Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет40/42
Дата21.12.2022
өлшемі450,47 Kb.
#163851
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

шал!, кемпір!
деп отырады.
Шалың келді ме? Кемпірің
қайда?
тәрізділерді әзілі жарасқан құрбылардың айтып отырғанын да
ара-тұра естіп қаласыз. Мұндай сөздерді қолдану кейбіреуге тіпті
тұрпайы көрінеді. Әрине, «мына сөзді айт, мына сөзді айтпа», деп,
біреудің аузына біреу қақпақ бола алмайды. Мұндай сөздерді егер
қатар-құрбы, ерлі-зайыптылар өрескел көрмесе, кемсіту деп
түсінбесе, өзара ғана қолдана беруіне болатын да сияқты. Ал
бейтаныс ортада, үлкен-кіші аралас отырыста, қоғамдық орындарда
әлгідей «іш тарта» айтылған сөзді араластырып сөйлеу жағымсыз
эмоция тудырады. Ондайды үлкенді сыйламағандық, кішіні
елемегендік деп түсінеді. Осы тәрізді бір алуан этикет сөздер
ортамен есептесіп, санасып отыруды талап етеді.
Егер шындыққа жүгініп, өткенге кез салсақ, «мықтылар
қауымынан» гөрі әйелдер ізетті ме деп қаласыз. Өйткені олар


еркектер тәрізді
Әй, пәленше!, Әй, түгенше!
деп, зайыбының атын
атап,
Әй-ді
қосақтап айтуға ауыздары бармайды.
Болаттың көкесі-
ау!, Асқардың әкесі-ау! Біздің үйдегі кісі
деп сыпайы үнмен сынық
сейлеп отырады. Бұлайша атауға бұрынғы замандағы әлеуметтік
теңсіздік мәжбүр еткен. Сондықтан болар, әйелін жек керіп айтпаса
да, біразға дейін еркектер «әй» деп сейлеуге әдеттеніп кеткен. Дөрекі
біреу болмаса қазіргі кезде «әй»-ді ешкім айта қоймайды. «Әй»-дің
заманы алыстаған. Қазіргі заманда ерлі-зайыптылар бірін-бірі қалай
атаймын десе өз еркі. Сондықтан да болу керек, отбасында
отырғанның өзінде кейбіреулер бірінің атын бірі «паспорттағыдай»
атап отырады. Дегенмен ынтымағы жарасқан отбасының өз
этикетінің болуы жарасымды емес пе? «Жаным десе, жан семіреді»
дегендей ерлі-зайыптылар бірінің атын бірі тура атап, «пәленше»,
«түгенше» дегеннен гөрі, сыпайылықпен іш тарта атаса несі айып?
Ондай жылы шырай, сыпайы рең үстейтін тәсіл тілімізде бар ма?
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі қалай атағаны жөн?
Мысалды алыстан іздемей-ақ қояйық. Сонау соғыс жылдарында
майдангерлердің зайыбымен жазысқан хаттарын еске түсірейікші.
Сәлем хаттағы
«Дүйсенжан, Сейсентай, Бейсеш, Майраш,
Жамалжан, Жұмажан»
тәрізді ыстық сөз солдаттың сарғайған
сағынышы іспетті емес пе?
Сыйластығы мол, тату-тәтті кейбір ерлі-зайыптылар осындай
түрде
 Сәулені – Сәулеш, Нұрбекті – Нұржан
т. б. деп атайды.
Кейбіріміз қолдансақ та, кейбіріміз елей бермейтін мұндай
жаңамалап атауды от басының әдебіне айналдырсақ, сыйласымға
сыпайылық үстемей ме? Оның үстіне кісі есімін бұлайша жаңамалап
атау – атты бүрмалау емес. Халық дәстүрінде баланы кішкене
кезінен еркелетігі атау дағдысы бар. Осындайдан барып
 Құдайберген
– Құдыш, Тәңірберген – Тәкен, Әбдірахман – Әбіш, Еламан – Елен,
Сәдуақас – Сәкен, Сақыпжамал – Сақыш
болып, дербес есімге
айналғаны көбіміздің қаперімізге келе бермейді.
Дәулетбекті – Дәулет, Нұрғалымды – Ғалым, Әміртайды – Әмір,
Ақбаянды – Баян, Айманкүлді – Айман, Ақжамалды – Жамал
деп
атау да есімді ықшамдап, эмоциялық өң дарыту мақсатынан пайда
болған. Ал дербес есімге айналған соң, бұлардың эмоция,
экспрессиялық реңі солғын тартады. Алайда мұндай есімдерді
Құдышжан, Тәкентай, Сақыштай
деп, «жан», «тай» тәрізді
тұлғалармен түрлендіріп отырса, сөздің. шырайы ашылып, эмоция-
экспрессиялық рең қайта жаңғырып, құбыла түседі.
Халық дәстүрінде жақсы ниет, адал тілеулестікті білдіретін этикет
қаншама?! Олардың қазіргі тіл қолданысымызда жандандыра түсуге
болатын түрлері де аз емес.


Әскер қатарында болып, азаматтық борышын абыроймен өтеп
келген баласын, ұзақ жыл сыртта жүріп оқудан келген ұл-қызын
көргенде, ата-ананың қуанышында шек болмайды. Ондайда тілеулес
адамдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет