27
негізделген
«Қазақстан
Республикасын
индустриялық-инновациялық
дамытудың 2010-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге
асырылуда
62
.
Индустриалды-инновациялық саясат – бұл
мемлекет арқылы бәсекеге
қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын
қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мен оларға қолдау
көрсететін шаралар кешені. Өнімнің, тауардың бәсекеге қабілеттілігі ең
алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық
қызмет шешуші мәнге ие. Дамыған елдердің экономикасының үздіксіз алға
басуы инновациялық қызметті үнемі қолдап, қуаттайтын және ынталандыратын
саясаттың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл
саясат ел экономикасының
бұзып-жарып алға шығуын қамтамасыз ететін озық технологияны, басқарудың
жаңа түрлерін, ғалымдар мен өнертапқыштардың ойлап шығарған жаңа
дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруға бағытталған.
Жалпы, президентіміздің
өзі тікелей ендіріп отырған индустриалды-инновациялық саясаттың басты
мақсаты - шикізаттық
бағыттан бас тарту, экономика салаларына инновациялық
технологияларды ендіру жолымен мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізу.
Яғни, бұл бағыттағы жұмыстар біздің ойымызша,
табиғи ресурстар өндірісіне
маманданған моноқалалардан басталуы тиіс.
Сонымен қатар, инновациялық даму мәселесі «Қазақстанның әлемнің ең
дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасының»
стратегиялық мақсаттарының бірі ретінде қарастырылған. Бұл стратегияда:
«Қазақстанның алдында қайта жаңғырту немесе ғылымды қажетсінетін
экономика
құру міндеті тұр, ол экономикалық өсуге жұмсалатын білім мен
инновациялар үлесінің өсуімен, көрсетілетін қызметтер үлесінің ұлғаюымен
және экономиканы экологияландырумен байланыстылығына
мән беріледі
63
.
Инновациялық
менеджменттің
қазіргі
және
келешектегі
басты
мәселелерінің бірі – бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып,
бәсекеге қарымы мол салаларды дамыту, сол арқылы қазақстандық кластерлер
жүйесін дамытуға жол ашу. Сонымен қатар,
жаңа технологиялар мен жаңа
экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа
жүйесі - ұлттық инновациялық жүйені жасау.
Елімізде
қабылданған
бағдарламалар
мен
стратегиялық
даму
жоспарларындағы инновациялық бетбұрыс мәселесі Қазақстан өңірлерінің де
даму стратегияларына негіз болуы тиіс. Бұл жағдай,
біріншіден
,
әлемдік
қауымдастықтың бір бөлшегі болып саналатын еліміз үшін жаңа
мүмкіндіктерге жол ашып, бәсекелестік ортаның қалыптасуына бастама болса,
екіншіден
, әлемдік қоғамдастықта жүріп жатқан инновациялық даму
үрдістеріне берілген заңды жауабы ретінде қабылдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: