Диссертацияның кӛлемі мен қҧрылымы
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, әдебиеттерге шолудан, зерттеу
материалдары мен әдістерінен, тәжірибелік зерттеулердің 4 бӛлімінен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен тіркемелерден тұрады. Диссертация 127
бет мәтінде, компьютерде орындалған, 55 кесте және 56 сурет бар. Әдебиеттер
тізімі 176 отандық және шетелдік авторлардың ғылыми еңбектерін құрайды.
10
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДӘРІЛІК
ҚАЛЫПТАРДЫҢ
ЗАМАНАУИ
ЖАҒДАЙЫ
МЕН
ДАМУ
ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
1.1 Қатты дәрілік қалыптар: дәстҥрлілік және даму перспективасы
және минитаблеткалар – инновациялық дәрілік қалып ретінде
Қазақстанда маңызды фармакотерапевтикалық топтардың дәрілік
заттарының ӛндірілу қарқындылығына қарамастан денсаулық сақтау
саласының жоғары тиімділікке ие препараттарға тиісті деңгейде қанағаттануы
әлі толық емес, әсіресе заманауи шетелдік препараттары, ӛмірлік маңызды
дәрілер қатарына саналатындары экономикалық жағынан қолжетімсіз [1].
Отандық генериктер негізгі фармацевтикалық топтарды дамыту, қауіпсіз
және жоғары сапалы, тиімді болуы, «Қазақстанның 2020 жылға дейінгі
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы стратегиялық
импорт алмастыру бағдарламасының мақсаттарына сай, «Денсаулық»,
«Саламатты Қазақстан», «Нұрлы жол» тікелей байланысты [2]. Қазіргі заманғы
медицинаның негізгі мәселелерінің бірі жаңа препараттардың неғұрлым айқын
емдік әсері және бүгін пайдаланылатын дәрілік заттарға қарағанда жанама
әсерлерін тӛменгі дәрежеде дамыту болып табылады [3]. Қазіргі таңда
Қазақстан Республикасы Реестірінде тіркелген 8000 астам дәрілердің 90 %
импорттық препараттармен қамтамасыз етіледі, тек қана 10 % отандық
препараттар еншісінде болып отыр. Ондаған жылдар бойы, қауырт және
созылмалы ауруды емдеу, негізінен таблеткалар, капсулалар, пилюлялар,
суппозиторийлер, жақпа майлар, кремдер, сұйықтықтар, спрей, және
инъекциялық дәрілік препараттарды қоса алғанда, әр түрлі фармацевтикалық
дәрілік нысандарын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Дәрілік заттарды
жеткізуде әр түрлі әдістердің арасында пероральды енгізу науқасқа ең
қолайлысы болып табылады. Дәрілік заттарды пероральды енгізу жүйелі емге
ең тиімдісі [4]. Сонымен қатар, барлық дәрілердің кем дегенде 90 %
пероральды енгізілетіні белгілі. Бұл ӛте танымал, пайдалануға ыңғайлы және
оңай енгізу үшін, табысты дәрілік нысанын жобалау, ӛндіру оңай және осындай
жүйенің тӛмен құны қолдануға неғұрлым икемді болып келеді [5].
Таблеткалар - дозаланған, дәрілік немесе кӛмекші заттардан құралған
қоспаны престеу арқылы алынатын, ішке, сыртқа, сублингвальді,
имплантациялық, парентералды енгізуге арналған дәрілік қалып түрі [6].
Қолданылуы мен дозасына байланысты таблеткаларды дозаланған
қалыпты қолдану үшін және дозаланбаған қалыпты сақтау үшін болып бӛледі.
Таблеткалардың басқа дәрілік қалыптар алдындағы артықшылықтары:
Жоғары деңгейде гигиена мен ӛндіріске септігін тигізетін ӛндіріс
операциялары мен негізгі сатылар механизациясының тиісті деңгейі;
Таблеткаларға дозаланған дәрілік заттардың нақты мӛлшері;
Сақтауға, тасымалдауға және шығаруға ыңғайлы болатын олардың
портативтілігі;
Дәрілік заттардың престелген жағдайда ұзақ сақталуы;
Тӛтеп бере алмайтын заттар үшін – қорғаныш қабығын жабуға мүмкіндік;
11
Қабықшамен қаптау арқылы жағымсыз органолептикалық қасиеттерін
(дәм, иіс, боялу қасиеті) жасыру;
Бір - бірімен физика-химиялық қасиеттері бойынша сәйкес келмейтін
заттарды бір дәрілік қалыпқа жинақтау;
Қышқыл орталарда еритін қабықшамен қаптау арқылы дәрілік заттың
АІЖ-да локализациясы;
Белгілі уақыт аралығында таблеткадан организмге бірнеше дәрілік
заттардың сіңірілуінің реттелуі;
Дәрілерді қабылдау, беру кезіндегі қателіктердің алдын алу - таблетка
сыртына қажетті нұсқауды жазу [7].
Бірақ таблеткалар бірқатар кемшіліктерге де ие:
Таблеткалардағы дәрілік заттардың әсері инъекциялық препараттарға
қарағанда салыстырмалы баяу;
Таблеткаларды организмге құсу мен естен тану жағдайында енгізе
алмайды;
Сақтау барысында таблеткалар цементтелуі мүмкін;
Таблеткалар құрамына ешқандай емдік мәні жоқ тіпті кейде жанама әсер
кӛрсететін (мысалы, тальк асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді)
қосымша заттар болады;
Кӛптеген науқастар, әсіресе балалар таблетканы еркін жұта алмайды [8].
Таблеткаға қасиеттерімен ұқсайтын микросфераларды (пеллеттер) - қатты
дәрілік
қалыптардың
жаңа
түрін
қарастыруға
болады.
Жақында,
фармацевтикалық препараттар ӛндірушілер дайын дәрілік нысандарын
дайындау үшін дәрілік нысанның аралық немесе соңғы кӛрінісі ретінде -
микросфералар немесе пеллет (ағылш. pellet — шарик, түйіршік) алумен
шұғылдануда. Микросфералар маңызды және бірқатар артықшылықтарға ие
болғандықтан, дайын дәрі-дәрмек ӛндірісінде жиі пайдалануда [56].
Пеллеттерді қосымша заттар қосу арқылы таблетка түрінде алуға болады,
сонымен қатар капсулалар мен суспензиялар құрамына кіре алады.
Микросфералар (пеллеттер) майда дисперсті ұнтақтар мен гранулалардың
агломераттары болады, олар ӛз кезегінде дәрілік және қосымша заттардан
тұруы мүмкін. Микросфералар — кіші кӛлемді, жақсы ұнтақталатын оральді
қолдануға арналған, сфера немесе жарты сфера пішінді, қатты денешіктер
диаметрі 0,5-1,5 мм. Микросфералар бірнеше тәсілдер бойынша жасалуы
мүмкін, бірақ ең жиі қолданатын тәсіл инерттік микросфераларға дәрілік затты
ықшамдап жағу болып табылады [9].
Қай тәсілмен ӛндірілсе де микросфералар мына шарттарға жауап беруі
тиіс:
-
Сфераға ұқсас формасы тегіс бетті болуы тиіс. Бұл шарттар оңтайлы
тәсілмен қабықшамен қаптау үшін маңызды;
-
Бӛлшектер кӛлемінде қатты айырмашылық болмауы тиіс;
-
Микросфералардың фармацевтикалық қолданылуы үшін оңтайлы
мӛлшері 600-1000 мкм;
-
Микросфераларда белсенді заттардың максимальді мӛлшері болуы тиіс
[10].
12
Соңғы жиырма жыл ішінде кӛптеген себептерге байланысты
микросфералар фармацевтикалық ӛндірісте ӛз орнын тапты. Пеллеттер жоғары
тығыздыққа ие, автоматты мӛлшерлеуде жақсы қолданылады, олардың
гранулометриялық құрамы үлкен ӛлшемді диапазонда жатыр. Технологиялық
тұрғыдан қарағанда, микросфералар қатты дәрілік қалыптарды жасау процесін
жеңілдетті [11]. Олар еркін ағып, еш қиындықсыз престеледі, бұл олардың
біртекті таблеткалар мен капсулалардың орташа массасын айқындайды. Осыған
байланысты микросфералар сфера пішінді әрі минималды беткей болғандықтан
олар қаптама жағуға сай келеді. Сонымен қатар бір дәрілік қалып құрамында әр
түрлі дәрілік заттардан құралған микросфералар болады. Бұл қасиет бойынша
бір дәрілік препаратқа екі немесе одан да кӛп химиялық үйлесімді немесе
үйлесімсіз, асқазан ішек жолдарының әр түрлі аймақтарында сіңетін активті
заттар біріктіруге болады [12]. Бір дәрілік қалыпта дәрілік заттарды босату
жылдамдығы әр түрлі микросфералар болады, бұл қасиеті активті заттарды
босатуды бақылап, бағдарлауға, терапевтік қасиетін жоғарылатуға мүмкіндік
береді. Пеллеттелген препараттар активті заттардың қауіпсіздігі мен
эффективтілігін жоғарылатады. Бұл кӛпэлементті дәрілік препараттар кӛбіне
суспензиялар,
капсулалар
немесе
дезинтеграциялаушы
таблеткалар
формасында болып, бір элементті дозаланған формалардан кӛптеген
артықшылықтары бар. Пеллеттелген формалар асқазан ішек жолдарында жақсы
сіңіріледі, бұл абсорбцияны жоғарылатып, дәрілік заттың қан плазмасындағы
мӛлшерін жоғарылатады. Биожеткіліктілігін тӛмендетпей жанама әсерлерін
тӛмендетуге мүмкіндік береді [13]. Сонымен қатар жоғарғы локальді
концентрациялардың алдын алуға болады, және асқазан ішек жолдарының
тітіркенуінің де алдын ала аламыз. Кӛпэлементті ӛнімдерді кӛптеп қолданудың
басты себебі дәрілік заттарды бақылаулы босатылатын оральді қолданылатын
дәрілік заттарды танымал ету. ДЗ-тың бақылаулы шығарылуын қамтамасыз
ететін қатты дәрілік қалыптар АІЖ-ның белгілі бір аумағына жеткізу үшін,
активті заттың әсерін ұзарту үшін қолданылады. Ал микросфераларға келсек,
жоғарыда аталғандарға жету үшін қаптама материалдар (кӛбіне әр түрлі
полимерлер) қолдану арқылы жетеді [14]. Бұл дәрілік қалыптың МТ сәйкестігі
олардың диаметрлерінің кішілігінде, ал МТ артықшылығы жеке дәрілік қалып
ретінде қолданылуында.
МТ технологиясына ұқсас тағы бір дәрілік түрді қарастыратын болсақ ол -
түйіршіктер. Ішке қолдануға арналған шар немесе цилиндр пішінді, құрамында
дәрілік және кӛмекші заттары бар дәрілік қалып. Кейбір жағдайларда ұнтақ
тәрізді қоспаларды майда гранула түрінде шығарады. Түйіршіктерге айналдыру
арқылы кейбір заттардың тӛзімділігін арттыруға, кейбір ұнтақтардың тез еруіне
және жағымсыз дәмін жасыру үшін қолданады. Түйіршіктер арқылы әсер етуші
заттарды бір-бірімен қосуға болады [15]. Мұның бәрі оларды педиатрияда
қолданылуына мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі ресми жаңа
дәрілік қалып- түйіршіктер шығуына септесті.
Олар тығыздалуға, яғни капсулалар мен таблеткалардың орташа
салмағының жаңадан ӛндірілуі мен біркелкілігін анықтау барысындағы
қиындықсыз тығыздалуға және еркін ағуға қабілетті [16]. Сонымен қатар,
13
дәрілік қалып әртүрлі дәрілік заттарды қамтуы мүмкін. Бұл қабілеттілік,
асқазан-ішек жолдарының бір ғана немесе әртүрлі бӛлігінде сорылатын,
химиялық тұрғыдан үйлесімді немесе үйлесімді емес, екі немесе одан да кӛп
белсенді заттарды бір дәрілік препаратта біріктіруге мүмкіндік береді. Бір
дәрілік қалыпта жоғары деңгейдегі тиімділігі бар терапиялық әрекет кӛрсетуге
және дәрілік заттарды әртүрлі жылдамдықта босатуға, белсенді заттың босап
шығуын қадағалауға және бағдарлауға мүмкіндік беретін гранулалар болуы
мүмкін. Престелген препараттар белсенді заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігін
жақсартуы мүмкін. Кері интеграцияланатын таблеткалар, капсулалар,
суспензиялар түріндегі бұл кӛпэлементті дәрілік препараттардың бір элементті
дозаланған препараттардан артықшылықтары бар [17]. Түйіршікті қалыптар қан
плазмасындағы дәрілік заттардың концентрациясының ӛзгеру шегін түсіретін
және абсорбциясын жоғарылататын жеке бӛлшек түрінде асқазан-ішек
жолдарында еркін бӛлінуге қабілетті. Дәрілік заттардың биожеткіліктілігін
түсірмей, олардың әлеуетті жанама әсерлерін тӛмендетуге мүмкіндіктер бар.
Бір элементті дәрілік қалыптардың жағдайындағыдай жергілікті жоғары
концентрациядан және асқазан-ішек жолдарының тітіркенуінен құтылуға
болады. Кӛп элементті ӛнімді кең қолданудағы негізгі себеп, дәрілік заттардың
босатылуын бақылауымен, оральді дәрілік форманың танымалдылығын
қарқынды арттыру болып табылады [18]. Дәрілік заттардың босатылуын
бақылаумен, қатты дәрілік формалар, кӛбіне асқазан-ішек жолдарының белгілі
бір аймағына дәрілік затты жеткізу, сонымен қатар ұзақ уақыт ішінде белсенді
зат әрекетін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Түйіршіктер жағдайында
қаптама материалдарды (кӛбінесе әртүрлі полимерлерді), сипатталған
қасиеттерін қамтамасыз ететін немесе матрицалық құрылымды қолданылуымен
жоғарыда аталған мақсаттарға кол жеткізу мүмкін [19]. Түйіршіктер жанында
әрине МТ артықшылығы басымырақ деген тұжырым жасаймыз.
Ішке қабылдауға арналған домалақ астық тәріздес (дән тәріздес),
цилиндрлі немесе құрамында дәрілік және кӛмекші заттар қоспасынан тұратын
тұрақты емес тағы да бір дәрілік қалып ретінде түйіршіктерді алуға болады.
Кейбір жағдайларда ұнтақ тәріздес қоспаларды ұсақ астық-дән, түйіршік
түрінде белгілі бір мақсатта шығарады. Түйіршіктердің ылғалды заттарға
тӛзімділігін арттыруға, сонымен қатар ӛте жылдам еруге және кейбір қиын
ұнтақтардың дәмін жақсартуға болады. Түйіршіктің кӛмегімен заттардың бір-
бірімен әрекеттесуін біріктіруге болады. Мұның барлығы педиатрияда
қолдануға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандар жаңа ресми дәрілік форма-
түйіршіктің пайда болуының алғышарты болды [20].
Түйіршіктер құрамына дәрілік (белсенді әсер етуші заттардан басқа) және
кӛмекші заттар кіреді. Соңғысы ретінде қант, сүтті қант, натрий
гидрокарбонаты, шарап қышқылы, екі негізді кальций дифосфаты, крахмал,
декстрин, глюкоза, тальк, қантты шырын, спирт, су, тағамдық бояғыштар,
иістендіргіш заттар, консерванттар және тағы басқалары қолданылады.
Түйіршіктерді қабықпен қаптауға болады. Түйіршіктердің ӛндірілуі,
құрылымдық түйіршіктену жолымен және ылғалды, құрғақ жолмен
таблеткаларға арналған түйіршіктердің ӛндірілуі сияқты жүзеге асады. Дайын
14
түйіршіктер ӛлшемі мен бояуы бойынша бірдей болуы керек. Түйіршіктердің
ӛлшемі 0,2-0,3 мм болуы керек. Ұсақтау және ірілеу түйіршіктердің саны 5%-
дан аспауы керек [21]. Түйіршіктер 15 минуттан кем емес уақытта ыдырауы
керек; сыртқы қабықпен қапталғандары - 30 минуттан кем емес. Түйіршіктердің
ыдырау мүмкіндігі 0,5 г сынақ бӛлігінде жүзеге асырылады. Керек болған
жағдайда ерігіштікке сынама жүргізеді. Түйіршіктер құрамына кіретін дәрілік
заттардың рұқсат етілген ауытқулары ±10%-дан аспауы қажет [22].
Ауыз қуысында дисперстелетін таблеткалар соңғы жылдары таблетка
түріндегі ӛнімдердің қалай тез ауыз қуысында таралатынын, жеңіл қолдану
үшін және де жоғары тиімділігін жалғыз балалар арасында ғана емес, барлық
науқаста, әсіресе, жұту жағынан мәселесі бар науқастар үшін бақылауда. Бұл
таблеткалар бүтіндей жұтылады да сілекеймен байланысып ериді немесе ауыз
қуысында кішкентай бӛлшектерге дейін судың қатысынсыз ыдырайды [23].
Қабылдау жеңіл болғандықтан ауыз қуысында ыдырайтын таблеткаларды
балаларға 1 жастан бастап тағайындайды. Олардың тез еруі қажетті
толтырғыштар, яғни супердезинтегранттардың және кеуекті құрылымының
арқасында жүреді [24]. Қарсы кӛрсетілімдегі дозасы икемді болмағандықтан
балалар үшін бұл препарат әмбебап емес. Бұл мәселені шешу үшін пресс-форм
ауыз қуысында мини таблетка түрінде шығаруды ұсынды. Бұл таблеткалар
әртүрлі жолмен процесстермен дайындалған: лиофилизация, тікелей тығындап
қалыпқа салу [25]. Бұл таблеткаларды дайындаудың соңғы тәсілі 3D бойынша.
Бұл технологиялар әртүрлі атаумен патенттелген (Zydis, QuickSolv, Lyoc,
FlashDose, OraSolv, WoWTab, FastMelt, OraQuick, FlashTab, Ziplets) және
олардың ішінде бір бӛлігі балалар үшін сәтті қолданылуда [26].
Ауыз қуысында дисперстелетін пленкалар (ODF) деп аталатын
перороальды полимерлі пленкалар тілге салғаннан кейін ауыз қуысында ериді.
Олар балалардың дәрілік заттарының қатарына жатады [27]. Бірінші
коммерциялық ӛнім - жапырақтар тынысты сергіткіш ӛнім Listerine PocketPaks,
2001 жылы Pfizer деген компания 45-шығарылымында сатылған. 2004 жылы
Novartis компаниясы жаңа ӛнім – Терафлю мен Триамин препаратын шығарды,
құрамында балалардағы тұмау мен суық тиюде қолданылатын дәрілік заттар
бар [28]. Олардан айырмашылығы алғашқы ӛнім ондансетроны бар пленка
болды [29]. Шайнауға арналған таблеткалар, пленкалар және АҚДТ
формасындағы препараттары 6 айдан бастап балаларға, жұтуда қиындық
туындатпайды және жоғары деңгейде қабылданады. Пленкалардың
құрамындағы белсенді заттардың қосындысы шектеулі, 25 мг аспауы керек
[30].
Маңызды талаптар болып, орамдау тәсілі де саналады. Кең тараған саше,
онда жеке оралған жапырақтар, қажетті ұзындығы кесілетін оралған жолақтар
түрінде де шығаруға болар еді. Қалыпқа құю арқылы алынған, соңынан
экструцияланған, бірақ олар да плацебосы ғана бар полимерлі пленкаларға
дәрілік затты басу арқылы алынған [31]. Соңғы әдіс осы мақсатта
қолданылатын кӛптеген патенттердің объектісі, техника – электр саласындағы
полимерлі наноталшықтар спиннингі болып саналады [32].
15
Әртүрлі ауыз қуысында дисперстелетін дәрілік нысандар жақында
нарыққа енгізілді. Педиатрияда және гериатрияда осындай ауыз қуысында
еритін дәрілік қалып жасалуының артықшылықтары қолданылудың
қарапайымдылығымен пайдаланылады [33]. Осы уақытқа дейін нарықта тек
бірнеше жаңа ӛнімдер шығарылды, бірақ олардың дайындалуы мен ӛндірісі
пероралды түрде енгізілетін таблеткалар мен капсулалар сияқты дәстүрлі
дәрілік қалыптар ӛндірісіне қарағанда қымбатырақ болды. Дайындалған жаңа
ӛнімдердің жетістіктері болып, белгілі дәрілік қалыптардың қайта ӛңделіп, ары
қарай дамытылуы болды [34]. Дәрілік заттарды дайындау фармацевтикалық
ӛнеркәсіп және қоғамдық дәріханаларда жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай
дәрілер қоғамдық аурухана немесе дәріханалар үшін тәжірибелік жұмыс
барысында емдеу процесін жеңілдетуі мүмкін, ол үшін нормативтік талаптар
мен фармакопеялық мақалалар инновациялық диспергиялық дәрілік
нысандарын дамытуға жәрдемдесу үшін тиісті әдістері, техникалық
сипаттамалары және жаһандық үйлестіру болып табылады [35].
Балалар ересектер сияқты емес, және қандай да басқа жағдайларда олар
балалар болып қала береді. Қолданыстағы тәжірибе үшін дәрілік заттарды
әзірлеу пайдалануға қарағанда маңыздырақ деп санауға болады [36]. Балаларға
арналған дәрілік құралдар ӛндірісі ересектердің дәрілік заттарына қарағанда
кӛптеген ӛзгешеліктермен ерекшеленетіні анық, бірақ балаларға клиникалық
тәжірибелер жүргізілмейтіндіктен кӛп жағдайда мәліметтер жорамалды түрде
және ересектер мӛлшерлемесіне қайта есептеу қағидасымен жүргізіледі [37].
Еуропалық агенттік балаларға арналған дәрілер нарығына жауапты
компаниялардың жұмысын ынталандырып, балалар үшін атқарылатын
жұмыстың сапасын жоғарылатуға арналған жаңа қағидалар ойластырылып,
азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен Еуропалық агенттіктің жауапты педиатриялық
нарықтық компанияларға балаларға арналған ең үздік қызмет кӛрсетуге
ынталандыруды қамтамасыз ету үшін жаңа ережелер жүзеге асырылуда. Осы
ережелердің негізгі мақсаты клиникалық педиатрияда пайдалану үшін сыналған
дәрінің санын арттыру және дәрінің тиісті жасы дозасын бақылау. Дәрілік
заттар мен дәрілік қалыптарды қол жетімді сапалы, қауіпсіздігі және тиімділігі
бойынша қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады [38].
Дегенмен де, фармацевтикалық компаниялар мен реттеуші органдар
сәйкес компанияларды таңдауды қолдауға міндетті деген дәлелдік
ақпараттар жеткіліксіз. Балаларға арналған дәрілік құралдардың Жаһандық
дамуында аса маңызды жайттардың бірі дәрілік қалыптардың жасқа
байланысты тиімділігі мен жарамдылығы болып табылады. Кӛптеген
кемшіліктеріне, соның ішінде түсін, дәмін бүркеу, тұрақтылығының
тӛмендеуі, қосымша заттары балаларға бейімделінбеген [39]. Жастық
қатынасына байланысты нақтылықсыздар да бар, мысалы, 6 жастан асқан
балалар ӛздері жұта алатын қатты қалыптағы дәрілерді, қарапайым
таблеткаларды, капсулаларды пероральді жолмен тұтына алады. Балаларға
арналған дәрілік құралдарды қолдану жӛніндегі зерттеулердің аздығынан,
балалар тәжірибесінде олар тұтынатын дәрілік қалыптар белгілі бір дәлелдерге
емес, бұрыннан келе жатқан тұжырымдарға байланысты. Шектік жас ретінде
16
жиі 6 жас алынады, 5 жасқа дейінгі балалар ересектер секілді әртүрлі
консистенциялардағы сұйықтарды және жұмсақ шайнауға арналған заттарды
(мысалы, желатинді аю пішіндес мармеладтар) бақылай алады. Осындай
дәрілік қалыптарды 3 жасқа дейінгі балаларды емдеуде де қолдануы мүмкін
[40].
Минитаблеткалардың басқа да пероралды енгізуге арналған дәрілік
заттарға қарағанда кӛптеген артықшылықтары бар, мысалы, препаратты
енгізуге дейінгі әрекеттерсіз де нақты мӛлшерлеуді енгізу мүмкіншілігі,
бірнеше минитаблеткаларды қолдану жолымен дозаны ӛзгерту мүмкіншілігі
бар (әртүрлі жастағы және салмақтағы адамдарға). Минитаблеткаларды
қолданудың тағы бір артықшылығы толықтырғыштарды аз мӛлшерде қажет
етеді. Сонымен қоса, дәрілік препараттың құрғақ компазициялары
тұрақтылығының сұйық компазицияларға қарағанда ұзақтығы [41].
Минитаблеткалардың баяу босауы патенциалды құрамдар плазмадағы
тұрақты мӛлшерді, жанама әсерлерді, және қабылдау жиілігін азайтуға
мүмкіндік береді. Әдебиеттік шолу ақпараттары бойынша жүргізілген
зерттеулер минитаблеткаларды екі жастан кіші балалар үшін пероральді
қатты дәрілік қалып ретінде қолдануға арналған және қолайлылығы
зерттелмеген [42].
Бұл жаңа дәрілік қалыптың мақсатты тобы педиатрия, гериатрия,
тӛсекке таңылған адамдар мен ақыл-ес кемістігі бар адамдар болып табылады.
Кӛп саяхаттайтын, жүрегі кӛп айнитын, ауыз су тапшылығы бар немесе
мүлдем қол астында суды табу мүмкіншілігі жоқ адамдар үшін жылдам еритін
дәрілер тиімді болады. Фармацевтикалық маркетингте жылдам еритін дәрілік
қалыптарды дамытудың тағы бір себебі болып табылады [43].
Препараттардың жүйелі фармацевтикалық әсері кез - келген жолмен
енгізілуі арқылы жүзеге асуы мүмкін. Ең кең таралған жолы пероралдық
болып табылады, 90 % шамасында. Алайда кӛптеген пероралды дәрілердің
жеткізілуі барысындағы басты проблеманың бірі кең жүйе алды
метабализм болып табылады [44]. Қышқыл ортадағы тұрақсыздық
бұрмаланған және тұрақсыз абсорбцияға алып келеді. Осы айтылған
кемшіліктердің мүлде болмауы парентеральды енгізуде ерекшеленеді. Соңғы
он жылда кӛптеген фармацевт ғалымдар трансдермалды және
трансмукозалды жолдарды инъекция баламасы ретінде пайдалануды
зерттеуде. Кӛптеген шырышты қабаттардың ішінде ең тиімділерінің бірі
болып ауыз қуысының шырышты қабаты табылды [45]. Ұрттың шырышты
қабаты ӛте бай васкуляризацияланған және стрестен кейін жылдам қалпына
келу қасиетіне ие. Ол тікелей ішкі вена арқылы бауырдағы бірінші
метаболиттік тосқауылдан айнала ӛтіп, улкен биожетімділікті қамтамасыз
етеді. Оңтайлы фармокинетикасы бар препараттарды ойлап табу ең бір
болашағы бар зерттеулерге жатады, себебі бұл ӛте маңызды және
интеллектуалды қиын тапсырма болып табылады [46].
Дәрілік заттарды жеткізу жолдарының кез-келгенінің маңызды мақсаты
болып – ағзаның қажетті аудандарында дәрілік препараттың қажетті
терапевтикалық дозасын сақтау, және жанама әсерлердің саны мен
17
ауырлығын минимумға жеткізу болып табылады. Дәрілік препараттардың
пероралды жеткізілуі инвазивті болмағандықтан дәрілік заттарды енгізудің
қолайлы түрі болып табылады [47]. Минитаблеткалар мен ауыз қуысында
еритін пленкалар секілді ауыз қуысында еритін препараттар педиатрия
популяциясында қолданудың болашағы үлкен деп күтілуде. Педиатриялық
дәрілік заттар қалай жасалу керек екендігі жӛнінде жазылған жаңа
бағдарлама шығарылған болатын. Алайда кӛптеген жайттар әлі талқылауды
талап етеді. Соңғы директивте жазылған ородисперсті пленкалардың және
минитаблеткалардың сипаттамаларын, дәлелдік ақпараттарды ескеру керек
[48].
Педиатрия үшін дәрілік қалыптың жарамдылық мерзімі, кӛмекші заттарды
дұрыс таңдау, олардың бір – бірімен үйлесімділігі, дәм және иіс
корригенттерінің қосылуы ауыз қуысында еритін препараттар және
минитаблетка дәрілік қалыптары үшін талқыланған [49]. Педиатрия
саласындағы фармацевтикалық зерттеулерді дамыту керек [50]. Ғылыми
деректер мен бағдарламаға сүйене отырып, ородисперсті пленкалар мен
минитаблеткалар секілді педиатриялық заттарды жеткізудегі инновациялық
шешім ретінде қарастыруда [51]. Ауыз қуысында дисперстелетін
минитаблеткаларды жасап шығарудағы ең маңызды мәселенің бірі оның
ыдырау уақыты. Ауыз қуысында дисперстелетін минитаблеткаларды әртүрлі
толықтырғыштарды пайдаланып (супердезинтегранттармен байланысатын)
жасап, кейін жылдам дезинтеграцияланатын минитаблеткалар жасау үшін ең
дұрыс комбинация құрастыру үшін әртүрлі кӛрсеткіштер бойынша
сыналған, мысалы беріктігін, үгілуін, ыдырау уақытын [52]. Ең аз
дезинтеграциялану уақыты бар, оптималды сынғыштық пен қаттылығы бар
препараттар таңдалынып алынды. Минитаблеткалар гомогенді ұнтақтардың
қоспасы ретінде немесе алдыңғы ылғал грануляцияны таблеттеу арқылы
алуға болады. Тікелей пресстеу ең қысқа және ең эффективті, оңай жол
болғандықтан экономикалық тұрғыдан ылғал грануляциялау әдісіне
қарағанда тиімдірек [53]. Дегенмен де, минитаблеткаларды таблеттеу кезінде
препаратты жақсы ұнтақталатын таблеттік масса ретінде алу маңызды.
Ұнтақтың аққыштығы ӛте маңызды шарт болып табылады, себебі
матрицаның кішкентай тесіктеріне жылдам әрі тегіс толуы үшін [54].
Жасқа сәйкес келетін дәрілік формалардың жеткізілуі маңызды тапсырма
болып табылады. Кейбір топтарда, мысалы балаларды емдеуде қиындықтар
тууы мүмкін. Ас қорыту жолдарының аурулары және жұту қиындығын
дәрі қабылдау қиындығын туғызуы мүмкін [55]. Физикалық
сипаттамаларына келетін болсақ, балалардың ересектерге арналған
таблеткаларды жұтуда қиындықтарға душар болуы мүмкін. Осылайша
балалар ерекше пациенттер тобын құрайды. Бұл енгізу жолдарын
жеңілдететін дәрілік қалып түрлерін шығару маңызды болып табылады [56].
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында (БДСҰ)
сарапшы форум 2008 жылы парадигманың ӛзгерісін қатты дәрілік қалыптарға
қарай ауыстыруды ұсынды. Соған қарамастан, бастапқы жағдай ӛзгерген жоқ:
балалар үлкен таблеткаларды немесе капсулаларды жұтуға қабілетсіз [57].
18
Ерігіш таблеткалар, мультибӛлшектер және қаптамалардағы ұнтақтардың
енгізілуі жаңалық болып табылмайды, бірақ осы дәрілік формалардың
жандануы олардың педиатриядағы сәтті дәрілік терапия екендігінен
байқалады. Дегенмен де, жаңа дәрілік қалыптардың даму тенденциясы соңғы
жылдары пайда болды: балаларға қолайлы болып зерттелген ауыз қуысында
дисперстелетін таблеткалар (АҚДТ) табылды [58].
Кейінгі ородисперсті таблеткалар (ОДТ) дамуы ауыз қуысында
дисперстелетін минитаблеткаларға алып келді [59]. Минитаблеткаларды
қолдану (1-2 мм диаметрде) дәрілік қалыптарды жасау сәттілігінің алғышарты
болды. Оның артықшылықтары – таблетканың ыңғайлылығы, қатты дәрілік
формасы, тұрақтылығы жағынан мәселенің аздығы, ылғал ортаға тӛзімділігі
және балалардың бірден кӛп мӛлшерде таблеткаларды жұтып қоюынан ауыз
қуысында дисперстелетін минитаблеткалардың тілмен байланыста бірден
ыдырауы [60]. Таблетканың ӛте кішкентай кӛлемі бӛлуді міндеттемейді.
Зерттеулер балалардың минитаблеткалармен (МТ) қатынасын зерттеудегі ортақ
пікірін кӛрсетті (қабылдау және сәтті түрде жұту) [61]. МТ (2 мм) шырын
балаларға (0,5-6 жас) сынақталды. Минитаблеткаларды тіптен ең кішкентай
балалар (6-12 ай) жұта алатындығы белгілі болды [62]. Балалардың ұнтақ,
шырындардан гӛрі 4-мм минитаблеткаларды қабылдау тенденциясы жоғары
екендігі зерттеулер барысында анықталды. Ата-аналар ӛздерінің 1-4 жастағы
балаларын ӛз плацебосын қолдануды сұрап, олардың ыңғайлылығын
бағалауды ӛтінді. Зерттеу барысында минитаблеткалардың басымдылығы тағы
да дәлелденді [63]. Балалар басқа дәрілік қалыптарға қарағанда таблеткаларды
кӛп қабылдады. Бұл мәлімет балалардың таблеткаларды жасына және
таблетканың кӛлеміне қарамастан жұту қабілеттілігі жайлы баяндайды [64].
Жоғарыда кӛрсетілген мағлұматтар балалардың қатты дәрілік қалыптарды
қабылдауға дайын екендігін растайды. Оған қоса, олардың бұл дәрілік қалып
түрін басқаларға қарағанда жақсы қабылдауы байқалды [65].
Педиатриялық препараттарға қатысты жаңа шешімдер де осы
технологиядан табылды. Минитаблеткалар дәстүрлі қатты дәрілік формаларда
қолданылады және науқастың сұранысына байланысты кӛлемін ӛзгертуге
болады. Минитаблеткалар – диаметрі 1 мен 3 мм [66] немесе 4 мм, олар
балаларға жекеше түрде және сандық франшизалы формада ӛздігінен немесе
кез-келген тағаммен және сұйықтықпен бірге ұсынылады [67]. Ӛзінің
бӛлшектерінің кішілігінің арқасында минитаблеткалар жұтуда артық мәселе
туғызбайды және мектеп алды балаларға да ұсынылуы мүмкін (2-6 жас).
Гериатрия мен дисфагияда да минитаблетка кӛлемі ең қолайлы қалып болып
саналады [68]. Формасының тартымдылығына қоса, минитаблеткалардың үлкен
басымдылығы дәрілік заттардың балаға жасы мен салмағына байланысты
индивидуалды, әрі нақты дозалануы болып саналады [69].
Минитаблеткалардың дәрілік түрі балаларға қауіпті консерванттар мен
препараттың сұйық формасына керек ерігіш заттарды қажет етпейді [70].
Технологиялық тұрғыдан қарағанда минитаблеткалар ӛндірісте қиындық
туғызбауы тиіс, себебі бұл ӛнімдер басқа да ӛндірістік линияларда және жақсы
белгілі технологияларда да қарапайым таблеткалар ӛнімінде қолданылуы
19
мүмкін. Минитаблеткаларды зерттеу барысында олардың бӛлшектерінің кӛп
жиынтығының санаты технологиялық қиыншылықтар туғызбайтыны белгілі
болды [71].
Ең бастысы, минитаблетка ӛндірісінде бұрыннан қалыптасқан дәрілік
заттардың құрамынан тұратын процестерді қолдануға болады. Ең кішкентай
балалар үшін ауыз қуысында ыдырайтын минитаблеткалар ӛндірісі бар.
Таблетканың сыртқы қабаты дәрінің жағымсыз дәмін алмастырады, мысалы
Преднизолон немесе дәрілік заттың ішек қуысында инактивациялануынан
қорғау – омепразол энтеросолюбильді минитаблетка қабаты [72].
Минитаблеткалар балаларға қолжетімді педиатриялық дәрілік форманың
дамуына мүмкіндік береді. Әдебиеттік шолу мәліметі сыртқы қабаты
қаптамамен оралған минитаблеткалардың модификациясы сәтті түрде
ӛндірілетінін айқындайды [73].
Минитаблеткалардың зерттелуі Еуропалық елдерде 10-15 жылдан бері
жалғасып келеді, бірақ оның потенциалы әлі күнге дейін ашылған жоқ, тек
ересектерге арналған дәрілік заттардың бірнешеуінде осы қарқын қолданылған
[74], 1 - кестеде берілген.
Кесте 1 - Минитаблетка қалыптағы дәрілік заттар
Дәрілік заттың
саудалық атауы
Белсенді зат
Сипатталуы
Кӛрсетілімі
1
2
3
4
Pangrol 10000
Pangrol 25000
(Berlin Chemie
AG)
Панкреатиндік
ферменттер
10000; 25000
20-60 гастро
тұрақты қатты
капсуладағы
минитаблеткалар
Созылмалы
қабынған
панкреатит, ПЖ,
муковисцидоз,
Ересектер мен 6
жастан улкен
балалар
Long Orfiril 1000
(Desitin
Arzneimittel)
Натрий
вальпроаты
500 немесе 1000
мг
Эпилепсияға
қарсы ұзақ
мерзімде босап
шығатын
сашедегі
минитаблеткалар,
6-14 жастағы
балалар және
ересектер
Pancrease HL
Капсуласы
(Янссен Cilag)
Панкреатиндік
ферменттер
Қатты желатинді
капсуладағы
ішекте еритін
қапталған
минитаблеткалар
Созылмалы
қабынған
панкреатит,
муковисцидоз,
15 жастан жоғары
20
1 - кестенің жалғасы
1
2
3
4
Ultras MT
(Aptalis Pharma)
Липаза, протеаза,
амилаза
Ішекте еритін
минитаблеткалар
12, 18 немесе 20
дана капсулада.
Бір жыл бойы
Tecfidera
(Биоген)
Диметил фумарат
120 немесе 240 мг
Энтеросолюбилді
қапталған
минитаблеткалар
2 мм.
Қатты желатинді
капсула
Ересектер
Ламизил Oral
гранулалары
(Novartis)
Тербинафин HCl,
125 немесе 187,5
мг
2,1 мм диаметрлі,
саше
30 немесе 45
данадан
Қышу;
4 жастан жоғары.
Trilipix
(Эбботт)
фенофибрат
45 мг немесе 135
мг
гиперлипидемия
Босап шығуы
ұзартылған катты
капсуладағы
мини-планшет
Ересектер
Осы препараттардың тек екеуі 2-6 жастағы балаларға қолдануға рұқсат
етілген (Lamisil оральді түйіршіктері, ультрас MT), екеуі ересек адамдарға
арналған. Оған қоса олар нақты дозадан тұратын, белгілі мӛлшердегі жеке
капсулаларға
немесе
сашелерге
қапталған
минитаблеткалар,
ал
минитаблеткаларды 2 жастағы балаларға тағайындау және жеке дара дәрілік
қалып ретінде ұсыну ӛзекті мәселе болып отыр [75].
Бұл балаға арналған дозалау мӛлшерін жас ерекшелігіне байланысты
ӛзгертуге ықпал етеді. Дозалаудың қате саналу қаупін тӛмендету мақсатында
бұндай құрылымдар кез-келген санды нақты және тез есептеу үшін,
құрылғының кері санақ жүргізілуі минитаблеткалардың дұрыс мӛлшерленуі
үшін қажет. Қаншама мыңдаған заманауи құрылғылар бар, бірінің басқарылуы
күрделі, бірі оңай, бірақ нақты минитаблеткаларды санауға лайықты қондырғы
әлі күнге дейін тапқырланған жоқ. Қарапайым дозалаушы қасықтар бар бірақ
олар бір мӛлшерлегенде бірден 50 минитаблетканы есептегендіктен жеке
науқасқа мӛлшерлеу мүмкін емес [76].
Минитаблеткаларды мӛлшерлеуші құрылғылардың бірі басқышты басып
немесе дисктің айналуы арқылы мӛлшерленетін болса онда бұл құрылғы бір
қатар мәселелерді шешетін еді, мәселен орамдау материалы ретінде және
бұндай ыдыста тұрған дәрілік заттың сапасы, қолданылу ыңғайлылығы да
препараттың ажырамас сипаттамасының бірі болар еді. Бірақ бір қиыншылығы
бұндай құрылғылар қандай да бір қолдауға ие бола алмайды, ӛйткені әртүрлі
21
ортадағы әр қилы адамдар қолданатын болғандықтан минитаблеткаларды
санауда жеке адам басқаруында кейбір қателіктер орын алуы әбден мүмкін. Ал
электронды жүйесі бар құрылғысында дозалаудың нақты болуын қадағалауға
мүмкіндік бар, бұндай құрылығының да кемшілігі бар, ол жеке адамның
минитаблеткаларды санауға арналған құрылғыны басқаруының күрделілігі
және құнының қымбат болуы, осы құрылғының нарыққа шығуына ең басты
кедергі болып отыр [77].
Минитаблеткаларды
әртүрлі
жастағы
науқастарға
салмақтарына
байланысты дұрыс дозалау үшін арнайы қондырғы тапқырланған. Ол жерде
арнайы «қосу, алу» тетіктің кӛмегімен қажетті мӛлшерде МТ санын дисплейге
шығарып растау тетігімен МТ керек санын дозалағыш қондырғыдан науқас ӛзі
нақты ала алады.
Сурет 1 - Минитаблеткаларды дозалауда қолданылатын мӛлшерлеуші құралдар
[78]
Достарыңызбен бөлісу: |