Осындағы
кер
сөзін М. Қашғаридің сөздігінде кездесетін, «аттың
шоқтығы», «таудың төбесі» деген мағынаны білдіретін
керіш
6
атауымен салыстыруға болады. Бұл сөз түбір мен қосымшадан
құрылуы ықтимал:
керші.
Сондай-ақ тау беткейін қуалай түскен, етекке көлбеулеу жатқан
жол
кер жол
деп аталады. Кей жерлерде
кер
сөзімен аталатын жеке
биіктердің, шындардың атаулары
кер
сөзінің «биік» деген ұғымды
білдіруіне байланысты қойылуы ықтимал.
Кертау
– Орталық
Қазақстандағы биік,
Кер
– Жоңғар тауындағы шың.
Осындай ерен біткен Жүрек тауын,
Жағалай біткен жасыл алма бауын.
Күн сайын жылы леппен жауып тұрады,
Кербез шың –
Кер
бұлтынан сепкен жауын.
(Сара Тастанбекқызы).
Сөз
мағынасының өзгеруі, қызметінде жаңа бір қырдың пайда
болуы, өзгеше реңге көшуі тілдің өз заңдылықтары бойынша өрбіп
отырады. Соларға сүйенбей, оларды елеп-ескермей, «дұрыс» не
«бұрыс» деп кесім айтып, әркім өз қиялынша топшылау жасап жатса,
көлеңкеге қарап пішкен тоңдай келіссіз болып шығуы да мүмкін.
Сөздің де сөзі болғанмен, сарасы бар. Тіл табиғаты мен заңдылығын
дәл сезініп, дәлелмен дұрыс айтылған сөздің жөні тіпті бөлек
болмақ.
СӨЗ БАЙЛЫҒЫ
6
Древнетюркский словарь. 301-бет.
Сөз молдығы – оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Сөз
байлығына ден қоймаған адамның тілі жұтаң тартып тұратындығы
бәрімізге белгілі. Актив сөзі тым аз болған сайын ондай адамның
тілінде мақсатсыз қайталау да көп болады. Сөзді орынсыз қайталау
тілдің коммуникациялық қызметін күрт төмендетеді,
ойды дәлме-
дәл, мазмұнды жеткізуге кедергі болады. Аз сөзбен көп мағына беру
принципі бұзылады. Өйткені айтылатын ойға әр сөздің қосар
мағыналық, эстетикалық, эмоциялық т. б. информациясы болады. Ал
бір рет айтылған сөздің сөйлем сайын мақсатсыз қайталана беруінен
текстің информациялық мазмұны кемиді.
Кейде белгілі бір тексті оқып отырғанның өзінде автордың сөздік
қоры қаншалықты мол немесе қаншалықты кедей екенің түйсініп
отырамыз. Егер текске кішігірім статистикалық талдау жасасақ, осы
түйсінуіміздің дұрысқа шығатынын көреміз.
Әдетте зерттеушілер белгілі бір жазушының тілі жайында сөз
козғай қалса, «қаламгер тілге бай, халық тілі байлығын мейлінше
мол пайдаланған» тәрізді тұжырымдарды жиі қолданатынын
байқаймыз. Алайда мұндай тұжырым көбіне жуық шамамен
айтылады. Әйтпесе жазушының қанша сөз қолданғандығын, қандай
жиілікте жұмсағанын, қандай тұлғалармен қаншалықты түрлендіре
түскенін
нақтылап, санап шыққан ешкім жоқ. Әдетте зерттеуші
ғалымдар үшін тек жорамалға сүйеніп, болжаммен қорытынды
жасаудан гөрі нақтылы дерекке табан тіреу тиімдірек екендігі
белгілі. Мәселен, «Абай жолы» эпопеясының сөз шұрайы, тіл кестесі
келісті, өрнекті сөз орамдарына мейлінше бай туынды екендігі
әлдеқашан мәлім болған. Бір кездерде болжаммен айтылған осы
іспеттес пікір енді сандық сипаттама – цифр тілімен нақтылана
түсті. Жазушы «Абай жолында» 16983 сөз қолданған. Мұндай
деректі өзге де әйгілі қаламгерлер
тілі жайындағы статистикалық
деректермен салыстырып көрсек, цифр сыры ашыла түседі.
А.С.Пушкин өз творчествосында 21197, В.Шекспир 15000 сөз
қолданған. «Абай жолы» эпопеясында 1 және 2 рет қолданылған сөз
саны 8698, Пушкин шығармаларында мұндай жиіліктегі сөздің саны
– 9301, Мамин-Сибиряктыц «Приваловтар миллионы» романында
11283 сөз қолданыс бар. 1, 2 рет қолданылатын сөз саны 7312.
Бұл – тіл байлығы деп аталатын коммуникациялық сапаның
объективті құбылыс екендігін көрсетеді. Жоғарыда айтылған
әңгімеге қарағанда, тіл байлығы тек лексикамен ұштасып жатады
деуге болады. Шынында, солай болғанмен, тіл байлығы деген ұғым
сөздің лексика-фразеологиялық топтары ғана емес,
ана тілінің
синтаксистік, морфологиялық жүйелерін де қамтиды. Тек
лексикасына қарап кез келген текстің тілі бай деуге болмайды.
Тілдің морфологиялық, синтаксистік амал-тәсілдері, лексикалық
қазынасы бір-бірімен астаса, ынтымақтаса, тіл табыса келіп, тіл
байлығын құрайды
7
.
Бұл айтылғандардың бәрі әдеби тіл арнасының ішінде тек көркем
әдебиет стиліне қатысты болып көрінуі ықтимал. Шындығында, сөз
байлығы жөнінде көркем әдебиет пен публицистикалық стильдерге
қойылатын
талапты әдеби тілдің ғылыми, кеңсе стилі тәрізді
салаларына қойылатын талаппен бірдей деп қарауға болмайды.
Әдеби тіл арналарының ішінде тіл байлығын аса керек ететін сала –
көркем әдебиет. Ал ғылыми стиль немесе кеңсе стилімен
салыстырғанда, сөз молдығы – публицистикалық стильге аса қажетті
сапалардың бірі. Мәселен, курс немесе факультеттің комсомол
жиналысының қаулы, қарарларын жазуда сөз байлығынан гөрі іс-
қағаздарына тән стандартты қолданыстарды қатаң сақтау, кеңсе
стиліне тән сөздер мен грамматикалық формаларды талғай білу,
синтаксистік құрылымдарды меңгеру алдымен ауызға алынады.
Әрине, сырт қарағанда, тіл
байлығы тек жазушы немесе
журналистерге ғана қойылар талап тәрізді көрінуі де мүмкін. Алайда
колына қалам, қағаз ұстамайтын, коллективтен тыс қоғам мүшесі
жоқ. Оның да іс-әрекеті коғамдық өмірдің сан алуан саласына
тәуелді. Диқан, малшы, жұмысшы, ғалым, жазушы, дәрігер, мұғалім
т. б. микрофон, телевизия, газет, журнал, кітап тәрізді информация
құралдары арқылы өз ойлары мен тәжірибелерін көпшілік
талқысына салмай ма? Сол айтарын сөз байлығы арқылы әсерлі,
оралымды тілмен жеткізсе, көпшілік жүрегіне жол табады.
Сонымен, сөз байлығы деген сапаның функционалдық
стильдердегі көрінісі әр түрлі болғанымен, қоғам мүшелеріне
қойылар талап бірдей. Өйткені тіл байлығы – сөз мәдениетінің аса
маңызды құрамдас бөлігі.
Тілдегі сөздер аспан әлеміндегі жұлдыздар тәрізді. Жарығы бар,
көмескісі бар, қас-қағым сәтте пайда болып, қас пен көздің арасында
ғайып болатын ғұмыры келтелері бар...
Қазақ тіліндегі сөздердің
саны қанша? Оның дәл санын ешкім айта алмайды. Ешбір тілде
сөздің санын математикалық дәлдікпен айту мүмкін емес. Бірақ
тіліміздегі сөздердің мыңдап, жүз мыңдап саналатыны белгілі. Әр
түрлі заттар мен құбылыс атауларын білдіретін сөздерді мол
камтыған, жіпке тізгендей саралап берген сөздіктердің өзінде сөз
саны жарты миллионға жетпейді, ерекшелігіне қарай толық сөздіктің
өзінде кісі аттары, фамилиялары, жер-су атаулары,
тым тар өрісті
терминдердің қамтылмай, шеткері қалып қоятындығы белгілі. Оның
үстіне кейбір сөздердің 20-30-дан астам мағынасы бар. Сөздің
7
Достарыңызбен бөлісу: