Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті


Л е н и н В. И. Шығармалар толық жинағы. т. 11, 197-бет



Pdf көрінісі
бет32/42
Дата21.12.2022
өлшемі450,47 Kb.
#163851
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

Л е н и н В. И. Шығармалар толық жинағы. т. 11, 197-бет.


зерттеушілердің алдымен ауызға алатыны ғылыми стиль, іс-қағаздар
стилі. Сөз дәлдігі сөйлеу тіліне де катысты.
Мысалды алыстан іздемей-ақ емін-еркін сөйлеудегі, өзара
айтылатын әңгімедегі сөз қолданыстарымызды еске түсіріп көрейік:
оқуды қызыл дипломмен бітірді – институтты үздік дипломмен бітірді;
емтиханнан бес алды – емтиханнан үздік баға алды; емтиханнан құлап
қалды – емтиханды тапсыра алмады
т. б. Сөйлеу тіліндегі осындай
қолданыстың бірін дәл, бірін дәл емес деген тәрізді катаң талап
қойылмайды. Ал ресми қолданыста (өтініш, өмірбаян, түсінік хат
т.б.) бұл тәрізді еркіндік болмайды.
Оқуды қызыл дипломмен бітірді,
бес алды, құлап қалды
тәрізділер ресми тіл стандартына тән емес,
бірақ сөйлеу тіліндегі мұндай еркіндіктің өз жарасымы бар. Немесе
бетпе-бет сөйлесуде белгілі бір оқу орындарының, мекеме,
кәсіпорын атауларын документтегідей толық айтып жатудың орнына
институтқа бардым, мектептен келдім, цехта болдым
деп ықшамдап
айту да орынды деп есептеледі.
Әдеттегі сөйлеуде
заман, кезең, дәуір
тәрізді сөздерді синоним
ретінде жұмсау кешірімді де көрінеді. Ал ғылыми, ресми стильде
(жазба тілде) бұл тәрізді сөздердің сараланып қолданылуына аса
қатаң талап қойылады. Өйткені әр сөздің өзіне тән терминологиялық
мазмұны бар: 
қазіргі заман
– «современность»,
 дәуір
– «эпоха», кезең
– «этап».
Дәуірдің сипаты, дәуірдің
қозғаушы күші, дәуірдің бағыты
дегенді ғылыми тексте
 заман,
немесе
 кезең
деген сөзбен алмастырып
қолдану – білместік болады, сөз ондайда терминологиялық
мазмұнынан айрылады.
Тілде толып жатқан варианттар, мағыналас сөздер бар. Әдеби
тілдің функционалдық арналарының кейбірінде (сөйлеу тілі, көркем
әдебиет) олар белгілі бір мақсатқа байланысты жарыса қолданылып
та жатады. Ресми қолданыста олай емес, синонимдер мен вариант
сөздердің бірде анауын, бірде мынауын жұмсау тым шектеулі
болады. Бұл стильде тілдегі әр түрлі варианттардың
(Екі мәрте
Социалистік Еңбек Ері – Екі рет Социалистік Еңбек Ері, Халыққа
тұрмыстық қызмет көрсету орындары – Халықтың тұрмыстық,
қажетін өтеу орындары; Қазақ ССРінің еңбек сіңірген артисі –
Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген артист
т. б.) бәрі бірден қабылданбай,
біреуі ғана негізге алынады
(Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері;
Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындары; Қазақ ССР-інің
еңбек сіңірген артисі
т. б.)
Кей жағдайларда терминдік мәндегі кейбір сөздер тіл
жұмсауымызда әр түрлі қолданылып жатады:
 
«...Саяси
хабарламашылар,
насихатшылар, үгітшілер, лекторлар насихат
жұмыстарын пәрменді жүргізуде», «Бірлестіктің көптеген үгітшілері
мен
саяси хабаршылары
бұл күндері жаппай үгіт жұмыстарын


жүргізуде» (газеттерден). Бірде
саяси хабарламашы,
бірде
саяси
хабаршы
болып әр түрлі жұмсалуы ресми стильдегі сөз дәлдігіне
жатпайды. Бұл, әрине, мұндай сөздерді сұрыптап, дұрысын көрсетіп
отыратын нормалауыш сөздіктер, анықтағыштар т. б. құралдардың
жасалынбай, оқушы қолына тимей жатуына да байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет