Мәлік, қалаш, биебау, сабат, балқаш
сөздері – нақтылы бір заттың
атын білдіретін атауыш сөздер. Бұлар – номинациялық (атауыштық)
қызметі басым, халықтың шаруашылық өміріндегі бай тәжірибесін
танытатын сөздер.
Тілдің лексикалық байлығы тек атауыш сөздермен шектелмейді.
Ана тіліміздегі сөздердің енді бір қатары халықтың таным-білігі,
зерттеуі, ой қорытуына байланысты пайда болған.
Ондай сөздердің
номинациялық ерекшелігінен гөрі ұғымдық қасиеті басым болады.
Мал
сөзінің ұғымы
жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе
т. б. атауларды
қамтитындығы белгілі. Кейбір деректерге қарағанда, қазақтың мал
шаруашылығы екі түрге бөлінген: «біреуі –
ақ мал
(жылқы), екіншісі
–
қара мал
– қыс күні қораға қамайтын сиыр, түйе, қой, ешкі»
8
. Күйіс
малы
қара мал
деп аталса, қыста қорада бағылмай, далада
жайылатын жылқы баласы
ақ мал
делінген. Ал
аяқты мал
деген сөз
қазіргі кезде кейбіреумізге үйлесімсіз көрінуі де ықтимал, өйткені
«аяқсыз мал» болушы ма еді? Байқамасақ, әрине, солай. Бірақ мал
баққан шаруа адамының
аяқты мал
деп отырғаны түліктің тебіндеп
жайылатын түрі ғой. Олай болса,
аяқты малға
жылқы,
қой-ешкі
жатады, ал түйе, сиыр бұл ұғымға кірмейді. Кей жерлерде
аяқты мал
деген ұғымға тек жылқыны жатқызады. Оны жазушының көркем
шығармалардағы сөз қолданысынан да байқаймыз: «Байланған
байлауын көп ырғап, көп көпсіте бермейтін Кұнанбай сол жерде
баратын кісілер жайын, апаратын
аяқты мал,
жыртыс жайын, ақша
пұл, күміс
қазына жайын кесіп-кесіп, өзі айта бастады»
(М. Әуезов).
Жылқы
сөзі – төрт түліктің бір түрінің атауы. Шаруа адамы
жалпы қылқұйрықты
жылқы
деп атағанмен, олардың қадыр-
қасиетін ажыратып отырған. Жылқыны алдымен
қазанат
және
жабы
деп үлкен екі топқа бөлген.
Қазанатқа
бәйге аттары,
жаугершілікке
мінетін аттар жатқызылып, олар өлең-жырларда
сәйгүлік, арғымақ, тұлпар, қазмойын
деп дәріптеліп отырған.
Арғымақтан туған
қазанат,
Шабуыл салса нанғысыз, Қазанаттан
туған
қазмойын,
Күніңе көз көрінім жер шалғысыз (Махамбет
Өтемісұлы). Көркем шығармалардан,
әсіресе халқымыздың асыл
мұрасынан
жабы
сөзін жиі кездестіреміз: Жал-құйрығы қаба деп,
жабыдан
айғыр салмаңыз (Бұхар Қалқаманұлы).
Жабының
жол
бұзатын жорғасындай... (М.Әуезов). Мұндай қолданыстардан
жабының нашар, жарамсыз, жылқы екендігін байқаймыз. Бірақ
бұлай деу – жабыны қазанатпен салыстырғанда ғана
қолданылатын бағалау. Әйтпесе, жабы – еті, сүті мол, нағыз
8
Достарыңызбен бөлісу: