Шәует қуықшасының қабықтары:
1. Сыртқы кабығы дәнекерлі кабық, tunica adventitia.
2. Ортаңғы бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, шәует қуықшасы қабырғасының көп
бөлігін құрайды, 2 қабаттан тұрады:
1) Циркулярлы қабат stratum circulare – ішкі
2) Бойлық қабат stratum longitudinale - сыртқы
3. Ішкі сілемейлі кабык, tunica mucosa, бойлық қатпарлар тұзеді, олар ұзына бойлық
әртүрлі бағытта орналасқан
Ішастарға қатынасы бойынша, шәует қуықшасы экстрапериотеналды орналасады, яғни
тек жоғарғы бөлігін жабады.
Шәует қуықшасының астында және алдына таман қуықасты без prostatae орналасқан.
Буылтық-несеп шығаратын өзек немесе бульбоуретралді безі glandula bulbourethralis,
басқаша атауы Куперов безі. Бульбоуретралді без бұршақ тәрізді, пішіні дөңгелектеу
және сарғыш түсті ұяшықты-түтікті қос ағза. Диаметрі 0,3-0,8 см құрайды.
Бездер еркектің несеп шығаратын өзегінің артында, шаттың терең көлденең бұлшықетінде
musculus transversus perinea prоfundus орналасқан. Бездер бір-бірінен 0,6 см-ге жуық
арақашықтықта орналасады.
Бульбоуретралді бездердің түтіктері ductus glandulae bulbourethralis жіңішке, ұзындығы 3-
4см, олар еркек жыныс ағзасының penis буылтығын тесіп, несеп шығаратын өзекке
ашылады.
Бульбоуретралді бездің қызметі: еркектің несеп шығаратын өзегінің қабырғасын несептің
тітіркендіруінен қорғайтын жабысқақ сұйық бөліп шығару.
Достарыңызбен бөлісу: