«
Nokia Corporation» трансұлттық компаниясының да бас штаб-пәтері
45
Финляндияның Эспоо шағын қаласында орналасқан. 150-ден астам мемлекетке
экспортқа шығарылатын компания өнімдері қазақстандықтардың күнделікті
қажеттіліктерін өтеуде
80
. Туризм кластерін құру арқылы әлемге танылған
Түркияның көптеген шағын қалалары да (Кемер, Бодрум, Аланья т.б.) ел
тұрғындарының демалыс уақытын өткізетін орындарға айналған. Соңғы
аталған қалалардағы инновациялық жетістіктер қатарына туризммен бірге күн
энергиясы (solar energy) өндірісін де атауға болады. Шағын қалалардың күн
энергиясына бағытталуы, Түркияның Еуропа бойынша балама энергия тұтыну
көрсеткіші жөнінен Германиядан кейінгі орынға шығуына негіз болуда. Яғни,
жоғарыда келтірілген мысалдар мен талдаулар нәтижесі әлемде тек ірі
қалалардың ғана инновациялық орталыққа негіз болатынын көрсетпейді, шағын
қалалардың да бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы жетістіктерге жетуге
болатынын көрсетеді. Осы ретте, еліміздегі өнеркәсіптік және табиғи-
ресурстық әлеуеті жоғары саналатын Текелі мен Жезқазған секілді
моноқалалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көңіл бөлуді қажет етеді.
Қала дамуы – әртүрлі әлеуметтік және экономикалық мақсаттардың
жиынтығы ретінде қарастырылатын, көп өлшемді және көп аспектілі процесс.
Моноқалалардың кешенді дамуы үшін оның аумағында жүретін әлеуметтік-
экономикалық үдерістердің өзара байланысымен қатар, олардың қоршаған
ортамен үйлесімді қарым-қатынасы, мемлекеттік және жергілікті жердегі даму
мүдделеріне сәйкес келуі шарт. Моноқаланың айрықша жүйе ретіндегі тұрақты
дамуына қол жеткізу ең алдымен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын
сақтау және оның ортасын адам өміріне қолайлы етумен байланысты. Өйткені
тұрақты, жайлы және экологиялық қалаларды қалыптастыру адамзат
тарихындағы ең үлкен жетістік болуы мүмкін [81].
Мономаманданған қалалар мәселесі қазіргі таңда тек Қазақстанның ғана
емес, әлем елдерінің басым көпшілігінде күн тәртібіндегі өзекті мәселелер
қатарында. Ресурс көздері маңында қалыптасқан бұл қалалар әлемдік
нарықтағы шикізат сұранысына, қаржы-экономикалық дағдарысқа, саяси
шешімдерге, мемлекеттік мақсаттардың өзгеруіне және т.б. факторларға тікелей
тәуелді. Аталған факторлардың моноқалалар өміріне әсер ету салдары бірінші
кезекте, әлеуметтік және экономикалық салаларда жағдайдың шиеленісуіне
негіз болады. Бұл өз кезегінде қоғамда жұмыссыздар санының артуына, еңбек
ресурстарының миграциясына, кәсіпорындар қызметіндегі өнімділіктің
төмендеуіне жол ашады. Яғни, қала өмірінде регрессиялық кезең басталады.
Дағдарыс кезеңінде қаладағы жағдайды тұрақтандыру, әлеуметтік және
экономикалық салалардағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастырудың қажеттілігі
күн тәртібіндегі мәселеге айналады. Осы ретте, тиімді шешімдер қабылдау
үшін, аталған мәселені жүйелі шеше білген шет елдер тәжірибесін зерделеудің
маңызы зор.
Аустралияда дағдарыстық жағдайдағы моноқалалар мәселесінің шешімі -
қала экономикасын әртараптандыруға және жұмыс күшін өзге аумақтарға
орналастыруға негізделген.
Теннант Крик - Аустралияның Солтүстік жерлер аумағындағы шағын қала.
1930-жылдардағы Аустралияның алтын өндірісіндегі орталықтардың бірі. Бұл
46
жердегі табиғи қордың сарқылуы инвестициялық компаниялардың кетуіне негіз
болды. Соңғы қалған бір компанияның жұмыскерлерінің саны 300-ден 40
адамға дейін қысқарды. Қаланың дағдарыстық жағдайына алаңдаған билік
экономиканы оңалтуға негізделген іс-шаралар кешенін қабылдайды. Ол
бойынша қаланың географиялық орналасуын, табиғат жағдайын және
ифрақұрылымын тиімді пайдалана отырып, қаланың даму үлгісін қайта
құрудың қажеттігі туындады. Өңірге темір жол салу арқылы көлік қызметін
дамытуға көңіл бөлді. Бұл қаланың аумақтық логистикалық орталыққа
айналуына бастама болды. Сонымен қатар, табиғи-ресурстық әлеуетін тиімді
пайдалану негізінде туризм саласы қарыштап дамыды. Аз уақыт ішінде шағын
қала туристік-логистикалық орталыққа айналды. Бұл саясат жергілікті биліктің
қала экономикасын әртараптандырудағы сәтті қадамы ретінде бағаланды [82,
р.33].
Вудкатерс - ел астанасынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан бұл
шағын қаланың экономикасы қорғасын-мырыш кені өндірісіне негізделген.
Шахталардағы жұмыс күшінің негізін жергілікті қала тұрғындары құрады. Тек
аздаған бөлігі астанадан келетін жұмыскерлермен толықты. 1999-жылдары
табиғи қорлардың сарқылуы және өндірілген тауардың бәсекеге қабілетсіз
болуы шахталардың жұмысын тоқтатты. Билік тарапынан қала құраушы
кәсіпорындарға қолдау көрсетілді. Бірақ бұл тиімсіз болды. Қолдаудың келесі
түрі экологиялық және әлеуметтік бағытта болды. Ол бойынша топырақ қабаты
бүлінген аумақтарды қайта қалпына келтіру іс-шаралары атқарылды және
халықты біртіндеп жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандырды [77, б.458].
АҚШ-та ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, бұрын ерекше дамыған
жүздеген қалаларда өндірістің дағдарысқа ұшырауы, халық санының азаюы,
тұрғындардың өмір сапасының төмендеуі сияқты құбылыстар орын ала
бастады. Америкада бұл мәселені моноқалалардың тұрғындары баспаналарын
сату және жұмыс бар жерлерге көшу арқылы шешті. Яғни, мәселені шешуге
халықтың жоғары жұмылғыштығы (мобильность) көмектесті. Бірақ бұл барлық
қала халқы үшін түбегейлі шешім емес еді. Осыны ескерген мемлекеттік
органдар дағдарыстық жағдайдағы моноқалалар экономикасын қайта жаңғырту
арқылы қызмет көрсетуді дамытуға, бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға,
білім мен ғылымның ірі орталығына айналдыруға, жаңа даму бағытын
нақтылауға көңіл бөлді.
АҚШ-тың ескі өнеркәсіптік қалаларының Қазақстандағы өнеркәсіптік
моноқалалармен өзіндік ерекшеліктерімен қатар, ұқсастықтары бар. Мысалы,
АҚШ қалалары өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарында дағдарыс пен кері
кетуге ұшырағанымен, ауқымы, табиғи-ресурстық әлеуеті мен географиялық
факторлары, ішкі нарықтың жағдайы, арнайы мемлекеттік және штат
деңгейіндегі зерттеулер мен шешімдер негізінде даму мүмкіндігі тұрғысында
қазақстандық қалалардан айырмашылық жасаса, құлдырау тенденциялары мен
түйткілді мәселелерінің шығу тегі жағынан өте ұқсас келеді. Сол себепті,
америкалық өнеркәсіптік қалаларға қатысты жүргізілген зерттеулерге шолу
жасау арқылы Қазқастан моноқалаларының даму үлгілерін негіздеуге
мүмкіндік бар.
47
Елде осы келеңсіз құбылыстарды зерттеу, қалаларды қалпына келтіруді
ғылыми-қолданбалы тұрғыда зерттеу мақсатында «The Restoring Prosperity
Initiative» (Жаңғырту мен гүлдендіру бастамасы) бағдарламасы жасалды. 2006
жылы Вашингтондағы Брукинг (Brooking) институты жариялаған кешенді
Есепте дамуы тежеліп және құлдырау жағдайында тұрған ескі өнеркәсіптік
қалаларға қатысты ұзақ жылғы зерттеу нәтижелері талданған болатын [83].
Брукинг институты зерттеген 302 қала арасынан экономикалық және
әлеуметтік жағдайы ең төмен 65 қала таңдалып алынды, олардың басым бөлігі
АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен Орта Батыста орналасқан. 6 штатты
қамтитын, «стагнациялық қалалар» деп аталатын бұл ескі өнеркәсіптік
қалаларда 16 млн адам тұрады, еңбек ресурстары шамамен 8,6 млн адамды
құрайды. Брукинг институты стагнациялық қалаларға мынадай көрсеткіштер
бойынша баға берген (14 - сурет).
Сурет 14 - АҚШ-тағы стагнациялық қалаларды бағалау көрсеткіштері
«The Restoring Prosperity Initiative» бағдарламасы кезінде экономикалық,
саяси және мәдени орталықтар болған осы қалалардың дамуы, олардың
инновация ошақтарына айналуы және қаламаңы аумақтарының қоршаған
ортамен үйлесімде дамуы бүкіл АҚШ-тың тұрақты экономикалық дамуына
ықпал ететін алға қойып отыр. Бұл қалаларда ғылымға негізделген, бәсекеге
қабілетті жаңа өндірістің болмауы олардың құлдырауына себеп болды деп
есептеледі. 65 қаланың жалпыға ортақ мәселелері болғанымен, олардың
географиялық орнына
және
т.б.
факторларға байланысты
өзіндік
қиыншылықтары бар. «The Restoring Prosperity Initiative» бағдарламасы
бойынша, ескі өнеркәсіптік қалаларды жаңғыртудың 5 негізгі бағыты
анықталған (15-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |