54
компания осы жоспарды жүзеге асырудың жауапкершілігін алады.
Мұндай
озық жобалар қатарына Рур, Франкфурт-Герст өнеркәсіпті зоналарын алдыңғы
қатарлы
ақпараттық-инновациялық
орталықтарға
айналдыру,
Берлин
маңындағы Аглесгорф әскери қалашығын ғылыми қалашыққа айналдыру, болат
өндірісімен айналысқан Айзенхюттештадт қаласы аумағын қайта құрылымдау
жобаларын атауға болады [46, с.232].
Сонымен қатар, ХХ ғасырдың екінші жартысында Рур өңірінің
монобейінді қалаларында болған келеңсіз жағдайлардың (өндірістің
құлдырауы, халық санының күрт қысқаруы, жұмысссыздық және т.б.)
алдын
алуға бағытталған іс-шаралар қазіргі Қазақстандағы моноқалаларға қатысты оң
тәжірибе болар еді. Мысалы, Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі Мюнстер
қаласында қазіргі кезде ел бойынша ең төмен жұмыссыздық (6,1%) тіркелген.
Неміс ғалымдарының зерттеуінше, Мюнстер тез арада білім орталығы ретінде
қалыптасып, жаңа даму бағытын ұстанған: қазіргі кезде Мюнстер
университетінде 45 мың студент білім алуда. Студенттер қала халқының
шамамен 1/6 құрайды [90, р.143-144]. Бұл моноқалалардың білім мен ғылым
саласына инвестиция салынған жағдайда қаланың болашақ дамуына үлкен
серпін әкелетінін дәлелдейді.
Чехияда экономикалық жаңғырту мәселесін
шешуде туристік әлеуетті
жүзеге асыруға және қала құраушы кәсіпорынды бәсекеге сай жаңартуға
басымдық берілген. Мысалы, халық саны жөнінен 3-орындағы қазіргі Острава
қаласы XVIII ғ-да көмір кені аумағындағы шағын елді-мекен ретінде
қалыптасты. Өндірістің дамуы инфақұрылымның дамуына жол ашты.
Халықтың басым бөлігі шахталарда және металлургиялық «Витковице»
зауытында жұмыс істеді. 1998 жылы әр-түрлі факторлар әсерінен көмір өндірісі
және зауыт қызметі тоқтады. Билік жоспарына сәйкес моноқаланы мұражай-
қала түрінде дамытуға басымдық берілді. Мұнан өзге дағдарыстан шығудың
үш бағыты таңдалды: 1) қаладағы өндірістік ғимараттарға
назар аударарлық
мәртебесін
беру,
оның
ішінде
«Витковице»
зауытына;
2)
қала
инфрақұрылымын дамыту; 3) қызмет көрсету секторын әртараптандыру [77,
б.462].
Қайта құрылымдауда анықталған институционалдық орта жасау қайта
құру тиімділігін арттырады және маңызды рөл атқарады. Дамыған шет елдерде
моноқалалардағы жұмыссыздықпен күресудің және жұмыспен қамтуды
басқарудың теориялық тәсілдері мен тәжірибелік құралдардың толық жүйесі
құрылған. Сонымен бірге, экономиканы қайта құрылымдауды жүзеге асырудың
да өзіндік жолдары бар. Олар: моноқалалар экономикасын әртараптандыруға
бағытталған даму үлгісін қалыптастыруға,
инновациялық технологиялар
жасауға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, ішкі ортадағы қауіптерді
азайтуға бағытталған іс-шаралар кешеніне негізделген.
Мысалы, біздің зерттеуімізге негіз болған және шет елдердегі озық
тәжірибелерді мономаманданған қалалардың постиндустриялық даму үлгісін 3-
кестеге топтастырдық.
55
Кесте 3 - Моноқалалардың даму үлгісін құрудағы шет елдер тәжірибесіне
шолу
71, б. 60-61
Моноқала
Қайта құруға дейінгі қала
құраушы салалар
Постиндустиялық немесе
инновациялық даму үлгісі
Пулман (АҚШ)
Машина жасау
Туризм орталығы
Янгстаун (АҚШ)
Қара металлургия
Логистика, білім және ғылым
орталығы
Бирмингем (АҚШ)
Қара металлургия
Медициналық және
технологиялық орталық
Питтсбург (АҚШ)
Қара металлургия
Инновациялық-сервистік орталық
Солтвиль (АҚШ)
Химия
өнеркәсібі
Туризм және іскерлік орталық
Эллиот-Дейк (Канада)
Уран кені өндірісі
«Зейнеткерлер Меккесі»
Хаддерствилд
(Ұлыбритания)
Машина жасау, тоқыма
өнеркәсібі
Инновациялық-іскерлік орталық
Эмшер-Парк
(Германия)
Көмір өндірісі өнеркәсібі,
болат өндірісі
Инновациялық орталық
Хелмонд (Нидерланды)
Тоқыма өнеркәсібі,
металл
өңдеу
Технологиялық орталық
Кируна (Швеция)
Темір өндірісі
Туризм және әуеғарыштық зерттеу
орталығы
Острава (Чехия)
Қара металлургия
Қызмет көрсету орталығы
Теннант Крик
(Аустралия)
Алтын кені өндірісі
Туристік-логистикалық орталық
Камаиси (Жапония)
Болат құю өндірісі
Электроника және технологиялық
Дамыған шет елдер тәжірибесін талдау барысында,
дағдарыстық
жағдайдағы моноқалалардың экономикасын әртараптандыруда немесе даму
бағытын қайта құруда мемлекеттік және муниципалдық іс-шаралар кешенінің
маңызы зор. Талдау нәтижесінде қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін
әлеуметтік, экономикалық және заңдық деп топтастырдық (17-сурет).
56
Сурет 17 - Дағдарыс жағдайындағы моноқалалар экономикасын
әртараптандырудағы іс-шаралар кешені (үлгі)
Шет елдер тәжірибесі көрсеткендей, монопрофильді (бір бейінді) құрылымның
даму институтын қалыптастыруда әлеуметтік мақсаттағы мемлекеттік және
муниципалдық іс-шаралар кешенінің маңызы зор.
Оларды төмендегідей етіп
топтастыруға болады:
•
Достарыңызбен бөлісу: