делінеді. Осы тәрізді айтыстар
мен өлең-жырлар ертеде
жеткіншектерді ел біліп, жер тануға баулыған. Ондай айтыс,
өлеңдерді естіп, көңіліне тоқып өскен жас туған жер, кеңістік, бағыт-
бағдар туралы ұғымын кеңейте түскен. Тілдің қазақ топонимдері деп
аталатын лексикалық байлығы тек ауыл-аймақтағы атаулардан ғана
құралмайды. Тілімізде кейбір географиялық атаулардың
оқулықтарда, ғылыми әдебиетте, мерзімді баспасөзде ресми
қолданыста кездесетін атауларынан басқа халықтық нұсқалары да,
ескі мұралар тілінде кездесетін көне түрлері де бар: Византия –
Үрім, Рум;
Кавказ –
Қап;
Иран –
Ажам;
Қытай –
Шын;
Дамаск –
Шам;
Қызыл теңіз –
Күлзім;
Палестина –
Қінған;
Шри-Ланка
(Цейлон) –
Сәрәнділ
т. б. Бұлар – халықтың байырғы кезде
шартараптағы елдер жайында білігінен бүгінгі ұрпаққа хабар беретін
деректер. Байырғы атауларды (топонимдерді) әсіресе тарихи
тақырыпқа жазылған повестерде қаламгерлеріміздің көркемдік
мақсатта қолданып отыруының өз ұнасымы бар.
Тіл-тілдегі лексикалық байлықтың бір алуаны – кісі есімдері. Кісі
есімдері, бәрімізге белгілі, (атауыштық қызметтен басқа)
лингвистикалық,
тарихи, этнографиялық информацияға бай. Ел
ішінде небір қызықты сөздерден қойылған кісі есімдері бар. Ондай
есімдерді әсіресе ертегі, жыр мұраларынан да кездестіреміз:
Төстік, Көкше, Қосай, Тарғын
т. б. Осы тәрізді «азан шақырып,
қазанның құлағын қағып» койған ат, әр түрлі қызық есімдер тек
«көз тию» немесе өзге де діни наным,
сенімге ғана емес, ел
ішіндегі байырғы салт пен дәстүрлерге де байланысты болып
жатады. «Қорқыт» жырында ұланға бірінші ерлік қадамын
жасағанша ат қойылмайды. Оғыз бен қыпшақтарда, тағы басқа
түркі тайпаларында ұлан белгілі сыннан өткенше, бірінші ерлік
ісін өзі көрсетпейінше – оған ат қойылмаған. Ол 12-14 жасқа
дейін шартты атпен (Боқмұрын, Итбай) жүрген. Немесе ұланның
көрсеткен ерлігі, жаужүректігіне орай оның есіміне түрлі эпитет
сөздер
(батыр, ер, қабылан
т. б.) қосылып айтылатын болған:
«Сүйініштің жасы қырыққа келгенде бала көрмей жүріп барып
бір балалы болады. Ол баланың
атын ноғайлы елі жиналып
отырып: «Арғы атасы Қарадөң, одан туған Жұбаныш, өз әкесі
Сүйініш қатарынан асқан ерлер еді. Мұнан туған бала да ер
болар, мұның атын Бегіс қоялық. Егер ер болса, қатарына ер
атағын қосармыз», – деп ойлайды да, бұның атын Бегіс қояды»
(«Қарадөң батыр»).
Ана тіліміздегі сөздердің тағы бір ерекше тобы бар. Бұл топқа
жататын сөздер халықтың байырғы өткен өміріне байланысты
салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр, билік жүргізу, сот құру,
шаруашылық ұйымдастыру т. б. әрқилы қоғамдық институттарға
қатысты. Зерттеуші небір тарихи документ, археологиялық
деректер арқылы қоғамдық институттардың принциптерімен
заңдарын ашады. Ал тарихи, археологиялық деректер үнсіз
қалған тұста ше? Онда сөздер сөйлейді. Мысалы,
сауын айту.
«Күні кешеге дейін қазақ қауымында сауын айту дәстүрі болған.
Сауын айту
– жай хабар айту емес, белгілі бір салттың ритуалы
ретіндегі хабар. Сауын айтылған жақ сол үлкен жиынға өз
үлесін, өз қатысын көрсетуге тиіс болған. Сондықтан сауын кез
келген адамға емес, байлар мен билерге,
батырлар мен
белділерге айтылады, олар сол ұлы жиынға өз үлестерін қосқан.
Саба-саба қымыз бен сойылар малын, бәйгеге шабатын
жүйріктерін, күреске түсетін балуандарын т.т. апарады. Бұл
тіркестегі
сауын
сөзінің
сауу
етістігіне қатысы жоқ. Оның түбірі
– көне түркі тілдеріндегі саб/сап (5ау) сөзі... қазақтың
сауын
айту, сөз саптау
мен
сәуегей
сияқты сөздерінде сақталып
қалған».
Сауын айту
тіркесінің «хабар айту» деген мағынасы
кейбірімізге
бейтаныс болмағанымен, қоғамдық термин
функциясында жұмсалғандығын осындай зерттеулер арқылы
танимыз.
Тіліміздегі көптеген сөздің дыбыстық тұрпаты, байырғы
мағыналары өзгеріп, жаңа мазмұнға ие болып жатады. Ондай
өзгерістер көбіне-көп тіл-тілді салыстыру, байырғы жазба тіл
деректеріне сүйену т. б. арқылы анықталады.
Қазіргі
дарқан
дала, дарқан дастарқан, дарқан адам
т. б. тізбектегі айтылатын
көтеріңкі лептегі
дарқан
байырғы мағынасынан өзгеріп қана
қойған жоқ, терминдік функциясын жоғалтқан сөз екен.
«Дарқан
сөзінің бастапқы мағынасы – қару-жарақ,
сауыт-сайман
жасайтын шебер, ұста. Мұндай ұсталар – хан, батыр-
бағландардың қолдан-қолға тигізбейтін адамдары. Барабара бұлар
барлық алым-салықтан босатылып еркін жүріп, еркін тұратын қауым
мүшелеріне (сословияға) айналды. Тіпті кейбір шығыс елдерінде
тарқан
деген атақ, лауазымдар пайда болды. Ұсталарға тиген осы бір
емін-еркіндік, бостандық, колы жеткен молшылық, баршылық –
осынын бәрі бұл атауды жаңа мағынада қолдануға себеп болды.
Тіліміздегі
дарқан
сөзінің емін-еркін, кең-мол деген «жаңа»
мағынасы о бастағы «ұста», «шебер» деген ұғымнан қанша қашықтап
кеткенің де, бірақ белгілі байланысын үзбегенін де түсінуге болады»
(проф. Қайдаров Ә. Т.).
Достарыңызбен бөлісу: