«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет20/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

3-бап. Салымды енгізу тәртібі 
1.
Клиент салады, ал Банк салымды жинақ шотына есепке алу арқылы салымды қабылдайды да, 
банктік салымның жеке талаптарында және шартта көзделген мөлшерде және тәртіппен салым 
бойынша сыйақы төлейді.
2.
Банк Клиентке осы Тараудың 2-бабының 3-тармағында көрсетілген салымды ашу туралы 
өтінішінің негізінде жинақ шотын ашады.
3.
Банк Клиентке өтініште көрсетілген валютада жинақ шотын ашады. 
4.
Банк төменде көрсетілген әдістермен Клиентке Банкте оның атына ашылған жинақ шотының 
нөмірі туралы хабарлайды: 
1)
Клиент Банктің ғимаратына тікелей жүгінген кезде, бұл ретте Клиент жинақ шотының нөмірі 
көрсетілген Банк қызметкерінің қолымен куәландырылған жазбаша құжатты алуға құқылы; 
2)
интернет-банкинг арқылы. 
5.
Клиент интернет-банкинг арқылы жинақ шотын ашқан жағдайда, Банк Клиентке интернет-
банкинг арқылы келісілген шарттарда жинақ шотын ашу арқылы растауды немесе жинақ шотын 
ашудан бас тарту туралы ақпаратты жібереді. 
6.
Өтініш пен Банктің интернет-банкинг жүйесінде қалыптастырған салымды ашу туралы 
растауы Банктің дерекқорында электрондық нысанда сақталынады. 
7.
Клиент Банктің кез-келген бөлімшесінен интернет-банкинг көмегімен салымды орналастыру 
бойынша қағаз тасығышта салымды ашу туралы өтініштің данасын және шотты ашу туралы 
растаманы алуға құқылы. 
8.
Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, Клиент салымды жинақ шотына осы 
Тараудың 2-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарын ресімдеген күні салады. Салым сомасы 
Банкке қолма-қол ақша түрінде, ақша аударымы арқылы көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп түскен 
жағдайда немесе банктік салым шартында белгіленген төмендетілмейтін қалдық сомасынан төмен 
сома түскен жағдайда, Банк: 
1)
салым бойынша сыйақыны талап етілгенге дейінгі салым шарттарына сәйкес есептеуге; 
2)
түскен соманы Банктегі Клиенттің ағымдағы шотына аударуға; 
3)
банктік салым шартын жасалынбаған, ал түскен ақшаны Клиентке ол жүгінген күні қайтаруға 
құқылы. 
Салымды енгізу Банкте ашылған Клиенттің банктік шоттарынан ақшаны есептен шығару арқылы 
акцептісіз тәртіпте оларды тікелей дебеттеу немесе ҚР заңнамасы мен Банктің ішкі құжаттарында 
тыйым салынбаған басқа әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін. 
9.
Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, Клиент жинақ шотына салымды келесі 
әдістермен енгізеді:
1)
шотқа ақшаны қолма-қол ақшасыз аудару арқылы; 
2)
банктің кассасы/терминалдары/банкоматтары арқылы қолма-қол енгізу; 
3)
Банкте ашылған Клиенттің банктік шоттарынан ақшаны есептен акцептісіз тәртіпте оны 
тікелей дебеттеу арқылы есептен шығару арқылы; 
4)
ҚР заңнамасынмен және Банктің ішкі құжаттарымен тыйым салынбаған өзге әдіспен. 
10.
Салымды орналастыру мерзімі салымға ақшалай қаражат түскен күннен кейінгі күннен бастап 
есептелінеді. 
11.
Салым бойынша сыйақы салым сақталған нақты мерзім үшін есептеледі, бұл орайда Банкке 
ақша енгізілген күн мен салым мерзімі аяқталатын күн бір күн деп мойындалады. Сыйақы 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
есептелгенде. банктік салым шартымен басқаша қарастырылмаса, Банк бір жылдағы күнтізбелік 
күндердің нақты санын есептейді. 
12.
Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, салым бойынша қосымша жарналарды 
Клиент немесе үшінші тұлғалар (өзінің жеке сәйкестендіру коды туралы деректерді көрсете отырып) 
салым бойынша максималды сома шеңберінде ақшаны жинақ шотына қолма-қол ақшасыз аудару
Банк кассасы арқылы қолма-қол ақшамен немесе Банктің төлем терминалдары/банкоматтары арқылы 
енгізе алады. Егер банктік салым шартында жинақ шотына қосымша жарналарды енгізу 
қарастырылмаса, Клиент немесе үшінші тұлғалар жинақ шотына соманы енгізген жағдайда, Банк 
мұндай соманы Банкте ашылған ағымдағы шотқа аударады, ол болмаған жағдайда, Банкке жүгінген 
кезде Клиентке қайтарады. 
13.
Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, Клиент немесе үшінші тұлғалар жинақ 
шотына салымның максималды сомасынан асатын соманы есептеген жағдайда, Банк: 
1)
Банктегі Клиенттің ағымдағы шотына түсетін соманы есептеуге; 
2)
Банктегі салымның максималды сомасынан асатын сомаға сыйақы есептемеуге; 
3)
түскен ақшаны ақша жіберушіге қайтаруға құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет