• ұшын (apex prostatae)
Простатадан қасаға симфизіне бекітін ортаңғы және бүйір қасаға-қуықасты байламдары
(lgg.puboprostaticae) және қасаға-қуықасты бұлшықеті (m.puboprostaticus) басталады.
Простатаның артқы беті тік ішек кең жерінен (ампуладан) тік ішек-қуықтық табақшамен
(septum re) бөлінген.
Бүл бездің отыз шақты майда түтікшелері несеп жолына ашылады. Бездің ет талшықтары
әртүрлі бағытта орналасып, жиырылған кезде секреттерін шығарумен бірге сфинктерлік
қызметін де атқарады. Без сілтілі реакциялы секрет бөледі. Ол сперма құрамын еніп, оны
сүйылтумен қатар сперманың тіршілік әрекетіне қолайлы жағдай туғызады. Бүл без
жасөспірім балада өте кішкене болады, 14 жастан жедел дами келе 20 жаста толық
қалыптасады.Простата сыртынан, бездің ішіне енетін қалқалар басталатын тығыз
қапшықпен қапталған. Простата саны 50-ге жететін үлесшелерден құралған.
Үлесшелердің басым бөлігі бездің бүйір және артқы бөліктерінде орналасқан.
Ацинустардың бездік түтікшелері екі-екіден бір-бірімен қосылып қуықасты түтіктерін
түзеді (ductuli prostaticae). Простатаның алдыңғы бөлігі, несеп шығаратын өзектің
айналасында орналасып оның еріксіз қысқышын түзуге қатынасатын бірыңғай салалы
бұлшықеттен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: