карточка компрометациясы — Банкте немесе Клиентте Клиенттің рұқсатымен немесе
рұқсатынсыз үшінші тұлғалар карточкаға, карточка деректемелеріне немесе карточканың магнит
жолағының кодтауына қол жеткізді немесе қол жеткізуі мүмкін деген негіздемелердің болуы;
14)
жеңілдікті кезең - Банк айқындайтын өтеу кезеңі аяқталған күнге дейін қолданылатын кредит
шарты бойынша берешекті өтеудің жеңілдікті тәртібінің уақыт кезеңі;
15)
есептік кезең – Клиент карточка бойынша операциялар жүргізген өткен айдың есептік күнінен
бастап ағымдағы айдың есептік күніне дейінгі (яғни ағымдағы айдың есептік күнін қоспағанда) кезең;
16)
мерзімді комиссиялар - Банк тарифтерінде және (немесе) банк өнімдерінің талаптарында
белгіленген мөлшерде Банк мерзімді негізде алатын комиссиялар;
17)
өтеу кезеңі - қалыптастырылған ең төменгі төлем, сондай-ақ бұрын өтелмеген овердрафт және
минималды төлемдер өтелетін кезең. Өтеу кезеңі есептік кезең аяқталған күннен кейін келесі күні
басталады. Өтеу кезеңі, егер өтініште және/немесе кредит шартында өзгеше көзделмесе, бір
күнтізбелік айды құрайды;
18)
ережелер – осы шартта мазмұндалған карточканы пайдалану ережелері;
19)
кредиттік лимиттің шекті сомасы - кредит шартына сәйкес берілуі мүмкін кредиттік
лимиттің шекті мөлшері;
20)
ПИН-код – Клиентті автоматтандырылған режимде операциялар жүргізу барысында
сәйкестендіруге арналған дербес сәйкестендіру нөмірі, құпия коды;
21)
есеп айырысу күні – Банк мерзімді комиссияларды, сыйақыларды және есептік кезең үшін
өзге де сомаларды, егер олар шарт талаптарында көзделген жағдайда, есептеуді жүзеге асыратын күн.
Егер тиісті шартта өзгеше көзделмесе және кредит шарты айдың 5-14 күндері аралығында жасалынған
болса, кредит карточкасы бойынша есеп айырысу күні әр айдың 5-күніне; егер кредит шарты айдың
15-24 күндері аралығында жасалынған болса, 15-күніне; егер кредит шарты айдың 25-4 күндері
аралығында жасалынған болса, 25-күніне түседі; дебеттік карточка бойынша есеп айырысу күні әр
айдың 1-күніне түседі;
22)