«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет21/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

4-бап. Салымды қайтару тәртібі 
1.
Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, салымды орналастыру мерзімі ішінде 
салымнан ақшаны ішінара алуға рұқсат беріледі, алайда банк өнімдерінің тиісті талаптарында 
және/немесе банктік салым шартының талаптарында бекітілген мөлшердегі төмендетілмейтін қалдық 
шотта болуы тиіс. Салымнан ішінара ақша беру Банк Клиенттің Банкте ашылған ағымдағы шотына 
немесе Клиент ағымдағы шотының бар екендігін растайтын құжатта көрсетілген шотқа аудару немесе 
Банктің кассасы/терминалдары/банкоматтары арқылы қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
2.
Клиент немесе үшінші тұлғалар ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен салымды банктік 
салым шарты бойынша төмендетілмейтін қалдық сомадан кем сомаға азайтса, Банктік салым шарты 
Банктің Клиентке хабарлаған сәтінен бастап бұзылған болып саналады. Осы тармаққа сәйкес, Банктік 
салым шартында өзге талаптар қарастырылмаса, Банктік салым шартының күшін жоймастан бұрын 
Банк салым бойынша сыйақыны қажет болған жағдайға дейін есептеуге құқылы. 
3.
Салымның сомасын толық немесе ішінара алу үшін Клиент: 
1)
Банк бекіткен нысанда Клиент өзі немесе уәкілетті өкілі қой қойған өтінішті Банкке ұсынуға;
2)
Банк бекіткен Клиенттің динамикалық сәйкестендіруін пайдалана отырып интернет-банкингте 
жасалынатын нысанда, Банкке өтінішті ұсынуға; 
3)
дербес компьютердің, электрондық байланыс құралдарының, электрондық терминалдардың, 
банкоматтардың және т.б. экрандарында көрсетілген нұсқауларды басшылыққа алуға міндетті. 
Салымның толық сомасы немесе оның бөлігі Банктің кассасы арқылы қайтарылған жағдайда, 
Клиент Банкке тиісті өтінім ұсынады. 
Банк мерзімді салымды толық немесе ішінара келесі тәсілдер арқылы қайтарады:
1) Салымшының талабы келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Банктің 
кассасы арқылы; 
2) операциялық күн ішінде Салымшының Банкте ашылған шотына қолма-қол ақшасыз аудару 
арқылы, 
3) тиісті өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) банктік күн ішінде басқа банкте немесе «Қазпошта» 
АҚ-да ашылған шотқа қолма-қол ақшасыз аудару арқылы; 
4) егер банктік салым шартында мұндай мүмкіндік қарастырылса, терминалдар/банкоматтар арқылы 
сұралған сома Клиент жүгінген сәтте терминалда/банкоматта жеткілікті сома болған кезде беріледі. 
Банк жинақ салымын Салымшының талабы түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кейін 
береді. 
Клиент Банкке салымның толық сомасын немесе оның бөлігін терминалдар/банкоматтар арқылы 
алу үшін жүгінген жағдайда, егер банктің салым шартында мұндай мүмкіндік қарастырылса, сұралған 
сома Клиент жүгінген сәтте терминалда/банкоматта жеткілікті сома болған кезде беріледі. 
4.
Банктің салымның барлық сомасын толық немесе ішінара қайтару, сонымен бірге салым 
бойынша сыйақыны төлеу міндеттемесі келесі жағдайларда орындалған болып есептеледі: 
1)
қолма-қол ақшасыз аудару кезінде Банктің шотынан ақшаны ҚР-ның басқа банктерінде 
ашылған Клиенттің банктік шоттарына есептен шығарғанда; 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
2)
жинақ шотынан ақшаны есептен шығарған сәттен бастап және Банкте ашылған Клиенттің өзге 
банктік шотына есепке алғанда; 
3)
Банктің кассасы\терминалдары\банкоматтары арқылы қолма-қол ақшаны берген сәтте. Қате 
есептелген және төленген сыйақы сомасы қайтарылуы тиіс, бұл ретте Банк артық төленген сыйақы 
сомасын салым сомасынан ұстап қалуға құқылы. 
Егер салымды орналастыру күнінің аяқталуы жұмыс емес күніне келсе, салымды қайтару 
көрсетілген жұмыс емес күнінен кейінгі бірінші банктік күні жүзеге асырылады.
5.
Салым мен есептелген сыйақыны қайтарғаннан кейін Банк жинақ шотын жабады. 
6.
Банк өзіне тәуелді емес жағдайлар (шотқа тыйым салу, шотты жабу) бойынша есептелген 
сыйақыны немесе салым сомасын немесе оның бөлігін қайтару мүмкін болмаған жағдайда, ол үшін 
жауапты болмайды. Клиент өзі ұсынған ағымдағы шотының бар екендігін растайтын құжатта 
көрсетілген шоттың өзектілігін тексеруге және Банкке ағымдағы шотының бар екендігін растайтын 
құжатты және Банк бекіткен нысандағы өтініштің түпнұсқасында шоттың өзгеруі туралы 3 (үш) 
банктік күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті. 
7.
Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, Клиент келмеген және салымды 
орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін салым сомасы талап етілмеген жағдайда, салымды 
орналастыру мерзімі автоматты түрде дәл сондай шарттармен дәл сондай мерзімге ұзартылған болып 
саналады, ал мөлшерлеме бойынша сыйақыны есептеу салымды орналастыру мерзімінде әрекет ететін 
мөлшерлемеге сәйкес жүзеге асырылады. Капиталдандыруы жоқ, сыйақы капиталдандыруы 
қарастырылмаған банктік салым шарттары бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақы сомасы 
банктік салым шартын ұзарту күніне қосымша есепке алынбайды. Банк салымды орналастыру мерзімі 
аяқталғаннан кейін салымның мұндай түрін Банк қабылдауды тоқтатса, салымды орналастыру мерзімі 
ұзартылмайды. Банк салым сомасын Клиент ағымдағы шотының бар екендігін растайтын құжатында 
көрсетілген 
Клиенттің 
ағымдағы 
шотына 
аударады 
немесе 
Банктің 
кассасы/терминалдары/банкоматтары арқылы қолма-қол ақша түрінде алады. Өзге жағдайларда 
салымды орналастыру мерзімі салым талап етілгенге дейін дәл сондай шарттармен созылған болып 
саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет