Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет4/42
Дата21.12.2022
өлшемі450,47 Kb.
#163851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

(Нұрхан Ахметбеков).
Тілдік жүйе бойынша, дұрысында,
 
ерле
болуға тиіс
(салыстырыңыз:
шідер-ле, жыр-ла, қырла, түр-ле
(«текеметке түр
басу» т. б.). Кей жағдайда тілдік жүйе мен тілдік дағды айнымас
бірлікте болса, кейде өзара кайшылықта болып, күреске түседі.
Мұндайда бірде жүйе басым болып, дағды ығысады да, қайшылық
шешіледі, қарама-қарсылық бірлікке айналады. Кейде тілдік
жүйеден тілдік дағды басым түсіп, қайшылық тереңдей түседі.
Тілдік жүйе бойынша
ерле
болуға тиіс сөздің
ертте
болуы жүйеге
қарағанда дағдының басым түсуінен деп түсіну керек.
Ертте
сөзінің түбірі –
 ер,
ал
 -те
есім сөзден 
(ер)
етістік тудыратын
қосымша екендігі айдан анық. Бірақ түбір сөз
 (ер)
бен қосымшаның
(-те) 
аралығындағы т қандай элемент? Қайдан пайда болған?
Көне тіл деректерімен салыстыра қарағанда, бұл құпия т-ның
 -ла,
-ле (-та, -те)
аффиксімен синонимдес қосымша екендігін байқаймыз.
XI ғасырдағы әйгілі ғалым М. Қашғаридің сөздігінде
йағырыт,
теріт
2
түрінде кездесетін қолданыс бар, олар, қазіргіше айтсақ,
жауыр-ла, терле
сөздерінің эквиваленттері. Осымен салыстырғанда,
қазіргі ертте сөзі бұрын
ер-іт
делініп айтылуы ықтимал. Есім
сөздерден етістік тудыратын байырғы бұл қосымшаның
 (-ыт, -іт, -г)
қызметі қазақ тілінде әлсіреп, мағынасы көмескі тарта бастаған
(
 тұман-ыт, шаң-ыт
тәрізді бірер сөздің құрамында ұшырасады). Бұл
жағдай әрі актив, әрі өнімді қолданылатын
-ла, -ле (-да, -де)
қосымшасының қабаттаса жалғануына себеп болса керек. Қызметі
әлсіреп, мағынасы көмескіленген бір элементтің үстіне екінші бір
форманың қабаттаса жалғануы – өзге орайда да кездесе беретін
құбылыс.
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет