Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет39/42
Дата21.12.2022
өлшемі450,47 Kb.
#163851
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

«Жолың болсын!»
деуші еді.
«Сапарың сәтті болсын!»
деуге де болады. Тек мынаны еске түту
керек: жолаушылап кайту мен сапарға шығу бір емес. «Сапар
жолы – қиын жол» дейтін мәтел тегін айтылмаған. Бірақ әлгі
тақтайларды жол бойына орнатқан жолдастардың оны
ажыратарлық шамасы болмаған шығар. Ал қолына қалам ұстап,
газет-журнал бетінде бірді-екілі мақала жариялап жүрген, яки
жазсам деп талаптанып жүрген адам мойынға бұлардан гері
үлкенірек жауапкершілік алуға тиіс» (газеттен).
Сәлемдесу, қоштасуға байланысты сөздер тілімізде мол
болғанымен, олардың әрқайсының жұмсалу аясы, қолданылатын
орны бар екен. Сөйлеу мәдениетіне ысылған адам ондай
ерекшеліктерді аңғара отырып, олардың жігін тауып қолданады.
Сөйлеу этикетіне жататын эмоция, экспрессияға аса бай сөз
легінің бірі – кұттықтауға қатысты сөздер. Қазіргі өмірімізде қуаныш
дара сипатты емес, коғамдық мәні бар. Қызметтес адамның
қуанышты жүзі айналасын жақсы әсерге бөлеп, көңілін көтереді.
Ондай адамның қуанышына әрдайым ортақтасып, ықылас тілегіңізді
білдіресіз. Әсіресе жасы үлкен кісілерден небір сөз асылын естуге
болады. Олар үйленген жастарға «
Қосағыңмен қоса ағар!», «Босағаң
берік, шаңырағың биік болсын!», «Қадамдарыңа гүл бітсін», «Н ұ р
жаусын!»
деп ақ тілеу, адал ниеттерін білдіріп жатады. Шын
көңілден шыққан сөз жүрек тебірентеді.
Алайда аузымыздан шыққан құттықтау сөздің бәрі бірдей жүрекке
жол тауып, жарасымды шығып жата ма? Көбімізге белгілі мынадай
оқиғаға назар аударайықшы. Өзімізге жақсы таныс ата-аналардың
бірі тұңғышының мектеп табалдырығын аттағанын қызық көріп,
көңіл жақын жора-жолдастарын шақырып, сәбидің тілашар тойын
жасайды. Мұндайда қуанышқа жиналған жұрт құтты болсын айтып,
тәтті тілек, ыстық ықыластарын білдіретіні сөзсіз. Алайда тойға
келген жастардың бір алуаны сәбиді
Мектепке баруыңмен!
деп
құттықтап жатты. Мағына үйлесімі жоқ, әсер, реңнен жұрдай мұндай


күрмеулі құттықтау сәби жүрегіне жетті ме екен деп күдіктенесіз.
Осылайша көңілге күмән үялап тұрғанда:
Қадамың құтты, болсын,
құлыным!
деп, жүзі балбұл жанған немересінің маңдайынан иіскеп
айтқан ақ жаркын әже сөзі бәрінен де мейірімді естілді.
Алыс жол, ұзақ сапардан келген, кезекті демалысынан оралған
жора-жолдас, қызметтес әріптестерімізбен қауышып, қуаныш
білдіріп, көнілін аулаймыз. Мұндайда кейбіріміз
Келуіңізбен!
деп
құттықтауды дағдыға айналдырдық. Әрине, қызметтес жора-
жолдастардың көңілін көтеріп, жақсы әсер қалдыру өте орынды.
Қерек десеңіз, мәдениетті адам үшін аса қажет дәстүр. Алайда
Келуіңізбен!
деп үйлесімі жоқ емеурін білдіру осы ниетімізбен
қабысып жата ма? Ал ата буын, тілге ысылған адамның сөз
қолданысына ден қойсақ, мұндай жасанды сөзден гөрі 
Ат-көлік аман
ба, аман-есен келдің бе?, Аман барып, сау қайттыңыз ба? т.
т. тәрізді
тігісі жатық, дәстүрлі сөз орамдарын тұтынатынын байқаймыз.
Құттықтау сөздер экспрессия, эмоцияға бай болса, сөздің де әсерлі
болатыны белгілі. Кейде сөздердің қолдану аясын саралай білмесек,
ондай әсерді әлсіретіп аламыз. Мәселен, өзіңіз қадірлейтін қарияны
Пенсияға шығуыңызбен!
деп құттықтамас едіңіз. Себебі мұндай сөз
орамының
 (пенсияға шығу
сөзінің) көбіне ресми стильде, іс-қағаздары
тілінде қолданылатынын сөзінесіз. Сөзіңіз бейтарап шықпас үшін
Құрметті демалысыңыз құтты болсын!
тәрізді еркін сөз орамдарының
бірін талғайсыз.
Пенсия
сөзін
құрметті демалыс
деп атап, сөзіңізге
жағымды рең үстейсіз. Бұл – өте орынды талап. Өйткені құттықтау
сөзіне аса қажет эмоция, экспрессиясыз сөз тосын құлаққа
салқындау естілуі мүмкін.
Алайда эмоция-экспрессиялық әсерге бай екен деп сөздерді
талғаусыз кез келген жерде қолдана беруге тағы болмайтыны белгілі.
Екі бүктеліп еңкейіп отырмаса да, кей ерлі-зайыпты жас жұбайлар
бірін-бірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет