Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері


Моноқалалардың инновациялық даму үрдістерінің географиялық



Pdf көрінісі
бет18/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

1.2 Моноқалалардың инновациялық даму үрдістерінің географиялық 
білім берудегі орны 
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы 
талабы әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге 
қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, 


28 
зерттеу және шығармашылық құзыреттерін 
дамыту мүмкіндіктерін көздейді. 
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – бәсекеге 
қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық 
және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік 
жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады [64]. 
2016 жылдың 23 қарашасында ҚР Білім және ғылым министрлігі 7-9 
сыныптарға арналған негізгі орта білім берудің жаңартылған білім беру 
мазмұнынын «География» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасын бекітті. Оқу 
бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына 
сәйкес келеді. «География» оқу пәнінің мақсаты – дүниенің географиялық 
бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау қабілеті дамыған, 
географияның әдістері мен тілін білетін және қолдана алатын, географиялық 
мәдениеті бар тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Пәннің алға қойған 
міндеттері – дүниенің географиялық бейнесін ашу, білім алушылар бойында 
табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс, олардың кеңістіктік 
ерекшеліктеріне деген ғылыми көзқарасты дамыту, білім алушылардың 
географиялық зерттеу әдістері мен дағдыларды меңгеруіне жағдай жасау, 
география ғылымының терминдері мен ұғымдарын білу, кеңістіктік ойлау және 
картографиялық дағдыларды, географиядан алған білімдерін іс жүзінде, 
күнделікті өмірде пайдалана алу дағдыларын қалыптастыру [65]. 
Типтік оқу бағдарламасында ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық 
немесе практикалық сипаттағы мәселелерді шешу бойынша нәтижеге 
бағытталған білім алушының немесе білім алушылар тобының оқу-танымдық 
іс-әрекеті туралы айтылған. Ол жалпы мақсатпен, белгілі бір әдіспен, 
әрекеттердің орындалу реттілігімен, толық қабылданған шешім және 
нәтижелермен, алынған нәтиженің белгілі бір тәсіл арқылы рәсімделуімен 
сипатталады. Осы ретте, біздің зерттеу жұмысымызға негіз болған Қазақстан 
моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың, білім 
беру мазмұнындағы орнын анықтаудың, оқу бағдарламасындағы негізгі 
ұстанымдармен сәйкестігін нақтылаудың қажеттілігі туындайды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика Комитеті келтірген 
деректері бойынша ел халқының (жалпы халық саны 18,0 млн.адам) 57,5%-ы 
қалалы жерлерде тұрады 

66

. Осы халықтың 16,8%-ы ҚР Үкіметінің 2012-2020 
жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасында бекітілген 27 
моноқаласында қоныстанған. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардағы 
нарықтық экономикаға бетбұрысы, еліміздегі және әлемдік нарықтағы қаржы-
экономикалық дағдарыстың әсері - моноқалалар экономикасының әлсіреуіне, 
көші-қон легінің артуына, әлеуметтік жағдайдың шиеленісуіне негіз болды. 
Нәтижесінде моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді перспективада орнықты 
әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында жоғарыда аталған бағдарлама 
қабылданған болатын. Бағдарламада қамтылған қалалардың мамандану қызметі 
шикізат өндіруге және өңдеуге негізделген 

33

. Қазақстанның депрессиялық 
өңірлері ретінде саналатын бұл қалалардың экономикасы - қала құраушы 
кәсіпорындар қызметіне тәуелді болды. Мономамандану, қала құраушы 
кәсіпорын қызметіне тәуелділік – мономаманданған шағын қалаларда, соның 


29 
ішінде біздің зерттеу жұмысымызға негіз ретінде алынған Текелі және 
Жезқазған секілді қалаларда ауқымды мәселелердің шоғырлануына бастама 
болды. 
Яғни, 
моноқалалардағы 
әлеуметтік-экономикалық 
мәселелер, 
индустриалды-инновациялық дамыту бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар, 
жаңартылған мазмұндағы географиялық білім берудегі орнын айқындап берді 
(4-сурет).
Сурет 4 – Жаңартылған мазмұндағы географиялық білім берудегі орны 
Моноқалалардағы түйткілді мәселелердің шешімдерін қарастыру, 
инфрақұрылымының жағдайын талдау, қала дамуына әсер ететін және 
шектейтін (блокиратор) факторлар тобын анықтау, жергілікті ерекшеліктерін 
тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар жүйесін әзірлеу - жаңартылған 
мазмұндағы географиялық білім берудің негізгі мақсат, міндеттеріне толық 
сәйкес келеді. Географиялық кешенді зерттеу әдістерін пайдалана отырып, 
мұны біз зерттеу жұмысымызға негіз ретінде алған Текелі және Жезқазған 
қалалары мысалында жүзеге асырдық.
Текелі - Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласынан оңтүстік-
шығысқа қарай 40 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 950-1600 м биіктікте, 
Жетісу Алатауы таулы ауданында орналасқан қала (5-сурет). Аумағы 0,1 мың 
км
2
(61,33 га). Қаланың әкімшілік-аумақтық құрамына Рудничный кенті де 
кіреді (тұрғыны 1000 адам). 
Қазіргі Текелі қаласының «моноқала» ретінде қалыптасуының тарихи-
географиялық кезеңдері: 

Қаланың іргесі 1911 ж. қаланды, 1927 ж. кент мәртебесі берілді. 

1933 ж. инженер-геологтар М. Юдичев пен М. Қабылбековтың зерттеу-
барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзенінің жағалауынан полиметалл 
кен орны ашылды. Кен орны туралы алғашқы ғылыми деректер А.И. Шренк, 
П.П. Семенов-Тянь-Шанский, И.В. Мушкетов, А.В. Обручев еңбектерінде 
кездессе, бастапқы зерттеу жұмыстарын Е.А. Немов, Т.Н. Шадлун, Б.А. Вейц, 
Оқу мақсаты
9.5.2.5 Қазақстанның инновациялық 
инфрақұрылымының жағдайын талдап, 
дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді
9.5.2.6 Қазақстан өңірлерінің
инфрақұрылымын талдап, проблемаларды 
шешу жолдарын ұсынады 
Бөлімше
5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар
Оқу пәнінің мазмұны 
5-бөлім. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ


30 
кейіннен Х.И. Мурсалимов, Г.Б. Паталаха, Ш.А. Байкенов, Е.А. Әлпиев т.б. 
жүргізген.
Сурет 5 – Текелі қаласының географиялық орны 
(Суреттерді Д.Т. Алиаскаров түсірген, 2016 ж.) 

1935-37 жж. барланып, қоры есептелінген Текелі полиметалл кені 
құрылымы жағынан Текелі-Көксу кентасты алаңында орналасып, Оңтүстік 
Жоңғар антиклинорийінің солтүстік қанатымен ұштасып жатыр. Кенді алаң 
көлемінде орталық рифейдің Текелі свитасын құрайтын әктасты-тақтатасты 
шөгінді тау жыныстары кең тараған. Кентастың басты минералдары: пирит, 
офалерит, галенит. Негізгі металдары мыс пен мырыш, қорғасын, олардан басқа 
күміс, алтын, висмут, кадмий, ванадий, скандий, т.б. платина тобындағы 
металдар кездеседі. 

1937 ж. кен орнын игеру мақсатында Текелі қорғасын-мырыш 
комбинатының құрылысы басталды.

1942 жылдан бастап кен өндіру және өңдеу жұмыстары жүргізіле 
бастады. Комбинат құрамында Текелі, Көксу, Тұйық кеніштері мен 2 кен 
байыту фабрикасы, бірнеше қосымша цехтар жұмыс істей бастады.

1952 ж. 29 қаңтарда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «қала» 
статусы берілді. Құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуі және комбинат 
жұмысының толық циклда жұмыс жасауы елді-мекенге «қала» статусын беруге 
негіз болды.


31 

1971 ж. Текелі қорғасын-мырыш комбинаты кен өндірудегі жоғары 
өнімді технологияны өндіріске енгізгені үшін КСРО халық шаруашылығы 
көрмесінің алтын және қола медальдарымен марапатталған.

1996 ж. жоғары сапалы (45%) рентабельді кентас қабатының бітуіне 
байланысты комбинат жұмысы тоқтады. Бүгінде, жиналып қалған клинкерді 
(қалдықтарды) өңдеумен бір ғана цех жұмыс істеп тұр 

67, б.325-326

.
Текелі қаласының қазіргі таңдағы жағдайымен, өнеркәсіп орындарының 
жұмысымен және болашақ даму мүмкіндіктерімен танысу барысында жасалған 
ғылыми мақсаттағы іссапар нәтижелері SWOT-талдау жасауға негіз болды (6-
сурет). 
Сурет 6 – SWOT-талдау: Текелі қаласының заманауи жағдайы 
Геоэкологиялық 
«жайлы» 
зонада 
орналасқан 
бұл 
қаланың 
артықшылықтары қаланың даму перспективасын анықтауға мүмкіндік береді. 
Текелі еліміздің оңтүстік-шығысында орналасқан макроөңірлермен, атап 
айтқанда ҚР ЖӨӨ-нің 20,9%-н беретін «бірінші деңгейдегі» Алматы қаласымен 
[52

, Алматы агломерациясының тартылыс зонасындағы шағын қалалармен 
және «екінші деңгейлі» (облыс орталығы - Талдықорған) перспективалық өсу 
орталықтарымен темір жолы, еуропалық стандарт бойынша салынған 
автомобиль жолдары арқылы байланысқан. Бұл байланыстар экспорт-импорт 
алмасуларына, жүк тасымалына, тұрақты экономикалық даму көрсеткіштеріне 
оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, Текелінің облыс орталығына жақын 
орналасуы Талдықорған қаласына серіктес қала ретінде дамуына мүмкіндік 
береді. 166 мың халқы бар нарыққа ауыл шаруашылығы мен құрылыс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет