39
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты
қоршаған ортаның сапасын
тұрақтандыру, адам тіршілігі үшін қолайлы ортаны қалыптастыру, болашақ
ұрпақ үшін табиғат ресурстарын қорғау болып табылады. Сондықтан қазіргі
кездегі экологиялық ахуал адамзат баласын ойландыратын ғаламдық мәселеге
айналып отыр.
Жезқазған
моноқаласының
тұрақты
дамуын
тежейтін
негізгі
факторлардың бірі – қоршаған орта сапасының нашар жағдайы. Қаладағы
экологиялық қолайсыздықтың негізгі мәселелеріне: атмосфералық ауаның
ластануы,
тұрмыстық
қалдықтардың
уақтылы
тазартылмауы,
күл
үйінділерінің жиналуы, үйінділер мен кен өндіруші кәсіпорындардың қалдық
сақтауыштары көлемінің үлкендігі, қатты отынмен жұмыс істейтін көптеген
шағын қазандықтардың ластаушы заттарды шығаруы болып табылады (10, 11-
суреттер).
Сурет 10 – Жезқазған қаласында
ластағыштардың таралуы
Сурет 11 – Террикондар маңындағы
күл үйінділері
(Суреттерді түсірген Д.Т. Алиаскаров, қазан 2015 ж)
«Қазгидромет» РМК Экологиялық бақылау
департаменті келтірген
деректерге сүйенсек, Жезқазған қаласы бойынша соңғы бесжылдықтың 4
жылында атмосфералық ауаның сапасы құрамында қауіпті заттектердің жоғары
күйінде қалуымен сақталуда (12-сурет). 2014-жылғы мәліметтер бойынша
Жезқазған қаласы Қазақстандағы жоғары деңгейде ластанған 7 қаланың
(Қарағанды, Теміртау, Лисаковск, Алматы, Өскемен, Шымкент) (АЛИ
5
≥ 7)
қатарына кірген.
Қарағанды облысы статистика департаменті келтірген мәліметтер
бойынша атмосфералық ауаны ластаушы көздер саны – 247 бірлікті құрайды.
Ластаушы көздерден атмосфераға шығарылған зиянды заттар көлемі 2014-
жылы – 27,3 мың т құрады
78
. Түтін тұрғын үйлер
орналасқан зонаға қарай
бағытталатынын зерттеу ауданында болған кезде көз жеткіздік.
Сұйық және газ тәріздес заттар құрамында күкіртті ангидрид, көміртегі
тотығы, азот тотығының мөлшері жоғары. 2010-жылғы көрсеткішпен
салыстырғанда 2014-жылы атмосфераға шығарылған зиянды заттар көлемі
33,7%-ға төмендеген. Қоршаған ортаны ластаушы көздер негізін «Қазақмыс
корпорациясы» ЖШС құрамына кіретін кәсіпорындар құрайды. Бұл
40
кәсіпорындар қаланың өнеркәсіптік белдеуін құрайды. Аталған өнеркәсіптік
белдеу құраушы кәсіпорындар қаланың шығыс, оңтүстік және батыс аймағында
орналасқан.
Өндірістік зона аумағынан атмосфераға
шығаратын негізгі
ластаушы заттарының қатарына (құрамына күкітті мыс, күкіртті қорғасын
кіретін) бейорганикалық шаң, азот тотығы, күкірт диоксиді, көміртегі тотығы,
көмір шаңы, көмір сутегі, мырыш, қорғасын, мыс және алюминий бөлшектері,
ағаш шаңы, күкірт сутегі, күкірт көміртегі, т.б. заттар жатады.
Зерттеу барысында қала ауасын ластаушы «Қазақмыс» корпорациясының
өндіріс орындарының басым бөлігі қаланың шығыс және оңтүстік-шығысында
өндірістік зонада орналасқанын анықтадық (12-сурет). Атмосфералық ауаны
ластаушы көздердің
шығыс-оңтүстік-батыс
бағыттағы темір жолы бойымен
қоршай орналасуы, қоршаған ортаға қауіпті
заттектердің таралуы қала
тұрғындарының қолайлы табиғи ортада өмір сүруін шектейді. Тастанды
заттардың ұйымдасқан көздері болып биіктігі 14 м-ден 46 м-ге дейін жететін
мұржалары болып табылады. Осы себепті кәсіпорындардан бастап тұрғын
үйлерге дейінгі арақашықтықтар мүлде экологиялық талаптарға сай емес
екендігі анықталды.
Сурет 12 – Қоршаған орта жағдайы және өндірістік кәсіпорындар
Кәсіпорындар мен тұрғын үйлер аралығында санитарлық-қорғау
аумағының болмауы ластаушы заттардың қалалық ортаға жел әсерімен тікелей
кедергісіз өтуіне негіз болады. Жел бағытының өндірістік
белдеудегі негізгі
41
ластаушы көздер аумағынан соғуы, қаланың негізгі бөлігінің ойпатты-жазықта
орналасуы қаладағы қоршаған орта жағдайын шиеленістіре түседі.
Жезқазған қаласының өнеркәсіптік дамуының экологиялық салдарлары
қатарына атмосфералық ауаның ластануымен қатар, топырақтың, ауыз судың
және су қоймаларындағы балықтардың химиялық ластануы, тұрғын халықтың
ауруларының көбеюі жатады. Қала маңындағы жерүсті суларының
гидрохимиялық жағдайы бойынша: Кеңгір бөгенінде жоғарғы ластану
көрсеткіші тіркелсе, Қара Кеңгір өзеніндегі жағдай төтенше ластану жағдайына
жеткен (СЛИ
10,0). Негізгі ластаушы ингредиенттерге мыс, мырыш, марганец,
сульфаттар
жатады
79
. Соңғы онжылдықтағы «экологиялық» аурулардың
(тыныс алу органдарының аурулары, жүрек және қан тамырлар жүйесінің
аурулары, ас қорыту органдарының аурулары) өсуі, Жезқазған сияқты ресурсқа
бай өнеркәсіптік моноқалада әлеуметтік шиеленісті тудырды. Сондықтан
моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық, экологиялық мәселесі қалалық
саясатты тиімді жүргізумен тығыз байланысты.
Жоғарыда келтірілген талдаулар нәтижесі, Текелі
және Жезқазған секілді
қала түзуші кәсіпорынның айналасында қалыптасқан моноқалалардың
жағдайы
барынша қиын дәрежеде қалып отырғанын нақтылады. Бірақ та, аталған
қалалардың жергілікті ерекшеліктері аталған мәселелерді шешуге мүмкіндіктер
береді. Мысалы, Текелі қаласы жағдайында туризм түрлерін дамытуға,
агроклиматтық ресурстарды тиімді пайдалануға, табиғи-ресурстық әлеуеті
арқылы «жасыл» дамуға мүмкіндіктерінің болуы, талдау жұмыстары
барысында көз жеткізілді. Ал, Жезқазған жағдайында
қаладағы жоғары білім
беру ұйымының әлеуетіне көңіл бөліп, қала мамандануы бойынша тау-кен
кластерін құруға, кеңістіктік артықшылығын, көлік жолдарын қала дамуында
тиімді пайдалануға болады. Сонымен қатар, бұл қалалардағы ертеден
қалыптасқан
индустриялық
кәсіпорындарды
инновациялық
даму
бағдарламалары шеңберінде қайта құрылымдауға, әлемдік және кейбір отандық
тәжірибелерді ескере отырып, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау іс-шараларына көңіл бөлінуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: