Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет2/42
Дата21.12.2022
өлшемі450,47 Kb.
#163851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

Р.Сыздықова.
 
СӨЗ БАСЫ


Тіл – адам қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды
құралы, өмірдің ұлы қаруы. Қарым-қатынас майданына түскен сайын
бұл құралдың икемділігі артып, шындала береді. Бірақ тілдің мұндай
қасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен дамуына айырықша көңіл
бөліп, шынайы қамқорлыққа алып отырудың барысында ерекше
жандана түседі.
Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрін қатар дамытып, оның
қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуіне мүмкіндік жасау, түрлі
ауытқулардан арылтып отыру, небір күрделі ойдың әр қилы нәзік
айырымдарын тіл арқылы дәл, анық жеткізе білуге көпшілікті
тәрбиелей түсу т. б. тіл мәдениетін көтеру деген ұғымды білдіреді.
Тіл мәдениеті мен сөз мәдениеті деген терминдер кейде тайталас
ұғымда жұмсалады  
1
.  Өзара мағыналас болғанмен, бұлардың бір-
бірінен айырмасы да жоқ емес. Тіл мәдениеті дегеннің ұғымы кең.
Ол көбіне-көп қарым-қатынас құралы болып табылатын, тілді
жетілдіре беру, ұштай түсумен қатар сөз шеберлігі, сөйлеудегі
әдептілік тәрізділерді де қамтиды. Әсіресе, соңғы ұғымдарға
қатысты қарасақ, сөз мәдениеті дегеніміз қарым-катынас құралын
қалай игеріп, өмірде қалай пайдаланып жүрміз, оның әр қилы амал-
тәсілдерін дұрыс, дәл, тиімді қолданып, мазмұнды, әсерлі етіп
жұмсай алдық па дегенге саяды. Сонымен, сөз мәдениеті алдымен
әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық,
орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге
бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың
мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді.
Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл
нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да кедір-
бұдырсыз болып, жатық шығып жатады. Тіл амалдарын дұрыс
қолданып, әдеби тіл нормасын сақтап, одан жөнсіз ауытқымауды сөз
жатықтығы деп түсінуге болады. Тіл амал-тәсілдерін дұрыс
жұмсауға, сөз жатықтығына ғана қанағат етіп қою жеткіліксіз.
Сөйлеушінің сөзі әдеби тілдің нормасына сай, дұрыс жұмсалуы және
«тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей», ой мен сөзімді дәл жеткізе
алатындай әсерлі болуы да қажет. Тілде толып жатқан амал-тәсілдер
бар. Солардың ішінен қарым-қатынас жасаудың мақсатына сай
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет