Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет19/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

КҮШТІ ТҰСТАРЫ
-
қаланың
қолайлы
географиялық
аймақта
орналасуы немесе макроөңірлермен байланысты-
рушы инфрақұрылымдардың (көлік және темір
жолдары) болуы;
-
табиғи-ресурстық
әлеуеттің
(агроклиматтық
қорлар, су ресурстары, пайдалы қазбалар т.с.с)
жоғары болуы;
- аумақтың экологиялық тазалығының артықтығы
және экологиялық таза тағамдармен қамтамасыз
етілуі;
- негізгі капитал инвестициясының тұрақты өсімі.
ӘЛСІЗ ТҰСТАРЫ
- қала құраушы кәсіпорын қызметінің тоқтауы;
- тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және
қаланы жылумен қамтамасыз ететін инженерлік
желілердің тозуы;
-
өндірістік қалдықтардың жинақталуы (қала
құраушы
комбинаттың
және
жылу
электр
орталығының шығарындылары);
- экономиканы әртараптандырудың төмен деңгейі;
-
табиғи қауіп-қатерлер кезіндегі азаматтық
қорғаныс іс-шараларының әлсіздігі.
ҚАТЕРЛЕР
- табиғи қауіп-қатерлер (қаланың сейсмикалық
белсенді зонада орналасуы; тау өзендеріндегі сел
қаупінің жоғары болуы; кенеттен үсіктің жүруі,
қар көшкіні, бұрқасынды күндер, нөсер жаңбыр,
көк тайғақ, опырылу, жылжыма т.с.с.);
-
әлеуметтік-экономикалық
қауіп-қатерлер
(экономикалық
белсенді
халықтың
(51,3%)
көшіп-қонуы; жұмыссыздар санының артуы;
бәсекеге
қабілетті
өнімдерді
импорттық
тауарлардың алмастыруы және т.б.)
МҮМКІНДІКТЕР
-
облыс орталығы - Талдықорған қаласымен
серіктес қала ретінде даму мүмкіндігі (қалаара-
лық ара қашықтық - 40 шақырым);
- тау туризмі түрлерін (альпинизм, шаңғымен
сырғанау, сноуборд, рафтинг т.с.с.) дамытудың
мүмкіндіктері;
-
ауыл, балық және орман шаруашылығын
дамытуға негіздің болуы;
-
экономиканы әртараптандыру, оның ішінде
үйлесімді қызмет көрсету саласын дамыту;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.


32 
материалдары өнімдерін экспорттауға, қаладан келген демалушыларға туристік 
қызмет түрлерін ұсынуға болады.
Қала дамуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – табиғи-ресурстық 
әлеуеттің жоғары болуы. Мұнда қала аумағымен Текелі, Шыжы, Қора және 
Қаратал өзендері ағып өтеді. Су ресурстық әлеуетті, соның ішінде ағысы қатты 
Қора, Шыжы секілді өзендерге шағын су электр стансаларын орналастыру 
арқылы энергия өндіруге, экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін 
өндіруге, өнеркәсіпті сумен қамтамасыз етуге, балық шаруашылығын 
дамытуға, т.б. қызметтерге тиімді пайдалануға болады [68, p.8].
Текелі адамдардың өмір сүруіне жайлы әсер ететін табиғи зонада 
орналасқан. Мұнда шілде айының орташа температурасы +20+22°С болса, 
қаңтардағы орташа көрсеткіш -10-12°С шамасында. Күн сәулесінің жылдық 
орташа ұзақтығы – 2600-2700 сағатты құрайды. Ауаның орташа тәуліктік 
температурасы 10°С-тан жоғары кезеңде болатын өсіп-өну кезеңдері 150-160 
күнге созылады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 400-500 мм. 
көлемінде. Қала орналасқан аумақта таулы жердің қара және қоңыр 
топырақтары таралған [69, б.57-70]. Климат элементтерінің (күн сәулесі, 
температура, ылғалдылық, жел және т.б.) қолайлы болуы және аумақтың 
географиялық жағдайы орташа және кеш пісетін ауылшаруашылық 
дақылдардың түрлерін (жүгері, күнбағыс сорттары, көкөніс және бау-бақша 
дақылдары, картоп, қарақұмық т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Яғни, қала 
дамуында тек жерасты қазба байлықтарын пайдалану тиімсіз, перспективалық 
бағыт ретінде агроклиматтық қорларды тиімді пайдаланудың маңызы зор. 
Табиғи-ресурстық әлеуетті туризм түрлерін дамытуда тиімді пайдалану 
қала артықшылықтарының басым бағыттарының бірі ретінде сипатталады. 
Мұнда емдеу-сауықтыру және тау туризмімен әуестенетіндерге мүмкіндіктер 
мол. Қаланың таулы бөлігінде жоспарланған (Кордон 2) тау шаңғы курорты 
аймақта қысқы спорт түрлері дамуына жол ашады. Сонымен қатар, минералдық 
суларды емдеу-сауықтыру, шипажай қызметінде тиімді пайдалануға болады. 
Мұнда минералдық сулардың негізгі бальнеологиялық топтарынан сульфидті, 
радонды, кремнийлі түрлер кездеседі. 
Жалпы, Текелі қаласы аумағының бай табиғи ресурстық әлеуеті, 
геоэкологиялық «жайлы» зонада орналасуы, жасыл желекпен жеткілікті 
қамтамасыз етілуі – болашақта «экоқала» ретінде дамуына алғышарт бола 
алады (7-сурет).


33 
Сурет 7 – «Экоқала» ретінде дамуға негіз болатын геоэкологиялық факторлар 
(Суреттерді Д.Т. Алиаскаров түсірген, 2016 ж.) 
Әлемдік тәжірибеде көптеген шағын қалаларды «экоқала» ретінде 
қалыптастыру үрдісінің белсенді жүріп жатқанын ескерсек, Текелі қаласының 
да өзіндік әлеуеті «жасыл» дамуға мүмкіндік береді. Шет елдер тәжірибесінен 
Францияда жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығын ерекше 
атауға болады. Мұнда келешекте 13 қаланың даму бағытын экологияландыру 
көзделген. Олардың ішінде: Бордо, Ренн, Страсбург, Монпелье, Ницца, 
Гренобль, Марсель сияқты танымал қалалар да бар. Аталған іс-шараның негізгі 
мақсаты – қалаларды тұрақты дамытудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету 
және «келешек қалаларының» (“cities of tomorrow”) каркасын құру. Сонымен 
қатар, Еуропалық Одақтың 20-20-20 даму мақсатындағы франциялық 
жауапкершілікті орындау міндеті қойылған. Яғни, 2020 жылға қарай 
атмосфераға шығарылатын парниктік газдарды 1990 жылғымен салыстырғанда 
20%-ке азайту, энергияның 20%-н баламалы энергия көздерінен алу және 
энергия тұтынуды 20%-ке азайту мақсаты қойылған 

70

. Шағын қалаларды 
«экоқала» ретінде дамытуға, мұнан өзге дамушы елдер де аса мән беруде. 
Мысал ретінде, Қытай (Донгтан), Бразилия (Куритиба), БАӘ (Масдар), РФ 
(Новое Ступино) тәжірибесін атауға болады. Осы ретте, еліміздегі Текелі 
секілді геоэкологиялық әлеуеті жоғары қалаларды дамыту келесідей 
мүмкіндіктерге жол ашады: 
-
ҚР-ның 2050 Стратегиясында көрсетілген басым бағыттарының бірі – 
«жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасындағы негізгі басымдықтармен 
үйлесуі 

1


-
жергілікті су ресурстарын орнықты пайдалану, орнықты және 
өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту, энергия үнемдеу және 


34 
энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, қалдықтарды 
басқару жүйесі, ауаның ластануын азайту және экожүйелерді сақтап қалу және 
тиімді басқару бағыттары бойынша «жасыл экономикаға» көшу; 
-
қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы 
халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыруға, қызмет 
көрсету саласын, оның ішінде туризм дамуына мүмкіндіктер береді. 
Шет елдер тәжірибесінде мономаманданған қалалар мәселесін шешуде 
экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау маңызды 
шешімдер ретінде бағаланады. Аталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру 
арқылы салалық және өңірлік монополизмді жоюға, рынокта тауарлар мен 
қызметтерді көбейтуге, жаңа жұмыс орындар ашуға, ғылыми-техникалық 
прогрестің жетістіктерін пайдалануға, қоғам тұрақтылығының кепілі болып 
табылатын орта тап қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер бар. Экономикасы 
депрессиялық жағдайға тап болған Кируна (Швеция), Детройт (АҚШ), Эмшер-
Парк (Германия), Хаддерствилд (Ұлыбритания) секілді шағын қалалар 
постиндустриялық даму үлгісін қалыптастыруда аталған іс-шаралар кешенін 
сәтті жүзеге асыра білген [71, б.60-61]. Сол себепті, Текелі жағдайында 
экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту 
тұрақты дамуға негіз болады.
Экономиканың нақты секторына сырттан инвестициялық капиталдың 
келуін қамтамасыз ету экономикалық дамудың маңызды факторы болып 
табылады. Инвестициялық тартымдылығымен ерекшеленетін Текелі қаласы 
үшін де қолайлы инвестициялық микроклимат қалыптасуда. Мұны біз 2007-
2015 жылдар аралығында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің 
4,6 есеге (5209,0 млн. теңге) артқанынан байқаймыз. Жалпы облыс үлесінде 
қаланың инвестиция көлемі 1,0% құрайды [72, б.6]. Инвестклиматтың оң 
көрсеткіштері қала ахуалының жақсаруында артықшылықтар ретінде 
бағаланады.
Текелінің күшті жақтарымен бірге жоюды талап ететін бірқатар әлеуетті 
шектеуші факторлары да бар. Қажетті шаралар қабылданбаған жағдайда, 
анықталған шектеулердің жағымсыз әсері күшейіп, қала дамуы жолында 
кедергі болуы ықтимал.
1996 жылы жоғары сапалы (45%) рентабельді кентас қабатының бітуіне 
байланысты Текелі тау-кен комбинатының жұмысын тоқтатуы, әлі күнге дейін 
қала экономикасының дамуына кері әсерін тигізуде. Өндірістік қалдықтардың 
жинақталуы, Қаратал өзені суының және қалдық қоймасына жақын орналасқан 
ауыл шаруашылығы жерлерінің қорғасын қоспасымен ластануына негіз болуда. 
Бүгінде Текелі қорғасын-мырыш комбинатының қалдық қоймасындағы 
жинақталған қауіпті улы қалдықтар - қоршаған орта үшін де, жергілікті 
тұрғындар өмірі үшін де қаланың «бас ауруы» болып тұр. Қоймадағы 
қалдықтың 89%-і мемлекетке, қалған 11%-і Текелі кенді қайта өңдеу кешеніне 
тиесілі 

73

. Яғни, қалдық қоймасының қоршаған ортаға әсерін азайту үшін 
мемлекет тарапынынан көңіл бөлініп, рекультивациялау іс-шаралары жүргізілуі 
қажет. Техникалық және биологиялық кезеңдерден тұратын рекультивациялау 
жұмыстарын жүргізу арқылы, қалдық қоймасы аумағын ландшафттық паркке 


35 
айналдыруға немесе мәдени орман қоры үлесін арттыруға болады. Бұл өз 
кезегінде жарамсыз жерлерді тиімді пайдалануға, игеруге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және қаланы 
жылумен қамтамасыз ететін инженерлік желілердің тозуы қаланың әлсіз 
тұстары ретінде сипатталады. Аталған мәселелердің шешімі ретінде «ескі» 
кәсіпорындарды 
жаңа 
технологиялық 
құрал-жабдықтармен 
жаңарту 
(модернизациялау) арқылы өңдеу өнеркәсібін дамыту және «зәкірлік» 
жобаларды жүзеге асыру арқылы қала экономикасын әртараптандыру 
(диверсификациялау) қажет.
Қаланың алыс кешенді перспективада орнықты дамуының негізгі қатерлері 
ретінде табиғи қауіптер мен әлеуметтік-экономикалық қатерлерді бөліп 
көрсетуге болады.
Қала Жетісу Алатауының сейсмикалық қауіпті аймағында орналасқан. 
MSK шкаласы бойынша мұнда магнитудасы 8-9 баллға дейінгі жер сілкінісі 
болуы ықтимал. Мұнда 1993 жылдың 30 желтоқсанында және 2009 жылдың 13 
маусымында қуаттылығы 7 балл болатын жер сілкіністері тіркелген. Соңғы жер 
сілкінісінен туындаған шығын мөлшері 400 млн. теңгені құраған [74, с.79-80].
Аталған табиғи қауіп-қатерлерден бөлек мұнда тау өзендеріндегі сел қаупі де 
өте жоғары (8-сурет).
а) Шыжы өзені 
б) Қаратал өзені 
Сурет 8 - Сел әсерінен өзен арналарында қалыптасқан қойтастар мен 
тамырымен жұлынған ағаштар
(Суреттерді Д.Т. Алиаскаров түсірген, 2016 ж.) 
Сонымен қатар, қысты күндердегі бұрқасынды күндердің болуы, қар 
көшкіні, көктем-күз мезгілдеріндегі кенеттен үсіктің жүруі, нөсерлі жаңбырлар, 
т.б. табиғи құбылыстар қала дамуына ықпал ететін шектеуші факторлардың 
негізін құрайды.
Аталған қауіп-қатерлерден бөлек қала дамуын шектеуші фактор ретінде 
әлеуметтік-экономикалық қауіп-қатерлерді айтуға болады. Бұл жағдай да 
Текелі тарихында бұрын қайталанған құбылыс және қазіргі таңда да маңызын 
жоймауда. Текелі қала статусын алған уақыттан бастап (1952 ж.) ұдайы даму 
үстінде болды. Бұл тенденция 1990-жылдардың басына дейін жалғасты. 
Тәуелсіздік алған жылдардағы Қазақстанның нарықтық экономикаға 
бетбұрысы, қала құраушы комбинаттың жұмысын тоқтатуы - әлеуметтік-


36 
экономикалық жағдайдың шиеленісуіне негіз болды. Нәтижесінде көші-қон 
үдерісі күшейді, кадр тапшылығы сезілді, өндіріс көлемі азайды т.т. Бұл 
мәселені қаладағы экономикалық белсенді халықты (51,3%) еңбекпен 
қамтамасыз ету, экономиканы диверсификациялау және өңдеу өнеркәсібін 
дамыту арқылы шешуге болады.
Жезқазған – Қазақстан Республикасының орталық аймағындағы аса қуатты 
өнеркәсіп әлеуеті бар, түсті металлургияның маңызды орталықтары орналасқан, 
білім беру, мәдениет ошақтары шоғырланған аумақтың бірі. Жезқазған 
қаласының аумағын белгілі бір өзіндік ерекшеліктерімен анықталатын табиғи 
ресурстар мен өндіріс объектілерінің жиынтығы болып табылатын, түсті 
металлургия саласына маманданған біртұтас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет