Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет35/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

Қала түзуші база
– экономикалық құрылымындағы қаланың 
экономикалық бейінін, оның мөлшерін және орнын анықтайтын нысандар 
жиынтығы.
Қалалардың тұрақты дамуы
– бұл даму, біріншіден, сөзсіз экологиялық 
тепе-теңдікті сақтай отырып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету; екіншіден, 
адами өлшемде қабылданған экономикалық және әлеуметтік салалардың 
теңгерімділігі; үшіншіден, қазіргі жағдайда ғана емес, болашақты ескере 
отырып қалалық қоғамдастық пен болашақ ұрпақтың үйлесімділігін 
қамтамасыз ету. 
Контрурбандалу (қарсы урбандалу) -
қала тұрғындарының өсуін шектеуге 
бағытталған теориялық тұжырымдама және практикалық іс-шаралар. Қалалық 
халықтың өсуін шектеу, көші-қон ағынын қайта бөлу, экономикалық 
секторларды ұтымды бөлу, басқа қалаларға әкімшілік функцияларды беру 
есебінен мүмкін болады. Әлемнің кейбір елдерінде іс жүзінде бұл теория іске 
асты - астананы алыс жерлерге көшірді. Мысалы: Бразилия, Пәкістан, 
Қазақстан сияқты елдер.

Конурбация 
– көпорталықты типтегі қалалық агломерация. Конурбациялар 
мөлшері және маңызы жағынан қарайлас болатын бірнеше қалалық аумақтарды 


73 
немесе қала ядроларын қамтиды (мысалы, Германияның Рур алабындағы 
қалалар шоғыры). Мұнда бір орталық басымдыққа ие болмайды. Ең маңызды 
конурбациялар Еуропада қалыптасқан: 11,5 млн тұрғыны бар Германиядағы 
Рур конурбациясы, 7 млн-нан астам тұрғыны бар Нидерландыдағы Рандстад 
конурбациясы.
Маятниктік көші-қон – 
көші-қон түрі, тұрғылықты жерінен
 
басқа жерде 
орналасқан елді-мекенге жұмыс бабымен немесе оқу мақсатында тұрақты 
(күнделікті) қатынауы. Маятниктік көші-қон халық қоныстануы мен өндіріс 
таралуының 
сәйкессіздігі 
нәтижесінде пайда болады. Бұл негізінен қала мен 
қала маңы арасына тән құбылыс.
Мегалополис 
(грек. 
megas
- үлкен және 
polіs
- қала) – жақын орналасқан ірі 
қалалық агломерациялардың қосылуы нәтижесінде пайда болатын ірі 
қоныстану аймағы. Ежелгі Грекияның 35 елді мекенінің тұтасып кетуі 
нәтижесінде қалыптасқан Мегалополь қаласының атауынан пайда болған. 
Негізгі ерекшеліктеріне: құрылыстың сызықтық үлгісінің тән болуы, басты 
көлік желісі бойымен созыла орналасу, полицентрлік (көпорталық) құрылым, 
жақын орналасқан ірі қалалардың бір-бірімен өзара шартты байланыстылығы 
тән. Мегалополистер масштабына байланысты 
мемлекетаралық
(«Көгілдір 
банан», «Алтын банан», «Жасыл банан», Атлантикалық білік т.б.) және 
ұлттық
(Босваш, Техас үштағаны, Үлкен Каир т.б.) деп бөлінеді.
Мультипликатор әсері
– қала дамуында экономиканың кейбір салаларын 
немесе тұтастай экономикадағы ынталандырушы әсер.
Моноорталықты (бір) қалалық агломерация
бір ядролы қалалық 
агломерация. Бұл бір ірі қала-ядросы маңында қалыптасады. Мысалы, Мәскеу 
агломерациясы және т.б. 
Рурбандалу 
(ағыл. 
rиrаl
– ауылдық

– 
қалалық өмір салтының агломерация 
аумағынан тыс жерлердегі елді мекендерді де қамти бастауы. Рурбандалуға 
қалалық тұрғындардың ауылдық елді мекендерге қоныс аударуы, қалалар үшін 
тән экономикалық қызмет түрлерінің ауылдық жерлерге көшуі секілді 
сипаттамалар тән.
Серік-қала -
ірі орталық болып саналатын қаланың маңында орналасқан 
және онымен шаруашылық, мәдени-тұрмыстық жағынан тығыз байланысқан 
қалалық мекен. Мұндай қалалардың өнеркәсіптік, көліктік, курорттық, тұрғын 
үйлік функциялары болуы мүмкін. Серік-қала көбіне қала агломерациясына 
енеді.
Cубурбандалу
(лат. «suburbs» - «қала маңы» немесе «қала маңындағы 
урбанизация») – ірі қалалардың қала маңы зонасының өсу және даму үрдістері. 
Субурбандалған зонаға негізінен қала орталығы мен агломерация ядросына 
қарағанда халықтың жоғары өсімі тән.
Трансшекаралық агломерация
- бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктердің, 
елдердің немесе мемлекеттердің аумағында орналасқан агломерация немесе 
конурбация. Мысалы, Страсбург – Кель (Франция - Германия), Детройт – 
Уинсор (АҚШ – Канада), Шуи – Чуи (Бразилия- Уругвай) т.б.
Урбандалған зона
- қалалық қоныстардың қарқынды дамуы мен олардың 
әсер ету аймақтарымен сипатталатын мегалополис түріндегі күрделі және 


74 
байтақ құрылым болып табылады. Урбандалған зона бірнеше урбандалған 
аймақтарды қамтиды және урбандалудың жоғары деңгейі бар елдер мен 
аймақтарға ғана тән. 
Экономикалық өсу орталықтары
- елдің немесе өңірдің экономикасында 
инновация мен прогресс көздерінің функциясын орындайтын, "ауқым 
әсерінің" 
арқасында 
өндіріс 
факторларының 
тартылыс 
полюстері 
(шоғырлануы) болып табылатын, сондай-ақ жаңа тауарлар шығаратын және 
қызметтер көрсететін қарқынды дамып жатқан салалардың кәсіпорындары 
орналасқан нақты аумақтар (елді-мекендер). 
Хаб-қалалар
– ұлттық және өңірлік өзара іс-қимыл орталықтары: сауда-
логистика және көлік, қаржы және кадр орталықтары, ақпарат пен 
технологияларды жеткізушілер. Қазіргі таңда елімізде Алматы, Астана, 
Шымкент және т.б. қалаларды хаб-қала ретінде дамыту жұмыстары 
жүргізілуде.
Smart 
City 
(ақылды 
қала) 
тұжырымдамасы
-
 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы барлық қалалық 
қызметтердің тиімділігін арттыру және тұрғындардың қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін өмір сапасын жақсарту болып табылады. Әлемде смарт-
индикаторлар негізінде «смарт-қалалар» рейтінгісі жарияланып тұрады. Ең 
ақылды қалалар көшін Колумбус (АҚШ), Оулу (Финляндия), Таллин (Эстония) 
бастап тұр. Елімізде бірнеше қаланы (Алматы, Астана, Қарағанды т.б.) «ақылды 
қала» ретінде дамыту тұжырымдамасы жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет