ала берсек, көркем тілге қойылар талаптың деңгейін мүлдем
төмендетіп алар едік.
Әдетте Б. Майлин, М. Әуезов тәрізді аса шебер қалам иелерінің
сөз жұмсауындағы өрнекті сөз орамдары тіл ажарын ашып,
эмоциялық зарядты күшейте түседі. Бұл қасиет, әрине,
сөз зерін
мөлшермен, дәл сөзіне қолданатын суреткер зердесіне тәуелді.
Алайда тұрақты сөз тізбектерін тактіден тыс, бірінен кейін бірін
бастырмалата қолданудың әсері басқаша болуға тиіс. Байқап
отырсақ, басы артық бейнелі қолданыс оқушы ойын алаңдатады
екен. Өйткені үстін-үстін, іргелес қолданылған тұрақты тізбектердің
бояуы шымкай, жылтыры басым болған сайын өзара «бәсекелесіп»
бірін-бірі көмескілейді, біріне-бірі бөгесін болады. Басқаша
айтқанда, тіл көркемдігіне кері әсерін тигізеді.
Осы ойымызды
мынадай сөз қолданыс дәлелдей түседі ғой деп ойлаймыз:
«Жанымызды шүберекке түйіп, қанымызды торсыққа күйып, басты
оққа байлап, қыз асылатын мойнымызды қылышқа тосып, тәуекел
деп, жалаңдаған қылыш, жасанған жаумен жамыраған қойдай
араластық та кеттік» (журналдан). Оқушы түйсігі сынап
бағанасындай сөзгіш. Тұрақты сөз тізбектерін бұлайша «күреп»
қолданудан безбеннің тілі жарасымдылыққа емес, жасандылыққа
қарай ауатынын бірден байқар еді. Бәлкім,
жазушы өзін бейнелі
тілмен сөйлеп отырмын деп ойлауы да мүмкін. Бірақ «жасанған
жаумен жамыраған қойдай араластық та кеттік» тәрізді қолданыс
қой қоралап, көгеннен қозы ағытып көрген қазаққа сүйсінер сурет
бола қояр ма екен деп күдіктенеміз. Шындыққа жүгінсек, қой емес,
қозы жамырайды ғой. Көгеннен ағытылған қозылар өрістен қайтқан
енелерімен жапатармағай, емірене табысып жатпаушы ма еді? «Жас
теректің жапырағы жамырайды сокса жел» (Абай) дегендегі
жапырақтың бірімен-бірі жаңаса, сыбдыр қағып, сыбырласа
жөнелетін жанды суреті осы бір көріністі еске түсірмей ме? Олай
болса, жалаңдаған қылыш, жасанған
жаумен сарбаздардың қоян-
қолтық айқасын автордың жамыраған қой арқылы бейнелеймін деуі
құр сөз әурешелігі сияқты көрінеді. Реті келгенде айта кететін тағы
бір сөз – кейбір әңгіме, повестерді оқып отырғанда кездесетін
сыңғырлаған күлкі, ғашықтық сыры, жалаңдаған қылыш, жасанған жау
тәрізді дағдылы тіркес, дайын теңеулердің қисапсыз қолданылуы тіл
шеберлігін таныта бермесе керек. Болмысты өзіндік көзбен көріп,
оны өзіндік тіл өрнегімен жеткізе білу жазушының дүние танымын
ой өрісін, стиль құрауын, эстетикалық талғамын көрсетіп қана
коймай, көркем сөз шебері аталуының мықты бір дәлелі де бола
алады.
Жазушы кейіпкер тілін даралау арқылы оның түсінік-түйсігін аша
түсіп, бітім-болмысын айқын көрсетуді мақсат тұтады. Әр
кейіпкердің іс-әрекетіне орай сөйлеген
сөзі де оларды бір-бірінен
өзгешелеп тұрады. Ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің «Дос-Бедел
досында» кейіпкердің тілдік мінездемесі әр түрлі. Жазушы әр
кейіпкерді өз мінезіне, өз әрекетіне лайық нанымды сөйлетеді. Бедел
терең пайыммен, толғамды оймен сөз айтса, Жаппас байбаламшыл,
жала жауып, күйе жағып сөйлейтін, дөрекі тілді, домбытпа сөзді.
Жазушы кейіпкерлер тілін
бұлайша даралаумен шектелмей,
шығарманың композициялық иініңе орай, өзге стильдік арналардан
да бояу тартып, шындықты өз өңімен, шын сырымен шебер
өрнектейді.
Достарыңызбен бөлісу: