40
2.2 Зерттеу әдістері
Ғылыми зерттеулер жүргізуге алынған зерттеу материалдары мен әдістері
Қазақстан Республикасында дәрілік құралдардың
сапасын реттеуші Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік фармакопеясы, European Pharmacopoeia, және басқа
да нормативтік құжаттар талаптарына сай келеді.
Идентификациясы
Анықтаманы ультракүлгін және кӛрінетін аймақтағы абсорбциялық
спектрофотометрия әдісі бойынша ҚР МФ (т.1, 2.2.25)
бабына сәйкес
жүргізілді. Сандық анықтау үшін дайындалған препарат ерітіндісінің
ультракүлгін жұтылу спектрінде 220 нм-ден 290 нм-ге дейінгі аймақта 246 нм
толқын ұзындығында
максимумы болуы тиіс;
Сонымен қатар салыстырмалы әдіс ретінде фармакопеяның В тармағы
бойынша ЖҚХ әдісімен де идентификациясын анықтадық.
Анықтауды
силикогель GF
254
қабатты ЖҚХ пластинасын Р пайдаланып,
жұқа қабатты
хроматография әдісімен (2.2.27) жүргізеді.
Сыналатын
ерітінді
10
мг
лоратадинге
эквивалентті
үгілген
таблеткалардың араласқан ұнтағының ӛлшендісіне 5 мг хлороформ Р қосады,
20 мин бойы сілкиді және тұндырады. Сыналатын
ерітінді ретінде тұнба
үстіндегі сұйықтықты пайдаланады.
Салыстыру ерітіндісі. 10 мг лоратадиннің ҚР МФ СҮ 5 мг хлороформда Р
ерітеді.
Хроматографиялық пластинканың старт сызығына 10 мкл сыналатын
ерітіндіні және 10 мкл салыстыру ерітіндісін тамызады.
Пластинканы
тамызылған сынамаларымен бірге ауада 10 мин бойы кептіреді және эфир Р –
диэтиламин Р (40:1) еріткіштер жүйесі бар хроматографиялық камераға салады.
Еріткіштер шебі старт сызығынан 10 мин ӛткенде, пластинканы камерадан
шығарады, суық ауа ағынында кептіреді және 254 нм толқын ұзындығында УК
жарықта қарайды. Сыналатын ерітінді хроматограммасында
салыстыру
ерітіндісі хроматограммасындағы лоратадин дағы деңгейінде, оған ӛлшемі
және жұтылу қарқындылығы бойынша сәйкес келетін негізгі дақ байқалуы тиіс
[171].
Кептіргендегі масса шығыны әдістемесін ҚР МФ (т.1, бӛлім 2.9.32)
талабына сай жүргіздік;
Сандық
анықтау әдістері
Анықтаманы ультракүлгін және кӛрінетін аймақтағы абсорбциялық
спектрофотометрия әдістемесі шарттарына сай ҚР МФ (т.1, 2.2.25)
бойынша
Спектрофотометр UV/VIS, typ V-530 (Jasco, Easton, АҚШ) қондырғысының
кӛмегімен анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: