53
Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады.
Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін созылып
жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі
жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза,
Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария
бойындағы қалаларды
жаулап алуға жәрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді
бірде татуласып, одақ құрып отырған. Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды
«екі туысқан Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы»
атанған.
ХҮІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық,
саяси байланысы дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап,
екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің
батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың
көпшілігі Қазақ хандығына, соның
ішінде Кіші жүз құрамына енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген
тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: