көк болуы керек. Галстук те костюмді толықтыратындай сай болуы керек.
Ресми жағдайда пиджак түймеленген болуы керек. Түймеленген пиджакпен
кеңесте отырады, баяндама оқығанда, президиумдарда отырғанда кіреді.
Ресторан мен театрға түймеленген пиджакпен кіру керек, пиджактың ең
соңғы түймесі түмеленбейді.
Бас киімі мен баратын орны, киімі сай болуы
керек.
В) Әйелдің киімі тез өзгеріп отырады, олардың таңдау көлемі кең. Ең
маңыздысы киім түсі, шашы, бижутерилері т.б. бірін-бірі толықтырып отыру
керек. Әшекейді көп тақпаған жөн, киілетін киіміңіздің сіздің
фигураларыңыздың ерекшеліктеріне сай болуы керек. Көпшілік жерде өзін-
өзі ретке келтіру дұрыс емес. Классикалық стильді ұстанған жөн: қысқа
юбка. Тым ашық түс пен жылтыр киімдір болмауы керек.
Классикалық
стильдің негізгісі: костюм немесе екі жақты костюм болуы керек. Шалбар
киюге рұқсат етіледі, бірақ жасыңызды, фигураны ескерген жөн. Тоқылған
киім сізге жарасымды болса, беделді көтереді және керісінше болуы мүмкін.
Ерекше көңілді, әшекейге бөлеміз: алтын мен күміс
бірге тағылмайды,
бижутерия сапасы және беделді болуы керек. Иіс суды да тартымды қылып
жағу керек, гримді де шекті қолдану керек.
Мұсылман елдерде жұмбақтылықты ұнатады, жылтыр әшекейді киген
жөн. Американдықтарға: костюм шалбар, ашық макияж, қысқа шаш болуы
тиіс. Ағылшындар мен немістерге: классикалық түрде киінген жөн.
Француздарға соңғы сән үлгісімен киіну керек.
Үстел басында: шақырылған жерге,
қонаққа кешікпеу керек, өйткені
кешіккендер үй иесіне сыйласмастықты көрсетеді. Қонақтардың отыруына
үй иесі 30 минут күте алады, кейін үстел басына шақырады. Ер кісілер стол
басына әйелден кейін отырады. Әйелге стол басына шығарып салу үшін
демеуші ретінде сол қолын ұсынады. Ресторанда столды таңдау ер кісінің
міндеті, бірінші әйелді отырғызады, кейін ер кісі отырады. Ал, егер үйде
қонақта болсаңыз, үй иесінің оң жағында отырған қонаққа , кейін сол, кейін
оң т.б. береді. Егер жалғыз әйел болса, сонда әйелге бірінші беріледі. Кейін
соңынан үй иесіне беріледі. Асты бәріне таратылып біткен соң ішуді бастау
керек. Тамақты
соңына дейін ішпеу керек, бірінші тамақ ішуді әйел
бастайды. Ішімдіктер тост сөйлегеннен кейін ішіледі. Ер кісі оң жақта
отырған әйелге сол қолмен құяды. Бөтелке ашылғанда алдымен өзіңізге кейін
әйелге құю керек. Үстелде пышақпен түйреп тамақ ішу керек. Ас ішіп
отырғанда қасықты ауызға толық салмау керек. Абайсыз төгіп алсаңыз
тыныштық сақтап, түскен нәрсені асықпай алмаяқ қойыңыз, үстіңізге түссе
бет орамалмен білдіртпей сүртіңіз.
Қонаққа келген адамдардың бір-бірімен тек бас изеу арқылы сәлемдесу
керек., тек үй иесімен қол алысады. Стол басына отыруға асығудың қажеті
жоқ, тек үй иелері шақырғанда отырыңыз және үй
иелері отырған соң
отырыңыз, үйінің, бөлменің жиһаздарына үңіліп қарай бермеңіз.
Серіктесіңізді қолмен түртуге, қағуға болмайды. Әйел кірсе міндетті түрде
тұру керек. Әйел кісінің алдында жүруге болмайды, оны өткізіп жіберу
керек., алда кедергі болса, онда еркек әйел алдында жүреді.Баспалдақпен
көтерілгенде, ер кісі әйелдің артында 1-2 баспалдақ артта жүреді, түссе 1-2
баспалдақ алда жүреді. Әңгімелескенде арқаны сол жақтағы адамға
көрсетпеңіз.
Темекі сұрамаңыз, өзіңіз біреуге ұсыныңыз. Қонақта болғанда
сағатқа қарай бермеңіз. Кетуге мәжбүр болсаңыз ешкімге білдірмей кетіңіз,
тек үй иесіне айтып кетіңіз. Өнеріңіз болса, үй иесі сұраса ғана көрсетіңіз.
Театрға келгенде ер кісі әйелге киінуге, шешінуге көмектеседі. Театрда
орныңыз
ортада болса, онда арқаны сахнаға қаратып өтіңіз. Тұрғызбай
кешірім сұраңыз. Ресторанға, кафеге кіргенде ер кісі әйелдің алдында кіреді.
Кіргенде вестибюльге шешеді, шыққанда есік алдында киіп алады.
Әйел баласы автомобилге отырғанда да, түскенде де бірінші отырады,
кейін аяғын кіргізеді. Көшеде ер адам әйелдің сол жағында жүреді:
⇒
2 адам келе жатса – оң жағы мәртебелі орын;
⇒
егер ер адам 2 әйелмен келе жатса екеуіне де бірдей көңіл бөлген
дұрыс, ортада жүріңіз;
⇒
есікте әйелге бірінші барып, ер кісі ашып, ең соңғы кіреді;
⇒
қоғамдық жерде сіз тынышсыздық жағдай тудырсаңыз кешірім
сұраңыз.
Достарыңызбен бөлісу: