59
-
моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін
географияда оқытудың
мазмұндық-құрылымдық моделі құрастырылды.
Мақсаттық, мазмұндық,
технологиялық және бағалау-нәтижелік блоктардан құрылған бұл модель
моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың
әдістемесін
жетілдіріп, пәнді игерудегі мақсаттарға тиімді қол жеткізуге,
ғылыми дүниетанымның қалыптасып, дамуына оңтайлы нәтиже көрсетеді.
Ұсынылған модель мазмұнына сай әлемдік тәжірибеде инновациялық
жетістіктерімен ерекшеленген шағын қалалардың даму үлгілеріне
қатысты
деректер талданды. Бір салалы қалалар (монопрофильді) дамуының тарихи-
географиялық аспектілерін зерделеу негізінде, ескі өнеркәсіптік қалаларды
әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың іс-шараларының кешені нақтыланды.
Аталған іс-шаралар жоспарын Қазақстан моноқалаларын жаңғыртуда үлгі
ретінде пайдалануға болады. Зерттеу барысында
алынған нәтижелерді
географиялық білім беруде және қалаларды дамытуға қатысты шешімдер
қабылдауда пайдаланудың маңызы зор. Орындалған ғылыми-зерттеу
жұмысының нәтижелері өндірісте және оқу үрдісінде пайдалуға ендірілді
(Қосымша А).
Достарыңызбен бөлісу: