құрамына кіреді,аталық безді тер тәрізді жауып орналасады. Бірақ та көлденең жолакты
бұлшықет талшықтарынан тұрғанымен біздің еркімізге байланыссыз жиырылып аталық
бездерді жоғары тартып көтереді
6. Ішкі шәует фасциясы ( fascia spermatica interna ) – іштің көлденең фасциясының,яғни
fascia transversalis жалғасы.Ішкі шәует фасциясы аталық бездің қынапты қабығының
париетальды табақышасымен бірігеді,висцеральды жапырақшаға ауысады.
7.Аталық бездің қынапты қабығы tunica vaginalis testis іш қуысы ішастарының жалғасы
болып табылады.Париетальды және висцеральды табақшалардан тұрады,яғни lamina
parietalis ,lamina visceralis.Висцеральді жапырақша аталық бездің ақ қабығымен
бітісіп,аталық без қосалқысына да өтеді.Аталық бездің артқы аймағында,яғни тамырлар
шығатын жерде париетальды табақшаға ауысады.Париетальдық жапырақша аталық безді
айналдыра қоршайды,ішкі шәует фасциясымен fascia spermatica interna бітіседі.Осы екі
жапырақшаның аралығында іштің ішастар қуысының жалғасы болатын сірлі қуыс cavum
vaginae болады.Патологиялық жағдайда болса аталық без шемені пайда
болады.Висцеральдық жапырақша аталық бездің латеральді беті және аталық без
қосалқысының денесінің арасында саңылау тәрізді кеңістікке өтеді,қойнау sinus
epidydimis түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: