Кері байланыстың 3 негізгі қызметін қолданамыз



бет1/3
Дата29.01.2022
өлшемі23,81 Kb.
#115848
  1   2   3
Байланысты:
жаңаша басқару


Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда кері байланыс пен түзету қызметінің тиімділігі: «тігінен» (әкімшілік-мұғалім) және «көлденеңінен» (басқару субектілері арасында)

Кері байланыстың 3 негізгі қызметін қолданамыз:

  1. Әрекеттерді түзету мен реттеу

  2. Тұлғааралық қатынастарды реттеу

  3. Өзін өзі тану құралы. Ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар позитивті

болу керек. Жасалған істі «жақсы» не «жаман» деп бағалау кері байланыс емес. Кері байланыс беру –не жасалуы керектігін көрсету. Кері байланыс үйретудің қалай жүріп жатқандығын,сабақтың ,іс-шараның жүргізілу сапасын анықтайды.Кері байланыс арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады. Кері байланысты ұсынғанда мынадай ережелерді ұстанамын:

  • Позитивті болу. Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын табуға тырысамын. Адамды мақтайтындай қасиетін аңғарып,ниеті мен ынтасын жағымды деп танимын. Ұсыныс жасағанда жақсартатын мәселелерге тоқталамын.Әңгімені сыйлау тұрғысынан өрбітемін.

  • Бағалаушы болмау

«Адамның басқа адамдардан айырмашылығы-оларға ұқсамайтындығында» деген қағиданы ұстанам. Біз басқалардан артық та,кем де емеспіз,тек өзгешеміз. Кері байланыста өзімізді өзгелерден жоғары да,төмен де болмау керекпіз. Ойымыз бен түсінігімізді жеткізе білуіміз қажет. Кеңес бермеу,үйретпеу керек,тек ұсыныс жасау орынды.

Адам біреуге кеңес бергенді ұнатады да,алайда өзіне ақыл айтқанды ұнатпайтындығын баршамыз білеміз,олай болса «мынаны жасау керек, «олай ету қажет», «былай ету қажет», «сіздің орныңызда былай жасар едім» деген сөздерді айтпай,өзіміздің пікірімізді келтіру орынды болады. Жиі қайталайтын сөз «мүмкін былай жасау керек шығар?» деген сөз болса,кері байланыс алушының пікірін сұрап,онымен ақылдасып жақсы нәтиже береді.



  • Ынталандыруға ұмтылу

Адамды шығармашылық жұмысқа ынталандыру- кері байланыстың басты мақсаты. Игі өзгертулер енгізетіндей қызықтырып,шабыттандырып отыру керек.

  • Сыпайы болу

Адамды жекімей,ұрыспай,дөрекі сөйлемей,ренжітпеуге тырысу керек. Ризашылықпен қабылданса ұсыныс өзгерістер практикаға енгізіледі. Көмектесу,қолдау көрсету,жәрдем беру үнемі назардан тыс қалмауы қажет.

  • Тең ұстау

Кері байланысты жүргізудің негізгі нысаны-ақылдасу,кеңесу. Біреудің екіншіден жоғары тұруы кері байланыстың нәтижелі болатындығына кедергі болады.

  • Сәттілікке бағыттау

Кері байланыс тиімді әрі сәтті болған сайын мұғалім оқытудың қалай жүріп жатқандығы,оқушылардың қалай оқитындығы туралы қажетті міліметтер алып отырады.

Кері байланысты алғанда мынындай ережелерді ұстанған жөн:



Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын көңілмен көмек көрсету,айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау,кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айту, сізді ынталандырғандай өзгені кері байланыс берушіні жігерлендіру қажет.

  • Тыңдай білу

Кері байланыс берушінің сөзін бөлмей,бас изеп,ишаратпен мақұлдап отырған дұрыс.

  • Мадақтау

Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтау керек. Осы арқылы тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардың сапасын арттыруға болады.

  • Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс –тәсілдерін көптеп меңгерген жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет