Мұндайда амандық сұрасудың қарапайым этикеті бұзылады.
Әрине, сәлемдесу, амандасу адамның бойындағы сыпайы мінез,
ізеттілікпен астасып жатса жарасымды шығады. М. Әуезовтің өзіміз
сүйіп оқитын «Абай жолы» романынан
мынадай екі эпизодты еске
түсірейікші.
«Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, аттылардың алдына
жұмысы бар кісідей кәлденеңдеп көп, тосып тұрды. Аттылар мұның
қозғалысын оқыс көрді ме немесе таныды ма, аттарын баяу
бастыра бастап, жақындап тұстас келді.
Сол уақытта Абай үлкен ыкылас білдіріп, айрықша бір
тағзыммен төсін басып, катты дауыстап:
— Ассалаумағалайкум.!.. деп сәлем берді...
Өзге
қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпайылыққа
Бөжей оң назарын салды білем... атының басын тежей беріп:
— Уағалайкумәссалам, балам!... – деп тоқтай қалды».
Осылайша кішінің әдеп сақтап, үлкенге ықылас қоя берген
сәлемі әрдайым оның кішіпейілділігін көрсетіп, тәрбие-
парасатын аңғартып тұрады.
Ал сыпайылықтан алыс жатқан
даңғаза амандықты сәлем
алушылар салғырт қабылдайды.
«Енді біразда ауыз үйдің есігі ашылып, қолына қамшы
ұстаған, бет-аузын қырау басқан, табанының қары шақыр-
шұқыр еткен, аяздаған бір жолаушы кіріп келеді екен. Ол кіре
бере:
— Ассалаумағалайкум! – деп, мәжіліске даурыға сәлем берді.
Отырған жұрт бұның сәлемін тосырқай, жақтырмай,
ақырын
алды».
Сәлем – сөздің анасы. Жылы кейіп, жақсы сөз алдымен
амандық-саулықтан басталады.
Сәлемдесу, амандық сұрасу сөздерінің бірнеше синонимі бар
екендігі айтылды. Алайда тілдің осындай оралымды
мүмкіндігін кейбіреуіміз үнемі ескере бермейтін тәріздіміз.
Кейде сәлем алушы басқа сөз таппағандай сәлем берушіні
қайталап жатады.
Сәлеметсіз бе?
деп амандасқан адамға оның өз
сөзін қайталап
Сәлеметсіз (бе)?
деуден гөрі
«Аман-есенсіз бе?»..
деп
жауап қату жарасымды болар еді.
Сөйлеу этикетіне жататын сөздердің
бірі қоштасуға қатысты
сөз легі:
Сау болыңыз, қош болып тұрыңыз, келесі кездескенше,
көріскенше күн жақсы, жайлы жатып, жақсы т
ұры
ңыз, жолыңыз
болсын, сапар сәтті болсын
т. б. Ситуацияға орай қолданылатын
мұндай
сөздерде де мағыналық ренк, айырма бар. Мәселен,
бүгін-ертең немесе таяу күнде кездесетін, хабарласатын
қызметтес адаммен
көріскенше күн жақсы, аман барып, сау қайтыңыз!
деп коштаспайтынымыз белгілі. Ал алыс жол, ұзақ сапарға
аттанып бара жатқан танысымызға
сау болыңыз!
деп қана қою
салғырттықты
білдіреді, сондықтан мұндайда
сапар сәтті
болсын!, жолыңыз болсын!
тәрізді эмоция, экспрессиясы басымдау
сөз орамдарын қолданамыз.
Тіпті
сапар сәтті
болсын мен
жолың болсын
дегеннің өзінде
елеулі айырма барын сөз мәдениетіне
жанашыр жазушымыздың
бірі өте орынды көрсеткен: «Алматыдан тоғыз тарау жол
шығады. Солардың бәрінің жағасында «Сәтті сапар!» деген игі
тілекті жазулар тұрады. Бұл – соның қатарындағы «Счастливого
путидің» аудармасы. Дәлме-дәл тәржіма. Түсінікті болғанмен,
қазақша емес. Халқымыз жолаушыға
Достарыңызбен бөлісу: