Күнделікті қарым-қатынас жасауда сөз әдебін,
сөйлеу этикетін
сақтап жүрміз бе? Елемей-ескермей жүргендеріміз бар ма? Бүгінгі
күннің талабына лайык жандандыра түсетін түрлері жоқ па?
Байыптап қарасақ, сөйлеу этикеті, сөз әдебі жайында әңгіме
қозғауға түрткі болар жайттар аз емес тәрізді. Жақсы сөз де жарық
сәуле сияқты айналаға жылылық сеуіп, көңілді қуанышқа бөлейді.
Адамдардың ынтымағын күшейтеді. Коллективте дәстүрге айналған
ізетті сөз, сыпайы мінез еңбек өнімділігіне де әсер етпей қоймайды.
Сөз
арасында қолданылатын
кешіріңіз, ғафу етіңіз, мүмкін болса,
қажет деп тапсаңыз, рұқсат етсеңіз, мақұл көрсеңіз, лай
ы
қ деп
қарасаңыз, қалауыңыз білсін
т. б. сөздер елеусіздеу керінгенмен, тілге
сыпайылық үстеп, ізеттілікті білдіреді. Мұндай майда сөздер үлкенге
де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін білдіреді.
Естіген құлаққа майдай жағады.
Шырағым, қарағым, шырақ, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжей
тәрізді қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипатты
білдіреді. Тәрбиелі адамның
сіз
бен
сен
сөзінің жұмсалу дәстүрінен
жөнсіз ауытқымайтыны да этикет сақтауға жатады.
Сөйлеу этикетіне жататын сөздердің тілімізде сан алуан түрлері
бар. Тіл жұмсау дағдымызда мұндай сөздерді жиі қолданамыз.
Сондықтан болар, бұл сөздер тілімізге еш қиындықсыз орала кететін
оп-оңай нәрседей көрінеді. Мәселен, амандық сұрасудың еш
қиындығы
жоқ тәрізді
(Сәлеметсіз бе?... Аман-есенсіз бе?, Армысыз!
Сәлем бердік! Ассалаумағалайкум! Кеш жарық
т. б.).
Алайда, бұлардың толып жатқан түрлері, синонимдері,
варианттары бар. Сондықтан оларды талғап, таңдап қолдануға тура
келеді. Олардан туатын ерекшеліктерге мән бермесек, онда сөз
қолданысымызда еш мүкістік жоқ деп айта алмаймыз.
Амандық сұрасу – тұрмыста жиі айтылатын, құлаққа жиі естілетін
сөздеріміз.
Бірақ бұлардағы мағыналық, стильдік реңк оларды
талғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдануды қажет етеді.
Мысалы,
Сәлеметсіз бе?
деп амандасу үлкен-кішіге, таныс-
бейтанысқа, ресми жағдайда да, еркін жағдайда да қолданыла
беретінін байқасақ, ал
Достарыңызбен бөлісу: