13
1
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ДАМУ
ҮРДІСТЕРІН
ОҚЫТУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
"Моноқала" және "инновациялық даму" ұғымдарының
тұжырымдық-түсіндірмелік негіздері
Қалалар - қоғамның барлық аумақтық жүйесінің маңызды бөлігі, елдің,
халық шаруашылығының негізі болып саналады. Әлемдік тәжірибеде қалалар -
ірі, орташа және шағын қалалар деп бөлінеді. Бұл типтерді анықтау кезінде
әлемдік теория мен тәжірибеде қаланың көлемі (халқының саны), оның
қызметінің мөлшері мен көлемі (көпшілік тұрғындарының негізгі қызметі)
секілді негізгі критерийлер ескеріледі. Әлемдегі
елдердің халық саны ұқсас
болмағандықтан, қала деп есептелуіне қажетті ең аз халық саны да ұқсамайды.
Мысалы, Данияда 250 адам, Канадада 1000 адам, Германияда 2000 адам,
Малайзияда 10 000 адам болғанда барып қала деп есептеуге мүмкін болады. Ал,
Қазақстанда және ТМД елдерінде егер елді мекендегі халық саны 12 мың
адамнан кем болмаған жағдайда қалаға жатқызылады
34, б.36-37
.
Әлемдік тәжірибеде көптеген шағын қалалардың пайда болуы
қаланың
мамандану қызмет бағытының негізінде оның орналасуын түсіндіретін
теориялық тұжырымдаманың
ережелеріне сәйкес болған. Әсіресе, қаланың
атқарымдық мамандануы теориясы шахтерлік немесе металлургиялық
қалалардың пайда болуы кезінде айқын болды. Мысалы,
РФ-ның Орал
аймағында негізінен зауыт-қалалар құрылды. Кейбір қалалар осы атқарымды
сақтап қалды, кейбіреулері – оларды жоғалтты немесе басқа атқарымдарды
игерді. Мұндай қаланың
басты айрықша ерекшелігі, оның өндірісті
орналастыру жүйесіндегі мамандану факторларына тікелей тәуелділігі болып
табылады. Әдетте, мұндай қалалардың аумағында
жергілікті халықтың өмір
сүру деңгейіне түпкілікті негізде әсер ететін бір немесе бірнеше кәсіпорындар
қызмет етеді. Дәл осы қалалар
Достарыңызбен бөлісу: