жарыспалы қолданыстың қайсысын әдеби тілдің нормасына
лайық деуге болады?
Осындай сұрауға келгенде, нормалауыш
сөздікке қол созамыз. Нормалауыш сөздіктің бірі – «Қазақ
тілінің орфографиялық сөздігі». Бұл сөздіктен «д» вариантты да
(кәрден, кәрлен емес, тірідей, қарадай),
«л» вариантты да
(жылылай, тірілей, шикілей)
ұшыратамыз. Екі түрлі жүйенің
аралас-құралас жүргендігінен «л» мен «д» варианттың қайсысы
әдеби тілдің ішкі даму тенденциясына
сәйкес келетіндігі әлі
анықтала қоймағандығын байқаймыз. Тілдің ішкі даму күйіне
қандай жүйенің («л» немесе «д» варианттың) сәйкес
келетіндігін анықтап, тиянақтай түсу үшін, алдымен мынадай
заңдылыққа назар аударып көрейік. Лингвистика ғылымында
аналогия заңының айрықша мәні бар. Бұл заңдылық бойынша
тілдегі аса өнімді
модель өнімсізге ықпал етіп, теңестіріп
отырады (тілде кейбір құбылыстар аналогия заңы арқылы
айқындалатындығы да мәлім.
Қазақ тілінде сөздердің көптік қосымшамен түрленуі – аса
өнімді әрі көне модельдердің бірі. Осы қосымша
варианттарының жалғану жүйесіне назар аударып көрейік. Бұл
қосымша дауыстылар мен
р, й, у
дыбыстарынан соң
-лар, -лер
(балалар, қарлар, сайлар, баулар),
ұяңдар мен үнділерден соң
-дар,
-дер (күндер, шамдар, жолдар, тұздар
т. б.) қатаңдардан соң
-тар,
-тер (аттар, кітаптар
т. б.) түрінде жалғанатындығы белгілі.
Әрі сөз тудырушы, әрі форма тудырушы
-лық, -лік
қосымшасының;
-ла, -ле
аффиксінің жалғану жүйесі де осы
тәрізді. Бұлар да аса өнімді,
абстракциялау қасиеті жоғары
қосымша. Бұндай өнімді қосымшалардың
«л»
вариант және
«д»
вариант түрінде саралануы, қатаң жүйеге түсуі бірден пайда
бола қойған жоқ. Бұл – тілдегі (ұзақ уақыт барысында пайда
болған) ең бір ықпалды жүйе. Ол
алдымен көптік категориясы
көрсеткішінде, өнімді қосымшалардың
Достарыңызбен бөлісу: