СӨЗ ТАЗАЛЫҒЫ
Тіл мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі – сөз
тазалығы. Сөз тазалығы дегенде алдымен
ойымызға оралатыны тіл
тазалығы, сөзімізде бөгде тілдік элементтердің болмауы. Бірақ әдеби
тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы
қосымшалар да бар екені мәлім. Ондай кұбылысты тіл-тілдің
барлығынан дерлік кездестіруге болады. Өзге тілден сөз алмаған,
ауыс-түйістігі жоқ «таза» тілдер кемде-кем.
Сөздердің мәдени лексика деп аталатын тобына жататын
дәптер
сөзі
әуелде грек
(дифтера)
одан, иран тілдері
(дафтара)
арқылы
түркілер мен монғол
(дэвтэр),
тибет
(девтһер)
тілдеріне тараған.
Мұндай мәдени лексика тіл-тілдің барлығында дерлік кездеседі
деуге болады. Бірақ өзге тілден енген сөздердің кейбірі төркін
тілдегіден өзгеше мағынада жұмсалып жатады. Мәселен,
стилистика
(пән аты) тәрізді сөздің қазіргі мән-мағынасы көпшілікке түсінікті.
Француз тілінен тараған бұл атау ертедегі гректердің «Stуlоs»
сөзімен төркіндес. Ол – «ұшталған таяқша» деген мағынаны
білдіреді. Ол кезде балауыз жағылған тақтайша жазу-сызу үшін
пайдаланылған. Ойды дәлірек жеткізу үшін
таяқша арқылы
тақтайдағы жазуды әлденеше өшіріп, қайта жазуға, түзетіп отыруға
да тура келген. Таяқшаны (стильді) пайдалана білу өнері кейіннен
сөз шеберлігін, тіл мәдениетін арттыра түсу деген мағынада ұғыныла
келіп пән атауы ретінде қалыптасқан.
Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан осы тәрізді сөздерден
кейбіреудің дағдысына енген мүкістіктер
(остановқаға барамын,
субботада
келді,
звонит
ет т. б.) мүлде басқа. Дағдының да дағдысы
бар. Жұртшылық қабылдаған, тілде орныққан,
дағдыға енген шет
тілдік сөздің орны бөлек. Ал ондаймен санаспай, бөгде
«элементтерді» оңды-солды жұмсау сөйлеушінің сөзге
ұқыпсыздығын көрсетеді.
Ана тілге деген сүйіспеншілік, ыстық сезімнің лебі таза сөйлеуден
де байқалып тұрады. «Ана тілің, қайткенде де, ана тілің болып қала
береді. Жан-тәніңді салып сөйлеген кезде, басыңа бірде-бір француз
сөзі келе қоймайды, ал жарқылдата сөйлеуді қаласаң, оның жөні бір
басқа», – дейді Л. Толстой. Бір тілден екінші тілге сөз енуі тәрізді
ауыс-түйістердің болуы – тіл-тілде кездесетін құбылыс. Сондай-ақ
мұндай ауыс-түйістік ұғымдарда да болады. Ондай ұғымдар калька
тәсілімен аударылып та алынады. Орыс тіліндегі
земледелие
сөзі,
зерттеушілердің көрсетуінше, латын тілінен алынған калька,
(қазақша
егіншілік),
ал
принять меры
француз сөзінің көшірмесі,
(қазақша
шара қолдану)
т. б. Мұндай мысалды келтіре берсек, калька
сөздердің не бір түрлерін табуға болады:
қанатты сөздер
(крылатые
слова),
қарулы күштер
(вооруженные силы),
ақтар
(белые)
қызылдар
(красные),
жартылай қорғаушы
(полузащитник) т.б.
Ел мен елдің аралас-құраластығы, қарым-қатынасының барысында
бір тілден екінші тілдің сөз алуы, жаңа ұғымның пайда болуы тәрізді
заңды құбылыстың шылауында ілесіп жүрген жөнсіз калькалар тіл
тазалығына нұқсан келтіреді. Тіл мәдениетін сөз еткен мақалаларда
жарты арал
(дұрысы
түбек), аналық қой
(дұрысы
саулық, саулық
қой), елу бас қой (елу
қой),
қой өсіруші совхоз
(дұрысы
қой совхозы)
тәрізді көзсіз калькалардың тіл шұбарлау екендігі орынды
көрсетіліп, дұрыс сыналып та жүр.
Белгілі бір халықтың жасаған мәдени қазынасы, рухани
мұрасымен екінші бір халық аударма арқылы да танысады. Тіл
ұстартып, көркем ойды ұштайтын,
халық пен халықты
табыстыратын, мәдениет пен мәдениетті жалғастыратын –
аудармашылық өнер. Аударма әдебиетті қаламгерлер алтын көпір деп
атайды. Әсіресе СССР халықтары үшін орыс тілінің бұл саладағы
қызметі өлшеусіз. «XX ғасырдағы ұлы шығармалардың бірі» (Луи
Арагон) деп танылған «Абай жолы» эпопеясының 30-дан астам тілде
сөйлегені белгілі. Орыс тілі өзге елді қазақ әдебиетінің М. Әуезовтей
классигімен таныстырды. Ал қазақ оқушылары орыс тілі арқылы
шығармалары ана тілімізге аударылған дүние жүзілік әдебиеттің
жарқын жұлдыздарымен танысып, бауырласып өсті. Аудармашылық
– үлкен өнер. Ондай өнерлі қолдан шыққан еңбектерде кей сөздің
мағынасы қайта жаңғырып, жаңа қызмет атқарып жатады.
Аударма
әдебиет арқылы бір тілден екінші тілге жаңа сөз, жаңа ұғым да енеді.
Тілді нәрлендіру, байытудың бір кезі аударма әдебиет деп
есептейтіндер өз пікірлерін осыларға сүйеніп айтса керек.
В. И. Ленин ғылыми коммунизмнің негізін салушылар – К.Маркс
пен Ф. Энгельс еңбектерін, түпнұсқадағы пікірлерін дәл, мүлтіксіз
аударудың маңыздылығын көрсетіп отырған. «Коммунистік
манифестің» кейбір жерлерін В. И. Лениннің өзі түпнұсқа тіліне
сәйкестендіріп қайта аударған болатын. Ф. Энгельс пен В. И. Ленин
түпнұсқадан
алшақ кететін еркін аудармаға, сөзбе-сөз, сіреспе
аудармаға мүлде қарсы болған. Өйткені еркін аударма түпнұсқадағы
ой, пікірді дәлме-дәл бере алмай, бұрмалап жіберсе, сіреспе аударма,
орынсыз калька мазмұнды бұлдыратып, айтылар ойды түсініксіз етуі
мүмкін.
Өзге халықтың тілінде кездесетін мақал-мәтел, тұрақты сөз
тіркестерін тәржімалауда белгілі аудармашыларымыз осындай
тәжірибені орынды ескеріп отырады.
Көркем әдебиет пен қоғамдық-саяси
әдебиеттерде кездесетін
қалька-фразеологизмдердің саны да едәуір. Әсіресе қоғамдық-саяси
әдебиеттерді аудару барысында орыс тілінен калька жолымен