Елекен гульнур кабдыгалымовна



Pdf көрінісі
бет14/41
Дата21.12.2022
өлшемі3,82 Mb.
#163529
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
ЕЛЕКЕН-ГУЛЬНУР-КАБДЫГАЛЫМОВНА

Нығыздау коэффициенті
Карр коэффициентінің кеңдігімен сипатталады. 
Осы кӛрсеткіштен алынған нәтижемен престелу уақытын талқылауға болады. 
Коэффициент кӛрсеткіші неғұрлым үлкен болса, керекті дәрежеде қатты 
минитаблетка алу үшін соғұрлым престеуге кӛп күш және уақыт жұмсалады. 
Зерттеуді матрица ішінде жүргіздік. Матрица каналын ұнтаққа толтырып, 
нығыздап, алынған қабаттың биіктігін ӛлшедік те 1200 кг/см
2
престеу 
қысымын түсірдік. Матрицадан шығарып, алынған таблетканың биіктігін 
ӛлшедік. Серпімділік коэффициентінің есебін келесі формула арқылы 
жүргіздік: 
К
нығ
= 100 × Н
1
– Н
2

1
(3) 
Мұндағы: Н
1
– матрицадағы ұнтақтың биіктігі, мм; 
Н
2
– алынған таблетканың биіктігі, мм. 


42 
Престелуін анықтау 
үшін субстанция бӛлшектері мен таблеткалық 
массаның қысымның әсерінен когезияға ұшырауға қабілеттілігімен 
сипатталады. Коэффициент неғұрлым жоғары болса, алынған таблетка 
соғұрлым берік болады. 
Анықтау үшін прес-қалыпқа 0,5 г салмақтағы ұнтақты салып (пунсон 
диаметрі 5,0 мм), 150 МПа қысым кӛмегімен таблетка қалыптастырдық. 
Престеліп болған соң таблетканың салмағы мен биіктігін ӛлшедік. Келесі 
формула арқылы престелу коэффициентін есептедік:
Кр= m/H (4) 
m – алынған таблетканың салмағы, г; 
H – алынған таблетканың биіктігі, мм. 
Ұнтақтың сусымалы тығыздығын белгілі бір кӛлемдегі таблеткалық 
массаның салмағын ӛлшеу арқылы анықтадық. Сусымалы тығыздығы мен 
сілкуден кейінгі тығыздығын анықтау әдістемелері ҚР МФ мақалаларынан 
алынып зерттеуде қолданылды. Анықтау үшін жартылай автоматты сілку 
қондырғысы Erweka PT-TD200 қолданылып, сусымалы тығыздығы мен 
сілкуден кейінгі тығыздығын тез және нақты ақпараттар түрінде алуға 
мүмкіншілік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет