қатынас бойынша әріптеске әсер етудің адамгершілік тәуір көрінетін әдіс
болып табылады.
Дегеніне көндіру
–
тәртіп бойынша адамға әсер ету үшін фактілер мен
құбылыстардың логикалық талдауын және дәлелін талап етпейді. Беделдің
әсерінен,
құрылатын қоғамдық жағдайдың, әсемділіктің, қарым-қатынас
субьектілерінің ішінен біреуінің ой-өрісі биік және жігерлі үстемділігінен
құралатын адамның сеніміне негізделеді.
Мәжбүрлеу
–
адамға әсер етудің ерекше күштеу әдісі. Индивидке
ықтиярсыз зардап келтіретін жазалау немесе басқа да әрекеттерді қолдана
отырып, адамды өзінің ықтиярсыз және көндіру арқылы өзін ұстауға
мәжбүрлеуді талап етеді. Төтенше жағдайда ғана мәжбүрлеу этикалық
ақталған болады.Адамға әсер ету әдісін таңдауда әртүрлі
факторлар әсер
етеді, соның ішінде қарым-қатынастың сипаттамасы, мазмұны және жағдайы
(әдеттегі, айрықша) қарым-қатынас субьектісінің қоғамдық және қызметтік
жағдайы (биліктегі өкілеттілік) және адамның жеке қасиеті.
2.Қарым-қатынасқа жеке сапаның әсері
Жеке тұлға жеке-дара келбеті мен қасиетіне ие болады: ой-өрісі биік,
адамгершілік, қызбалық, қайратты, жалпы қоғамның әсерімен құралатын,
сондай-ақ адамның жанұялық,
еңбектік, қоғамдық, мәдени тіршілік
әрекетінің процесінде құралатын.Қарым-қатынаста адамның өзін-өзі ұстауы,
ерекше сырт-көрінісінің есепке алынуы мен білімі маңызды болып табылады.
Іскерлік қарым-қатынаста адамгершілік сипат беретін этика, шындық,
адамдық, қарапайымдылық, кең пейілділік, парыздылық, ар-ұят, абырой,
намыс сияқты жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің
негізінде құрылуы
тиіс.
Қарым-қатынас сипатына оған қатысушылардың темпераменті әсер етеді.
Темпераменттің төрт типін бөліп көрсетеді: сангвиник, флегматик, холерик,
меланхолик.
Сангвиник – қайратты, жарқын жүзділік, ынталы,жаңаға қабілетті,
адамдармен тіл табысады. Өз эмоциясын жеңіл бақылайды және қызметтің
бір түрінен басқа түріне ауыстырады.
Флегматик – байсалды, баяу, қызметтің жаңа түріне және басқа жағдайға
бейімделуі қиын. Жаңа істі бастау үшін ұзақ ойға беріледі, бірақ оны
бастағаннан кейін ақырына дейін жеткізеді. Көңіл-күйі әдеттегідей,
бірқалыпты және салмақты.
Холерик – белсенді, іскер, жоғары жұмысқа қабілеттілігімен, қиындықты
жеңуде
қажырлығымен ерекшеленеді, бірақ көңіл-күйін бірден өзгертуге,
қызбалыққа, депрессияға тез ұшырағыш. Қарым-қатынаста тік мінезді,
сөзінде тұрмайды.
Меланхолик - әсерленгіш, жоғары қызбалы, осыдан жағымсыз эмоцияға
ұшырағыш. Қиын ситуацияда абыржиды, сасқалақтайды, өзін-өзі ұстай
алмайды. Көпшілікпен араласа алмайды. Қолайлы
жағдайда өзінің міндетін
атқара алады.
Швейцар психологы Карл Юнг жеке тұлғаны экстраверт және интроверт
деп бөлген. Оның жіктеуі бойынша экстраверттер өзінің ішкі дүниесіне және
сыртқы ортаға бағытталуына әлсіз көңіл бөлумен ерекшеленеді. Олар
көпшілікпен тез араласа алатын ашық, ынталы және әртүрлі жағдайға тез
бейімделе алады. Интроверттер, керісінше, өзінің ішкі дүниесіне
бағытталған, өзін-өзі талдауға және тұйық мінезділікке бейімделген.
Темпераменттің бұл типі сөзсіз таза түрде сирек кездеседі. Жеке тұлға
қасиетін жан-жақты жүйелеу үшін Карл Юнгтің теориясына негізделген және
құрастырушы Изабель Майерс-Бригс пен оның анасының құрметіне аталған
Майерс-Бригс әдісі қолданылады. Осы әдіс бойынша адамдардың типі төрт
категория бойынша негізгі белгі әрбір жұптан
адамның келбетінің таңдау
жолымен анықталады.Джон Честардың баяндауында оларды толығымен
келтіреді:
1.
Экстраверттер
(Е) сыртқы әлемге өзінің энергиясын бағыттайды.
Олар сөйлейді және әрекет жасайды. Интроверттер керісінше, іске кірісуден
бұрын ойланғанды жақсы көреді. Олар байсалды ақыл-ой белсенділігін талап
ететін жұмыстарды дұрыс көреді.
2.
Сенситивтер
(S) –
ақпарат жинау үшінөз сезім мүшелерін белсенді
қолданатын адамдар. Олар реалистер және осы әлемнің түгел ұсақ-түйегінде
жақсы бағытталады.
Интуитивтер
(N), керісінше сол және басқа
стиуациялардың зор күшейтуді және терең ойларды көреді, сондықтан өз
қиялының көмегімен әлемді бағалайды.
3.
Логиктер
(Т) ұтымды және қисынды тұжырым жасайды. Олар ненің
дұрыс және дұрыс емес екенін тұжырымдайды. Олар талдау жасайды.
Эмоционалдар
(F), керісінше өз сезімі негізінде шешім қабылдайды (ал бұл
сезім өз кезеңінде өзін бағалау жүйесінде негізделеді). Олар өнегелі, қайғыға
ортақтасатын және
қайырымдылық жасауға бейімді, ептілігімен
ерекшеленеді.
4.
Рационалдар
(J) ретке келтірілген ұйымдасқан өмір жүргізеді, өмірде
неғұрлым көп оқиғаларға талдау жасаса, соғұрлым олар үшін жақсы.
Иррационалдар
(Р), керісінше ішкі себептерден пайда болған реакциямен
ерекшеленеді, жаңа тәжірибені қолдайды.
Жеке тұлғаның осы теориясының дамуын темпераменттің төрт типі
бойынша адамдарды бөліп көрсететін калифорнистік психолог Дэвид
Кирсидің ұсынуымен есептеуге болады: NF – романтикалық, нәзік; NT - әуес,
қисынды; SJ – ұйымшыл, жауапты; SP – ойнап қалған, ерікті. Іскерлік қарым-
қатынастың кең тараған формасы болып сұхбаттық
қарым-қатынас болып
табылады, яғни темпераменттің белгілі типімен байланыста болатын сол
немесе басқа тұлға бойынша жеке тұлғаның саналы қасиеті мен мінез-
құлқының ерекшелігі ерекше толық көрінетін сөйлеу қатынасы болып
саналады.
2.
Достарыңызбен бөлісу: