Ұма - атабездің (тастың) қапшығы, оның ортасы ет пердесімен екі бөлікке бөлінген.
Қабырғасы алты қабаттан тұрады. Олар: теріасты майы, беткей шандыр, ет қабаты, терең
шандыр және ішектен түзілген сірнелі қабықша.
Ен үзынша үш кеуекті денеден тұратын сыртқы жыныс мүшесі. Оның жоғарғы қатар
жатқан екеуі жыныс мүшесіне тән болса, астыңғы жағында жатқан үшінші кеуекті
денеден несеп жолының түтігі өтеді. Ол арқылы несеп шығарылуымен қатар жыныс
жасушалары да шығарылады. Ен түбір, мойын, бас бөлімдерінен тұрады. Астыңғы кеуекті
дене түбінен айырылып, шат сүйектеріне бекіп, еннің екі аяқша- сын құрайды. Оның үш
жағы сүйірленіп, несеп жолының конус тәрізді бөлігіне көшіп, еннің басын түзеді.
Басында несепағар өзегінің ашылар жері жатады. Барлық кеуекті денелер сыртынан тығыз
дәнекер кабықшалармен қаптал- ған. Олардың ішінде саңылау қуыс болады. Жыныстық
қозу кезінде бүл саңылауларды артерия қаны кернеп, толады да, жамбасасты еттерінің
жиырылуы нәтижесінде вена қаны- ның шығып кетуі қиындайды.
Еннің терісі және қозғалғыш, бас бөлімінде екі қабаттасып келеді. Ішкі қабатында май
бездері көп бола- ды. Жыныс мүшесі құрсақ шандырының жалғасы болып табылатын
байламдар арқылы шонданай, шат сүйектеріне бекіп, қалпын сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: