Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет15/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

Сапалық критерийлер 
Сандық критерийлер 
Барлық әлеуметтік және экономикалық 
процестерді анықтайтын қала құраушы 
кәсіпорынның болуы 
Елді-мекендегі экономикалық белсенді 
халықтың 20%-тен астамы қала құраушы 
кәсіпорында жұмыс жасауы 
Қала халқының жұмыспен қамтылуының 
төмен диверсификациясы (біркелкі кәсіби 
құрам) 
Ірі 
немесе 
бірнеше 
кәсіпорындарда 
жұмыспен қамтылғандар үлесінің 20%-тен 
артық болуы 
Қала бюджетінің негізгі табыс көлемі қала 
құраушы бір немесе бірнеше кәсіпорынның 
қызметіне тәуелділігі 
Елді-мекендегі жалпы өндірістің 50%-тен 
астамы бір саланың үлесіне тиесілі болуы 
Ұйымдардың немесе қала тұрғындарының 
өздігінен сыртқы экономикалық ортадағы 
қаіптерді 
басқаруға 
қабілетінің 
жеткіліксіздігі 
Қала халқының кем дегенде 30%-не 
қызмет ететін әлеуметтік-коммуналдық
және 
инженерлік 
инфрақұрылымдар 
ғимараттарының қала құраушы кәсіпорын 
балансында болуы 
Сыртқы ортамен байланысты қамтамасыз 
ететін дамыған инфрақұрылымнан тыс 
қалушылық; басқа елді-мекендерге, әсіресе 
ірі қалаларға миграциялық бейімділігі
Қала 
құраушы 
кәсіпорыннан 
қала 
бюджетіне түсетін табыстың 20%-тен 
жоғары үлесі тиесілі
Қазіргі таңдағы климаттың өзгеруі, инновациялық және технологиялық 
жетістіктер, әлеуметтік қажеттіліктердің өсуі, қаржылық дағдарыс секілді іргелі 
өзгерістер әлем қалаларының «ойын алаңын» өзгертуге негіз болуда. Қалалар – 
адамзаттың тіршілік ортасы ретінде ғана емес, қоғам дамуының барометрі 
қызметін атқаруда. Яғни, қоғам дамуының негізгі жетістіктері қалалық ортада 
көрініс беруде. Осы ретте, қалалар дамуының болашағын қарастырғанда, оның 
қызметі мен аумақтық масштабына байланысты 3 түрін атап өтуге болады: 
-
«Ғаламдық қалалар». Бұл - әлемдік басқару орталықтары мен ірі 
биржалар шоғырланған ірі миллионер-мегалополистер. Мұндай қалалар әлемде 
үшеу (Лондон, Нью-Йорк, Токио) және бірнеше қалалар бұл статусқа үміткер 
(мысалы, Сингапур, Шанхай, Гонконг және т.б.). Болашақта ғаламдық қалалар 
постиндустриалдық экономиканың тасымалдаушысы, инновация, ақыл-ой, 
медиаөндіріс, қаржы және консалтингтік қызметтердің орталығы ретінде дами 
түседі.
-
«Аймақтық индустриялық қалалар». Халқының саны 800 мыңнан асатын 
миллионер-мегаполистер жатады. Бұл қалалар қызметі көпсалалы экономикаға 
негізделген. Сонымен қатар, қала дамуында постиндустриалдық даму белгілері 
қатар көрініс береді. Мысал ретінде еліміздің Алматы қаласын келтіруге 
болады. Алматы - еліміздегі ЖӨӨ (20,9%) 

52

көрсеткіші бойынша бірінші 
орында және Орта Азия аймағы мен РФ-ның бірқатар аймақтарынан 
айтарлықтай алда болуымен ерекшеленетін, яғни аймақтық локомотив қызметін 
атқаратын қала. Мұнда өндірістік қызметтерден бастап, постиндустриалдық 
экономикаға негіз болатын (қызмет көрсету, ғылым, инновациялық 
технологиялар, логистика, қаржы және т.б.) барлық салалар қызметі 
шоғырланған. Бұл топтағы қалалардың дамуы - ұлттық мемлекеттердің өсу 


23 
нүктелері қызметін атқарумен қатар, «ақыл-ой» қоғамын құруға негіз болады.
-
«Шағын қалалар». 300 мыңнан аз халық саны бар қалалар. Бұл 
қалалардың басым көпшілігіне индустриялық-инновациялық дамудың нашар 
көрінісі, қала құраушы кәсіпорын қызметіне тәуелділік тән. Аталған 
қалалардың болашақтағы тұрақтылығына негіз ретінде қызмет көрсету саласын 
дамыту, жергілікті ерекшеліктерін тиімді пайдалану, экономикасын 
әртараптандыру, тұрғындар өміріне қолайлы орта қалыптастыру секілді іс-
шаралар кешенін атауға болады. Яғни, заманауи тілмен айтар болсақ, аталған 
қалалардың инновациялық дамуын қамтамасыз ету қажет. Осы ретте, 
«қалалардың инновациялық дамуы» ұғымына мән берудің қажеттілігі 
туындайды. 
Экономика дамуының маңызды факторы ретінде бүкіл әлем мойындаған 
ғылыми-технологиялық прогресс көбіне инновациялық процесс түсінігімен 
байланысты. Бұл өз кезегінде ғылымды, техниканы, экономиканы, кәсіпкерлікті 
және менеджментті біріктіретін жалғыз процесс. Ол инновацияны алу мен жаңа 
идеяның тууынан бастап, оның коммерциялық жүзеге асуына дейінгі 
қалыптасуынан құрылады 

53, б.28

. Инновациялар нарықтық экономикада да 
бәсекелестікті арттырудың, экономикалық өсуді қамтамасыз етудің, халықтың 
өмір сүру деңгейін арттырудың негізгі шешуші факторы ретінде сипатталады. 
Сол инновациялар арқылы экономиканы жаңа технологиялық негізге көшіру, 
жаңа өнімдерді шығару, түбінде тұрғылықты өсу траекториясына шығу 
қамтамасыз етіледі 

54

.
Қазіргі дүниеде халық пен экономикалық әрекеттің шоғырлануына 
қарағанда, инновациялардың кеңістік шоғырлануы артып отыр. Зерттеушілер 
мен саясаткерлер арасында экономикалық дамудағы инновациялардың ролі 
туралы жиі айтылады. Осло Нұсқаулығында инновация деп «жаңа немесе 
едәуір жетілдірілген өнімді (тауар немесе қызмет) немесе процесті, 
маркетингтің жаңа әдісін немесе іскерлік тәжірибесіндегі жаңа ұйымдастыру 
әдісін қолдануды» атайды [55, с.31]. Америкалық Ұлттық ғылыми қор (National 
Science Foundation) инновацияны «қоғам үшін құндылықты жасауға алып 
келетін жаңалық» ретінде сипаттайды [56].
Бүгінде «инновация» термині қоғамның әр түрлі салаларында кеңінен 
танылған кілтті сөздердің бірі. Латын тілінен алынған бұл терминнің қазақша 
мағынасы «жаңару, өзгеру» дегенді білдіреді. Қазіргі таңда «инновация» ұғымы 
тек жоспарлауда немесе экономикалық географияда ғана емес, саясат 
сахнасында да кеңінен өріс алып, драйвер қызметін атқаруда және қалалық орта 
жағдайында «басқыншылық» танытуда [57, p.1786]. Алғашында бұл термин 
американдық экономист Й.А. Шумпетердің «Экономикалық даму теориясы» 
(1934 ж.) еңбегінде «экономикалық инновациялар» деген атпен қолданылды [6].
1970 жылдары белгілі британдық экономист К.Фримен «ұлттық инновациялық 
жүйе» тұжырымдамасын ұсынды. Мұнда инновациялардың адам еңбегі 
өнімділігін арттыратынына мән берілді. Уақыт өте келе, аталған 
тұжырымдаманың кеңістіктік салдарынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет