалар мәселесін 
шешу бойынша зерттеу жұмыстарын 1970-жылдардан бастап жүргізіп келеді. 
Моноқалаларды жаңа қоғамдастықта дамытуда экономиканы әртараптандыру, 
қызмет көрсету саласын дамыту және кластерлік даму саясатын тиімді деп 
санайды. Тіпті бұл елде ауылдар және шағын қалаларды дамыту бағдарламасы 
қабылданған 

44

. Бұл бағдарламада Канададағы шағын қоғамдастықтар 
экономикалық 
дамуының 
құрылымы 
мен 
ғалымдардың 
теориялық 
көзқарастары жүйеленген.
Моноқалалар мәселесін шешуде жүйелі жұмыстар жүргізген Германияның 
тәжірибесін ерекше атауға болады. Мұнда моноқалаларды жаңғыртудың 


18 
кешенді бағдарламасын жасаумен және қолданбалы зерттеулер жүргізумен ірі 
консалтингтік компаниялар айналысады. Бұл еңбектерде Германияның әйгілі 
көмірлі ауданы Рур алабындағы ресурстық-индустриялық қалалардың даму 
үдерістері талданып, ұсыныстар жүйесі негізделген [45]. Бірнеше ондаған 
жылдарға созылатын моноқалаларды қайта оңалту мәселелерімен айналысатын 
құрылымдар арасынынан AS&P (Альберт Шпеер және серіктері) ұйымын 
атауға болады. Бұл ұйым моноөндірістік қалаларды қайта түлетудің негізгі 
кезеңдері ретінде төмендегілерді атайды: 
-
нақты жағдайды зерделеу (моноөндірістік қаладағы нақты мәселелердің 
шоғырын); 
-
барлық факторларды кешенді талдау және бағалау; 
-
моноөндірістік қалаларды жаңғыртудың және дамытудың ұқсас әлемдік 
тәжірибелерін зерделеу; 
-
қаланың даму стратегиясын әзірлеу; 
-
моноөндірістік қаланы жаңғыртудың қысқа, орта және ұзақ мерзімге 
негізделген іс-шаралар кешенін айқындау; 
-
субсидиялар мен дотациялардың мақсатты бағыттарын және сомасын 
анықтау; 
-
моноөндірістік қаланы жаңғыртуда мемлекет пен жеке серіктестік жүйесін 
құру [46, с.230-231].
Моноөндірістік қалаларды реформалаудың кешенді бағдарламасы 
негізделген соң ол басқарушы органға жолданады. Мұнда кең көлемде 
талдаулар мен талқылаулар жүргізіледі. Тиісті толықтырулар мен өзгертулер 
енгізілген соң, бағдарламаның кезең-кезеңмен жүзеге асуын және орындалуын 
AS&P компаниясы өз міндетіне алады.
АҚШ тәжірибесі секілді Германияда да бір салаға маманданған қалалар 
мәселесі «company towns» атауымен белгілі болды. Қала экономикасының бір 
компания 
табысымен 
байланыстылығы, 
әлеуметтік-экономикалық 
әртараптандырудың төмен көрсеткіші Дессау, Магдебург, Котбус, Лойна секілді 
моноқалаларға тән ортақ мәселе болды. Әсіресе, 1990 жылдардағы дағдарыс 
мыңдаған жұмыс орындарының жабылып, жастардың және жұмыс күшінің ірі 
елді-мекендерге қоныс аударуына, компания-қалалардың депрессиялық 
өңірлерге айналуына негіз болды.
Германиядағы сәтті жүзеге асырылған жобалар қатарына Рур және 
Франкфурт аймақтарында жасалған жұмыстарды қосуға болады. Көмір 
өндірісіне бейімделген Рур бассейніндегі қалалар аз ғана уақыттың ішінде 
қызмет көрсету саласына маманданып қоймай, бәсекеге қабілетті автомобиль 
құрастыру мен электротехникалар өндірісіне бейімделді. Ал, Франкфурттағы 
ұлттық индустриялық парктің құрылуы аймақтың алдыңғы қатарлы 
технологиялар өндірісіне, инновациялық жетістіктерге жол ашты. Сонымен 
қатар, қоршаған ортаны сауықтыруда ландшафттық қайта құрылымдау іс-
шаралары Германия қалаларының көпбейінді дамуына негіз болды.
Бүгінде Германия моноқалаларды инновациялық өнімдер орталығы 
ретінде дамытып отырған бірден-бір мемлекет. Монофункционалды 
экономикадан көпфункционалды экономика құру арқылы әлемге үлгі болуда. 


19 
Мұнда, экономиканы әртараптандыру, ірі, шағын және орта кәсіпкерлікті 
дамыту, қолайлы инвестклимат қалыптастыру, ғылымға негізделген қоғам құру 
– моноқала мәселесінің шешімі ретінде қарастырылды [47]. Әрине, бұл жерде 
жергілікті муниципалитет билігі мен бизнес өкілдері арасындағы өзара 
қатынастарды да ерекше атауға болады. Яғни, тез әрі ыңғайлы шешімдер, 
жергілікті 
жеңілдетілген 
салықтар, 
бюрократиядағы 
минимумдар, 
басшылықтың ғылыми әзірлемелерді қолдауы - сәтті жетістіктердің «құпиясы» 
ретінде сипатталды Химия-фармацевтикалық өнімдер (Леверкузен), жел 
генераторларының өндірісі (Магдебург), бағдарламалық қамтамасыз ету 
(Вальдорф), қарапайым және премиум класты автомобильдер өндірісі 
(Вольфсбург, Ингольштадт, Эмден, Рюссельсхайм), химиялық технологиялар 
(Людвигсхафен), брендтік киімдер тігу (Метцинген), әлемдік медиаиндустрия 
(Гютерсло) қажеттіліктерін өтеу – Германия шағын қалаларының әлемдік 
жетістіктеріне жол ашты [48]. Бұл жетістіктер - Германияда «моноқала» 
ұғымының «ескіргенін» көрсетеді.
Тау-кен өндірісіне және қала құраушы комбинаттар қызметіне тәуелді 
қалалардың мәселесі Ұлыбританияда өткен ғасырдың соңғы ширегінде өткір 
бола бастады. Қоршаған ортаның шектен тыс ластануы, қала тұрғындарының 
денсаулық жағдайларының нашар көрінісі, ел ішіндегі көші-қонның артуы, 
инфрақұрылымның тозуы сынды мәселелер экономикасы бір салаға негізделген 
қалаларда қатты білінді. Мұндай қалалар Ұлыбританияда «company towns» 
және «industrial towns» атауларымен танылды.
Ұлыбританияда моноқалалар мәселесінің кешенді шешімі ретінде жаңа 
баспаналармен қамтамасыз ету, оның ішінде әлеуметтік маңыздағы үйлермен 
қамту, халықтың еңбекке жұмылғыштығын арттыру мақсатында қалалардағы 
және іргелес аумақтардағы жұмыс орындарымен байланыстыратын көлік 
инфрақұрылымын қалыптастыру және жандандыру, шахталар мен болат құю 
зауыттарын біртіндеп ұзақ мерзімді жаңғырту, экономикалық қызметтердің 
жаңа түрін жасаушыларды ынталандыру және т.б. іс-шаралар атқарылды [49]. 
Моноқалалар 
экономикасын 
қайта 
түлету 
1980-1990 
жылдары 
Ұлыбританияда сәтті жүзеге асырылған бағдарламаның («тэтчеризм» саясаты) 
әлеуметтік-экономикалық шешімдерінің нәтижесімен тығыз байланысты: 
-
жаңа қызметтерге және экономиканың баламалы салаларына негізделген 
әртараптандыру. Мысалы, құрылыс саласын және қызмет көрсетуді дамыту; 
-
тау-кен өндірісі саласы дамыған тұста үлкен өзгерістерге ұшыраған 
аумақтарды регенерациялау. Мысалы, жоғарыда аталған бағдарлама 
шеңберінде моноқалалар маңындағы 107 телімнің жартысына жуығы қайта 
өңделіп, шаруашылыққа қажетті жарамды жерлер аумағын ұлғайтқан. Тіпті, 
регенерациядан соң 44 телімнің аумағына жаңа тұрғын үйлер мен кеңселер 
салынған;
-
"
Coalfields
"
ұлттық бағдарламасы моноөндірістік қалаларда және қала 
маңы аудандарында жеңілдетілген жағдайда жерлерді жалға алуға, өндіріспен 
және кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасады;


20 
-
моноөндірістік қалаларда салықтық жеңілдіктер жасалды; тұрғындардың 
компьютерлік сауаттылығын арттыру, жаңа мамандықтарды игеру бойынша 
масштабты қайта құрулар жүргізілді [46, с.232]. 
Жалпы, Ұлыбританияға моноқалаларды жаңғырту саласы бойынша 
мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің өзара тығыз байланысының формасы 
тән. Бұл «қала дамуындағы корпорациялар» түсінігінің қалыптасуына негіз 
болды.
Мұндай түсінікке негіздеме ретінде Уэльстегі Кардифф Бэй (Cardiff Bay) 
моноөндірістік қаласының тәжірибесін атауға болады. Екінші Дүниежүзілік 
соғыстан кейінгі көмір өндірісінің біртіндеп деградацияға ұшырауы – 
депрессиялық өңірлер қатарын толықтырды. 1987 жылы Кардифф Бэй Даму 
Корпорациясы (Cardiff Bay Development Corporation) құрылды, ондағы мақсаты 
моноөндірістік қаланы дамытуға жеке меншік инвестициясын тарту. Қолайлы 
инвестициялық климат қала дамуында өз нәтижесін берді. 1997 жылдан бастап 
Кардифф Бэй туризм мен қызмет көрсету саласындағы басты орталықтардың 
бірі ретінде дамуда [46, с.232].
Сонымен 
қатар, 
моноөндірістік 
сипаттағы 
қалаларды 
дамыту 
тәжірибесінен Ливерпуль округіндегі Токстед қаласын да атауға болады. 
Моноөндірістік қалада жинақталған мәселелерді шешу үшін Scarman қалалық 
даму корпорациясы құрылды. 1999-2005 жылдардағы қалалық қызметті 
түрлендіру бойынша сәтті қадамдар экономика құрылымының әртараптануына, 
қалалық 
шаруашылық 
дамуындағы 
әлеуметтік-экономикалық 
өткір 
мәселелердің шешім табуына мүмкіндік берді.
Мұнан өзге, муниципалитет әкімшілігінде басқарушылық және 
нормативтік органдар құрылды. Бұл органдар кәсіпкерлікке қаржылық-
құқықтық кеңес беру және қолдау көрсету, моноқалалар дамуында жеке 
капиталдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қолайлы инвестициялық жағдай 
жасау мәселелерімен айналысты. Заңдық құқықта артықшылыққа ие бұл 
ұйымдар депрессиялық өңірлердің қайта түлеуіне, қайта құрылымдау іс-
шараларын нәтижелі жүргізуге, сыртқы және ішкі инвестициялардың 
тұрақтылығына көп үлес қосты.
Компания-қалалар мәселесі - Еуропаның ірі державалық мемлекеті 
Францияның да өткен тарихында «алтын әріптермен» жазылды. Бірақ, бір 
салаға негізделген қалаларды оңалтуда, бұл елдің атқарған іс-шаралары өзіндік 
бояуымен ерекшеленді.
Францияда моноөндірістік қалаларды қайта құрылымдауда жетекші рөлді 
мемлекет өзі атқарды. Франция тәжірибесіндегі үздік үлгілердің бірі ретінде 
Сент-Этьен моноқаласын атауға болады. 1980-жылдардың ортасында Лион 
провинциясындағы бұл қаланы жаңғыртуда келесідей тиімді шешімдер 
қабылданған:
1.
Француз билігі моноөндірістік қалаларды қайта құрылымдау үшін екі 
мекеме құрылды: 
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет