53
Батыста моноқалалардағы еңбек ресурстарын оңалтудың және қолдаудың
кеңінен таралған бірден-бір тетігі - қаланың тәмамдалған функционалдық
қызметін қайта құрылымдау болып табылады.
Моноқала экономикасын қайта
құрылымдауды жүзеге асырудың екі жолын көрсетуге болады:
1.
экономиканы әртараптандыру (диверсификация): экономика секторын
және жаңа қызметтерді дамыту, соның ішінде, ғылымды қажетсінетін өндірісті
және әлемдік экономиканың үшінші секторы - үйлесімді қызмет көрсетудің
ролін күшейту.
2.
«ескі» өнеркәсіп салаларын жаңарту есебінен моноқалалар экономикасы
құрылымын қайта құру [71, р.60; 87].
Cонымен қатар, туризм және іскерлік орталықтарын құру, инновациялық
технологияларға негізделген кластерлік тәсілді жүзеге асыру,
қызмет көрсету
секторын дамыту, ландшафттық қайта құрылымдау және т.б. ЕО елдерінің
басты стратегиялық даму мақсаттары саналды.
Әртараптандыруды біртіндеп жүзеге асыру, жоғары технологияға
негізделген өнімдер өндіру, ландшафттық құрылымдау,
баламалы энергия
көздерін табу, технопарктер құру секілді тәсілдер Германия тәжірибесінің негізі
саналды. Мұнда өнеркәсіптік моноқалаларды қайта құрылымдауға қатысты ірі
AS&P корпорациясы ұсынған жоспарды атауға болады [46, с.231]. Аталған
бірлестік ұсынған Германияның өнеркәсіптік моноқалаларын жаңғыртудың
жоспары мынадай кезеңдерді қамтиды (16-сурет).
Сурет 16 - Германияның өнеркәсіптік моноқалаларын қайта құрылымдау
жоспары (Т. А. Коновалова
материалдары бойынша құрастырылды)
AS&P корпорациясы құрастырған осы тектес кешенді жоспарлар Германия
үкіметіне беріледі, кеңінен көпшілік талқылауынан өтіп,
бекіген соң аталған
Достарыңызбен бөлісу: