52
Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ
ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей
сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті.
Оларды
жазалау үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда
кенеттен қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті.
Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал
Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен
Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ
хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған
Шайбанилар ұрпағының
Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына
толық көшті. ХҮІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің
бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарынң билігінің
әлсірегенін
пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып
алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына
қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: