Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата21.12.2022
өлшемі450,47 Kb.
#163851
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

(Ғашықтық жырлардан).
Сөзге көне сипат беріп, стилизациялап жұмсауды көздеген ақын-
жазушыларда болмаса, бүгінгі тіл қолданысымызда
жазира
сөзі
«шөл», «арал» мағынасында қолданылмайды. Бұлай болуы заңды да,
өйткені алғашқыда қазақтың
арал, шөл
тәрізді төл тума, байырғы
сөзімен бәсекеге түскен
жазира
басы артық қолданысқа айнала
бастады. Өзінің өзгеру, даму барысында тіл не бір балластан (басы
артық қолданыстан) арылып, өзін-өзі «реттеп» отырады. Бірақ
балластан арылудың жолы әр түрлі. Басы артық кейбір сөз,
элементтер қолданыс үйірінен мүлдем шығып қалады, кейбірі,
керісінше, бәсекелесімен тайталас жұмсала келіп, өзгеше мағынаға
ие болады. Олай болса жазира сөзінің мағынасы қалайша өзгеріп,
полярлық қарама-қарсы ұғымға ие болды?
Мұндай өзгерістің болуы кездейсоқ, қисынсыз емес. Оның өз
заңдылығы бар.
Жазира
«шөл» деген бір бүтін ұғымның ғана емес,
сол бүгінге кіретін бөлшектің атауы. Бұл жерде бүтіннің бөлшегі деп
отырғанымыз – шөл мен шөлейт далаларда кездесетін оазис (жасыл
алқап). Қазақ тілінде бастапқыда бүтіннің атауы болған сөз
белшектің атауына көшкен. Бөлшектің бүтіннің атауымен атала
4
Н . О ң д а с ы н о в . Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. Алматы, 1969, 48-бет.


беретінің өзге де мысалдардан байқауға болады. Мысалы,
үкі
– құс,
үкі
– тақия мен домбыраға әшекей үшін тағатын қауырсынның
атауы.
Сонымен
жазира
сөзі бүтіннің бөлшегін (оазисті) білдіретін
атауға көшті. Кең байтақ қазақ даласы ұлы теңіз тәрізді көрінсе,
оның әсем көріністі Көкше, Қарқаралы тәрізді оазистері аралға
ұқсар еді. Осындай оазистер
жазира, гүл жазира, жасыл жазира
делініп ерекше реңмен аталып жатса, еш жаттығы жоқ. Оны жаман
нышанға жоруға болмайды. Кейбір тілдерде, мысалы монғол тілінде,
арал
сөзі «түбек», «остров» әрі «оазис» деген мағынаны білдіреді.
Ертедегі түркілерде де
 арал
сөзі 1) «остров», 2) «оазис» деген екі
түрлі мағынаны білдірген болуы керек.
Арал теңізі
деген
географиялық атаудың жасалуына осы сөздің екінші мағынасы
(«оазис») негіз болуы ықтимал. Құм мұхитының арасынан бұл теңіз
аралдай (оазистей) болып көрінсе керек.
Бұл – сөздің ұқсату заңдылығы бойынша аталуы. Сөздің кейде
бүтіннің бөлшегін білдіретін мағынада жұмсалуы немесе ұқсату
арқылы өзгеріп отыруы – тіл-тілде болатын заңды құбылыс. Одан
бейхабар жанға мұндай өзгерістер білместіктен кеткен ағат
қолданыстай болып көрінеді. Егер осындай қисынды өзгерістерді
мойындамасақ, қазіргі қолданылып жүрген
 
шебер
 
сөзінің
мағынасынан да бас тартқан болар едік.
Көктем мезгіл болғанда, 
Көктен кұйған тамшыдай, 
Шебер
қыздың қолында, 
Балдағы алтын қайшыдай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет