Балаң келіп, көзайым болдың ба?
деп қуанышқа ортақтасады.
Бұлайша жақсы ниет танытып, көңіл көтере түсу үлкенге де, кішіге
де лайық.
Егер халық тілі байлығына зер салып, зейін қойсақ, бұл тәрізді
алуан түрлі сөз орамын кездестіреміз. Бірак, амал не, бұлардың көбі
жастардың сөйлеу дағдысына енбей, елеусіз қалып бара ма деп
күдіктенесіз.
Этикет сөздің молдығынан ешбір тіл зиян көріп, зардап шекпейді.
Ондай сөз орамдарының елеусіз жүргендерін ескеріп, ескісін
жаңғыртып отырсақ, сөйлеу этикетін байытып, бояу нақышын
құбылта түсеріміз сөзсіз.
Қырман басына келген қария сөз сабақтамастан бұрын
Қырман
тасысын!, Қызыл көбейсін!, Дик,ан дарысын!
дейді. Бұйымтайын,
шаруа жайын қозғамас бұрын шопанға
Бағар көбейсін!, Қөгенің қозылы
болсын!
деп, алдымен жаксы тілегін аңғартып алады. Мұндай этикет
әдептілікті, сыпайылықты аңғартумен қоса, тілге тиек те болады.
Ақжарқын кейіпті танытып, жақсы ұғынысуға жол ашады. Осы
тәрізді тілек бүгінгі күннің мүддесіне де үйлесімді, заманымызға сай
келеді. Малшы болсын, дикан болсын халық дәулеті үшін еңбек етіп,
молшылық үшін күресіп жатыр. Олардың еңбегін дәріптеп,
жақсылықка балап айтылған сөз еңбек адамының мерейін өсіреді.
«Өз көңіліңді көтерем десең, өзгені де көңілдендіре біл» деген Марк
Твеннің ұтқыр сөзі осы орайда еске түседі.
Алайда диканға жақсы ниет аңғартам деп кейбіреулер
Жаңбыр
тілеймін!, Ашық аспан тілеймін!
тәрізді жасанды сөзге бой ұрады:
«Ендеше қош бол, қарағым! Үш жарым апта бойына шүйке бұлтсыз
ашық аспан тілеймін»
(газеттен). Мағына – сөздің жаны. Сөзді
бұлайша қолдану жанынан айырып, сүлдесін қалдырумен бірдей.
Егер тілде барды елеп, ескеріп отырсақ, әлгіндей сөздің орнына
«Нұр жаусын!», «Күніңіз ашық, күзіңіз жайдары болсын!»
тәрізді сөз
орамдарының бірін қолдануға болмас па еді?
Уақыт өткен сайын кей дәстүр ескіріп, жаңасы өмірден орын
тебеді. Алайда ескі дәстүрдің бүгінгі күнге қажеті жоқ деп бәріне
теріс қарауға болмайтыны белгілі. Жаңа заманға орай олардың да
жаңа мазмұн, жаңа сипат алатындары болады. Заман талабына лайық
өміршең дәстүрді таңдай біліп, жаңа мазмұн үстеу рухани өмірге нәр
береді.
Халық арасында ертеден тараған бата беру дәстүрі бар. Жасы
үлкен кей адамдар дәмнен соң дастарқан қайырып, бата береді.
Жақсы ниет білдіреді. Бірақ сөз арасында үйренген дағды бойынша
Тәңір жарылқасын, құдай тілеуіңді берсін
тәрізділерді қосып қояды.
Сондықтан ба, кейбіріміз мұндай дәстүрді қалай
кабылдайтынымызды білмей дағдарып қаламыз. Мұндай сөз
орамдарының мазмұны қазіргі заманымызға үйлеспейтіндігі белгілі.
Бірак ондай діни орамдардың орнын
еңбекте табысты, өмірде
бақытты бол
дейтін айшықты сөз өрнегімен толтыруға қазақ тілінің
қуаты әбден-ақ жетеді. Заманға лайық батаға жаңа мазмұн үстеп, үй-
иесінің дәм-тұзына алғыс білдіріп, риза көңілмен тілек айту этикетке
айналса, еш айыбы жоқ деп ойлаймыз.
«Әр елдің заңы басқа» демекші, бір елде бар этикет екінші елде
кездесе бермейді. Бір тілден екінші тілге сөз ауысуы тәрізді, бір
халықтан екінші халыққа этикет ауысуы да мүмкін. Қандай халық
болмасын, өзінде жоқты өзгеден алып, өз топырағында жерсіндіре
біледі. Кейде жаңаны жатсынбасақ та, дәстүрде жоқ нәрсе тосындау
көрінуі мүмкін.
Көптеген мәдениетті елде дәм алып отырған адамға тілек білдіру
дәстүрі бар. Соның әсері болу керек, тамақ ішіп отырған танысын
көргенде, кей адам
Ас дәмді болсын, тағам тәтті болсын, тәбетіңіз
ашылсын
тәрізді тілектер айтып, шүйіркелесіп жатады. Ал
қайсыбіреулері «қазақтың онсыз да тәбеті мықты ғой» деп, мұндай
тілек білдіруді таңсық көрмейді. Ондай тілек айту дәстүрде жоқ деп
біледі. Бірақ қазіргі кезде ел мен елдің, халық пен халықтың қарым-
қатынасы, мәдени байланысы ерістеп отырған заманда көркем
шығармаларда кездесетін бұл тәрізді этикет сөздерді бәрі-бір ана
тілімізге аударуға тура келмей ме? Олай болса, жұмған аузымызды
ашпай, үн-түнсіз қалғаннан гөрі дәм татып отырған танысымызға
ілтипат білдіріп, құрмет көрсетуді этикетке айналдырудың ерсілігі
жоқ.
Оқушылар, студенттер қадірмен ұстаздарына қарап
ағай, апай
деген сөздерді көп қолданады. Бұлар аты-жөнің білмеген кісіге
айтылатын ресми қаратпа сөз сияқтанып кетті. Халқымызда тағы
сондай құрмет нышаны ретінде ер аттарының басқы буындарын
қысқартып алып, оған – еке, (ақа) сөзін қосатынымыз бар:
Әлеке,
Жұмеке, Есеке, Мәке, Жәке, Нықа, Сәке
сияқты қаратпаларды әдетте
тонның ішкі бауындай жақын, жасы үлкен адамдарға айтамыз.
Мұндай дәстүрлі қаратпалардың ыңғайымен Иван, Виктор,
Константин, Гарибальди тәрізді өзге ұлт өкілдерінің аттарын
қысқартып «қазақыландырып» айту да өрескел көрінер еді.
«Гарибальдидің көзі – қос сұрақ, ол менің көзім болуы мүмкін, ал
Гарекеңдікі
әншейін қос сызық» (кітаптан). Автордың бұл тәрізді
«жаңалығын» жарасымды деуге болмайды, Мұндай орайда да
қадірмен кісілердің аты-жөнің атаған дұрыс.
Қоғамдық өмірдің әр саласында қызмет етіп жүрген адамдардың
сіңірген еңбегіне лайық әр түрлі атақ, дәрежелері болады.
Мәдениетті елдің дәстүрінде ондай атақ, дәрежелерді кісі
фамилиясымен қоса атайды:
Лениндік және СССР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты М. О. Әуезов, СССР Ғылым академиясының
академигі Қ. И. Сәтбаев, СССР Халық артисі К. Байсейітова, полковник
Б. Момыш
ұлы
.
Бір адамның бірнеше атақ дәрежесі болуы ықтимал.
Ондай атақ, дәреженің бәрін тізе беру мүмкін болмаған жағдайда ең
үлкен атақ, дәрежесін ғана атауға болады. Әр түрлі атақ, дәрежені,
мамандықты ресми жағдайда кісінің фамилиясымен қосып атаған
жөн:
профессор Қасымов, доктор Дарханов, механизатор Дүйсенов
т. б.
Себебі мұндай этикетті жұрт атақ, дәрежені сыйлап, мамандықты
құрметтегендік деп қабылдайды,
Тіл мәдениетіне ден қойған адам сөйлеу этикетіне айрықша көңіл
бөледі. Сөйлеу ізетінің өзіндік кыр-сырын аңғара біледі.
Шаруашылығы мен мәдениетіне, ғылымы мен өнеріне аса зор еңбек
сіңірген әйгілі қайраткерлерді халық зор құрмет тұтады. Мәңгі есте
қалдырады. Ондай адамдардың есімін жай ғана атай салмай әр түрлі
эпитеттермен атайды: Ұлы
Абай, жыр алыбы Жамбыл, күй атасы
Құрманғазы
т. б. Қоғам қайраткерлері, әйгілі ғалымдардың айтқан
пікірлеріне сүйенгенде: «Ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай..., әйгілі
ғалым Қ. И. Сәтбаевтың зерттеулерінде...» тәрізді сөз сабақтау –
оларды тек бедел тұтқандық қана емес, құрметтегендіктің белгісі.
Өзге де ұлттың прогресшіл қоғам қайраткерлерін, халық мүддесі
үшін күрескен ұл-қыздарын, адамзат мәдениетіне еңбек сіңірген
әйгілі адамдарды ізетпен атау – оларды қастерлеудің белгісі. Бұл
тәрізді ерекшелікті тіл этикетіне сіңіре білу енегелікті көрсетеді.
Адам баласы табиғатында темірдей тезімді, гүлдей нәзік.
Қапелімде айтылған бір ауыз сөзбен кісіні ренжіту де, қуанту да
оңай. Сөз қуаты шексіз. Не бір сөз асылын айтпағанның өзінде,
күнделікті қатынаста жүрген этикет сөздердің қолданылуында
қаншама қыр-сыр жатыр.
Сөйлеу этикетін әдеппен қолданып,
мүмкіндігін аша білсек, ізгілікке нұсқап, ізеттілікке бастайтын
жақсы жақтарын жетілдіре берсек, адамдар арасындағы
ынтымақтыққа ұйытқы болады. Жас ұрпақты адамгершілікке баулып,
коллективизм рухында тәрбиелеуге септігі тие ме деп ойлаймыз.
Сөз мәдениетінің сан алуан қыры бар. Әрине, біз олардың бәрін
емес, кейбір мәселелерін азды-көпті сөз еттік. Бұл орайда профессор
М. Балақаевтың қазақ тілі мәдениеті жөніңдегі зерттеулері, сондай-
ақ өзге де тіл мамандары, жазушылар мен журналистеріміздің
баспасөз беттеріндегі пікірлері де бұл жұмыстың орындалуына
тікелей септігін тигізді. Соңғы жылдарда орыс тілінде сөз
мәдениетінің теориялық мәселелеріне арналған кітаптар (Л. И.
Скворцов. Теоретические основы культуры речи. М., 1980;
Б.Н.Головин. Основы культуры речи. М., 1980) жарық көрді. Тиісті
жерінде сонда айтылған теориялық тұжырымдарға да сүйеніп
отырдық.
Сөз қолданудың үлгісі ретінде байырғы өлең жырлардан, қазіргі
көркем шығармалардан мысалдар келтірілді. Оқырмандар сын
кезімен қараса деген мақсатпен берілген мысалдар да түгелдей
дерлік газет-журналдар мен кітаптардан, микрофон
материалдарынан алынды.
Қазіргі кезде қазақ әдеби тілінің қоғамдық өмірдің әр саласында
жұмсалып, жазбаша түрдегі де, ауызша түрдегі де қызметі өрістей
түскен сайын, сөз мәдениетіне ден қою бұрынғыдан гөрі артады.
Сондықтан оның күрделі мәселелерін әрдайым тілге тиек етіп
отыруға тура келеді. Бұл, әрине, жұрттың бәрін көмекейі кесілген
шешендікке тәрбиелеу деген сөз емес. Әйтсе де қоғамдық өмірге
қызу араласу, социалистік Отанымыздың жан-жақты жетілген
азаматы болу үшін сөз мәдениетінің жұрттың бәріне ортақ
қарапайым шарттарын игеру кімге де болса аса қажет. Өндірістің қай
саласында жүрмесін, өз ой-пікірін, сөзімін айқын, әсерлі жеткізе
алатын азамат қоғамдық өмірге де белсене араласа алады.
|