44
инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың мақсаты мен
міндеттерінің орындалуы, осы блокта атқарылатын жұмыстармен тығыз
байланысты. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту түрі
күрделілігі жөнінен айырмашылық жасайды. Осы құрылымдағы орындалатын
жұмыстар білім алушылардың белсенді жұмыс жасауына ммүкіндік береді
және дамуына ықпал етеді.
Бағалау-нәтижелік блок
– алға қойған мақсат-міндеттердің, оқыту
мазмұны мен технологиялық іс-әрекеттердің өзара жүйелі байланысының
нәтижелерінен тұрады. Яғни, мазмұндық-құрылымдық модельдің мақсаттық,
мазмұндық және технологиялық кезеңінде орындалған жұмыстар, орта және
жоғары білім алушылардың бойында танымдық, ақпараттық, шығармашылық,
коммуникативтік, зерттеушілік, тұлғалық қасиеттерін дамытуға негізделіп
орындалған. Алынған нәтижелер жоғары және орта білім алушылардың
деңгейін анықтайды. Жалпы алғанда, біздің зерттеу жұмысымыздың
технологиялық картасы немесе мазмұндық-құрылымдық моделі білім
алушылардың білім, білік дағдыларының тереңдеуіне, зертттеушілік
құзіреттерінің дамуына, ақпараттық технологияларды еркін игеруіне мүмкіндік
береді.
Біз
ұсынған
мазмұндық-құрылымдық
модель
моноқалалардың
инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың мәселелеріне арналды.
Бұл модель бойынша орындалған жұмыстар Қазақстан моноқалаларындағы,
оның ішінде Текелі мен Жезқазғандағы жағдайды танып-білуге, тиімді
шешімдер қабылдауға мүмкіндіктер береді. Осы ретте, зерттеу жұмысын тек
біржақты қарастырып қоймай, оны әртараптандыру қажет деп таптық. Яғни, тек
отандық тәжірибелерді ғана талдап қоймай, инновациялық жетістіктерімен
ерекшеленген әлемдік тәжірибедегі моноқалалардың дамуын зерделеудің
маңызы зор. Бұл жағдай біздерге болашақта моноқалаларды инновациялық
дамытуға қатысты тиімді шешімдер қабылдауға, білім алушылардың танымдық
құзіреттіліктерінің дамуына септігін тигізері анық.
Бүгінде қалалардың инновациялық орталық ретінде дамуы тек әлемдік
және аймақтық маңызы бар ірі қалаларға ғана тән құбылыс емес. Шағын
қалалар да инновациялық жетістіктерімен ерекшеленіп, әлем таныған брендтік
өнімдер шығаруда. Бұл ретте, мысалды ел тұрғындарының күнделікті
қажеттіліктерін өтеп жүрген тәжірибелерден келтіруге болады. Мысалы, кез-
келген ел тұрғынының немесе кеңсе қызметкерінің компьютеріндегі
«Microsoft» бағдарламалық өнімдері АҚШ-тың шағын ғана Редмонд қаласында
(халқы 53 680 адам) жасалады және компанияның бас штаб-пәтері де осы
қалада орналасқан. Автокөлік шиналарының әлемдік алыбы «Michelin»
компаниясының өнімдері Францияның 140 мың ғана халқы бар Клермон-
Ферран қаласынан өндіріліп, әлемге тарайды. Әуе тасымалы бойынша әлемдегі
ең сенімді «Airbus» әуекомпаниясының бас штаб-пәтері осы елдегі 27 мың
халқы бар Бланьяк қаласында орналасқан. Бұл да көптеген ел азаматтарының
күнделікті өмірінде қауіпсіз қызметімен танылған. Телекоммуникациялық
жабдықтар мен ұялы байланыс құрылғылары өндірісіндегі әлемдегі жетекші
Достарыңызбен бөлісу: