51
басында өкімет билігін иеленді. ХҮ ғ. 50-жылдарының аяғында Батыс
Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған тайпалар көшіп келді. Моғолстан
ханы Есен Бұға оларға жер бөліп берді. Мұндағы Есен Бұғаның мақсаты:
- қазақтарды ойраттарға және Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде
пайдалану;
- қарсыласы Әбілқайыр мен інісі Жүніске қарсы қою.
Жүніс хан тұсында (1462-1487) мемлекет жағдайы біраз нығаяды, бірақ ол
1472 жылы Жетісуға шабуыл жасаған ойраттардан жеңіліп қалады.
Жүнісханның баласы сұлтан Махмұт хан (1487-1508) Жетісуда және Сырдария
қалалары үшін қазақ хандарымен соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең
соңғысы Жүніс ханның немересі Сейітхан 1514 жылы Қашғарияны басып алып,
Шығыс Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет құрады. Жетісудағы қазақ
рулары мен тайпалары 60 жж. бастап Қазақ хандығының құрамына енеді.
Сөйтіп, ХҮІ ғ.басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының
жиілеуі және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан
ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ
хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу
барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: