Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті


Ғ . С е б е п о в . Түйе және оның әбзелі туралы қазақша атаулар. – Известия Қаз. ФАН СССР



Pdf көрінісі
бет22/42
Дата21.12.2022
өлшемі450,47 Kb.
#163851
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

Ғ . С е б е п о в . Түйе және оның әбзелі туралы қазақша атаулар. – Известия Қаз. ФАН СССР
серия языка и литературы. 1944, М., 150-бет.


атауларын білдіретін сөздердің түп-төркіні бұлар тәрізді
түсінікті бола бермейді. Мысалы,
Марток
деген атау қандай
мағынаны білдіреді? Жер аты неге
Марток
аталған? Академик
М. Әуезов кейбір атаулардың тарихына, неге бұлай
аталатындығына назар аудара келіп,
мәртүк
шөбі көп
шыққандықтан, бұл өлке
Мәртүк
аталған дейді. Шындығында,
мортық, мортық боз
деп аталатын шөп аттары осы
мәртүк
сөзінің жуан варианты болуы ықтимал.
Қазақстан жерінде
Қарқаралы, Қарқара
(Алматы облысы)
деген топонимдер бар.
Қарқаралы, Қарқара
атауы жөнінде ел
арасына тараған әр түрлі аңыз бар. Сондай бір аңыздың
арнасына қарағанда, бұл атау баяғы қилы заман – Жоңғар
жаугершіліктері тұсында дүниеге келіпті. «Кезекті бір жорық
үстінде қалмақтың қызы қазақтар жағына қашып өтіп,
ақсақалдар алдында өзінің анасы қазақ қызы екендігін айтып,
өзінің ақыл-парасатымен нағашы жұртын кайран қалдырып, риза
еткен көрінеді. Сонымен, ақылгөй ақсақалдар әлгі қызды
қазақтың бір батыр жігітіне қосып, осы жерді еншіге беріп, оған
Қарқара деген қалмақ қызының атын қойған екен дейді»
(газеттен)
1 3
.
Сол Айбас тоқтамады тағы шапты,
Тамам жолдың мәнісін оймен тапты.
Қыздың берген қарқарасы түсіп қалып,
Қарқаралы тау атын қоя сапты
(«Қозы Көрпеш – Баян 
сұлу
»)
Жер-су аттары жөнінде осындай әр түрлі аңыз-әңгімелер –
халықтың сөз тарихын танып, сырын білуге деген ынта-
тілегінен туып жатады.
Қарқара
– «қыздар киетін бас киім».
Бірақ бас киімге ұқсас болғандықтан,
Қарқаралы
аталған десек,
жаңсақтық болар еді. Бас киімнің
қарқара
деп аталуының
мынадай себебі бар. Ерте кезде ырым етіп қыздардың,
балалардың киімдеріне үкі тағатын.
Қарқара
– құстың аты. Бұл
құсты да бұрынғы кезде қасиетті көріп, бас киімге қауырсынын
тағатын болған. Қарқара қауырсыны кейініректе әшекей ретінде
қолданыла келіп, бас киім атауына айналған. Сонымен,
қарқараның (құстың) мекен еткен жерлері
Қарқаралы, Қарқара
деп аталғандығы белгілі.
Қазақстан жерінде кездесетін топонимдердің бірі –
 Жауырдың
асуы, Жауыртау
(Теміртау). «Қызылберіктің сойыл ұстауға
13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет