карточканы бұғаттау – карточканы пайдалану арқылы төлемдерді жасауға толық немесе
уақытша тыйым салу;
1-бап осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында 4-1) тармақпен толықтырылды (30.11.2021 ж. №24/2021 хаттама) 4-1)
виртуалды карточка – Мобильді төлемдер сервисін пайдалана отырып, Интернет желісінде
төлемдерді жүзеге асыруға арналған карточка. Виртуалды карточкаға қызмет көрсету тәртібі осы
Шартқа сәйкес айқындалады;
5)
операцияны жасау күні – жасалынған операция Клиенттің шотында көрсетілген күн;
6)
дебеттік карточка – Клиентке оның ағымдағы шотындағы ақша сомасы шегінде төлем жасауға
және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға мүмкіндік беретін карточка.
Дебеттік карточка сондай-ақ оның ұстаушысына Банк ұсынған кредиттік лимит сомасы шегінде
төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігін бере алады;
7)
ұстаушы – карточканы пайдалану құқығы бар және шоттың иесі болып табылатын клиент;
8)
кредиттік лимиттің қолжетімді қалдығы – Клиент пайдаланбаған кредиттік лимит мөлшері;
9)
ай сайынғы төлем – міндетті төлем, минималды төлем;
10) тармақша осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды (30.11.2021 ж. №24/2021 хаттама) 10)
карточка – карточка ұстаушысына (Клиентке) шоттағы ақша сомасы шегінде карточка немесе
оның деректемелерін, сондай-ақ жеке қаражат болмаған жағдайда Банк тараптар арасында жасалған
кредит шартының талаптарында ұсынған карточка бойынша кредитті пайдалана отырып, төлем
жасауға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;
11)
кредиттік лимит – Банк Клиентке ашқан кредит желісінің мөлшері;
12)
кредит карточкасы – Клиентке өз ақшасы мен оған берілген кредиттік лимит шегінде
төлемдерді жүзеге асыруға және қолма-қол ақша алуға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;
13)