Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. «Қамбар батыр»

Дата10.03.2017
өлшемі130,88 Kb.
#11233
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жыры

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Батырлар жырының мазмұны мен идеясын игерте отырып, жырды талдау арқылы жан-жақты ашу.

  2. Дамытушылық: Батырларға тән қасиеттерді саралай талдай отырып оқушылардың ойлау қабілетімен танымдық қабілеттерін дамыту, көркем сөйлеу мен шығармашылығын арттыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақ әдістері: баяндау, топтау, сұрақ-жауап, ойтолғау, кестемен жұмыс

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақ көрнекілігі: Батырлар туралы слайд, кесте

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі ( амандасу,оқушыларды түгендеу)

  2. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту

  3. Жаңа сабақ

Үй тапсырмасынан сұрақтар:

  1. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата

  2. Аңыз неше топқа бөлінеді?

  3. Миф (әпсана) деп нені айтамыз?

  4. «Күй аңыздары» қайсысына жатады?

  5. Батырлар жыры неше топқа бөлінеді?

Батырлар жыры
Эпостық жырлар Лиро-эпостық жырлар

Ердің бағын ашпаса

Ер мұратқа жетер ме?

Елінің сағын сындырса

Ел мұратқа жетер ме?

Әйтеке би.

Жаңа сабақ

1. Батырлар жыры –ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Олар елін сыртқы жаулардан қорғау «Елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым». Қазақтың батырлар жырында тарихтың ізі жатыр. Олар жанқияр ерлікке барған батырлар. Батырлық дастандардағы Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс сияқты ерлер ерлігіне осы қасиеттер негіз болған.

Шоқанның айтуынша батырлар жырының көбі «Алтын Орда дәуірлерінде болған тарихи адамдар туралы».

Олар XIY, XY- XYI ғасырларда жасалған сияқты соңғы кезде Қобыланды батырдың тарихта болған адам екені дәлелденіп, Ақтөбе облысынды батырға арнап тарихи ескерткіш қойылды. Оның ерлік істерін ашатын зерттеулер жасалуда. Сол сияқты батырлар жырының бірі «Қамбар батыр жыры». Бұл жырдың да нұсқалары өте көп. Жырдың барлық нұсқаларында Қамбар кедей, ол өзінің ағайын жұртын аңшылықпен асырайды.Көршілес бай ел оны елемейді.

Бай ауылдың бойжеткен аруы Қамбардың даңқына сырттай ғашық болады. Екеуі екі түрлі әлеуметтен екенін Қамбар жақсы түсінеді. Бірақ бір-бірін жақсы көреді. Қамбар Ноғайлы елін Қалмақ ханынан қорғайды. Бір нұсқасында – Қамбар аңда жүргенде жолбарыспен кездеседі. Ол өзіне төнген қауіпті жеңіп жолбарысты өлтіреді. Жырдың негізгі идеясы Ноғайлы елін Қалмақ шапқыншылығынан азат ету болып табылады.

Қамбар батыр жырының негізгі идеясы елдіктің, бірліктің туын жоғары ұстау екенін кейіпкерлердің әсіресе Қамбардың,Алшыораздың, Назымның іс-әрекеттерімен толық дәлелденеді.

Эпостың мақсаты – ертеде өткен ерлердің ісін кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Халық эпостарының бәріне өзек болған патриоттық сезім өз елі мен жерін жауға бермеу, ел қорғайтын ерді сүю.

2. Кітаппен жұмыс. Жырдан үзінді оқу. Түйінін табу.

Жырдан теориялық жағынан теңеу, эпитеттерді табу.

3Талдау тапсырмалары. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

1.Ер қанаты-.....

2. .........., қол батыр.

3.Аяз ......., құмырсқа ...... біл.

4. ...... туса ел ырысы.

5.Әке- ... тау, ..... – шалқар көлің.

4. Жинақтау тапсырма. Суретке қарап мәтін құра.
Жырлардағы батырлардың қолданған құрал-саймандары туралы түсінік.

Қазіргі кездегі ақын-жазушыларымыздың әрі ақын, әрі жазушы, әрі батыр тұлғаларды ата.

5. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі» туралы аңыз поэмасымен аяқтау.

Бекіту сұрақтары.

1.Қамбар халқы үшін қандай еңбек жасады?

2. «Қарама-қарсы элементтер «стратегиясы.

Дос--------Жау

3.Жырдың негізгі идеясы қандай?

Үйге тапсырма. «Батыр туса- ел ырысы» ойтолғау жазу.

Тақырыбы: М.Әуезов «Ақын қонақтар»

Эпиграфы: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе»

Мақсаты:

Білімділік: а) М.Әуезов-халық перзенті

ә) «Ақын қонақтар» шығармасының көркемдік қуатын оқушылар санасына жеткізу, мазмұнын игеру, идеясын ашу.

б) роман, эпопея, портрет, кейіпкер туралы түсінік.

Тәрбиелік: Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және өз ұлтына деген

сүйіспеншілікке тәрбиелеу, сөз мағынасын түсіне білуге, қазақхалқының

салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс

істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту.

Сабақ түрі: Ашық сабақ

Әдіс-тәсілі. баяндау, сұрақ-жауап, топтау, ой толғаныс, сатылай талдау, кубизм,венн

диаграммасы

Көрнекілік: интерактивті тақта, ақын өміріне байланысты буклет.

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

(оқушыларды төрт топқа бөлемін)

а) І.Жансүгіровтың «Күй поэмасы» туралы, оның негізгі идеясы туралы әңгімеле.

ә) Поэмада өнер кім арқылы көрінеді?

б) «Бозінген күйінің дүниеге келуі»

в) Күйдің адам өмірінде маңызы бар ма?

ІІІ Жаңа сабақ

1. Авторы: М.Әуезов өмірінен мәлімет беріледі.

2. Тақырыбы: «Ақын қонақтар»

3. Әдеби жанр: Роман-эпопея. Роман-өмірді, оның әр алуан құбылыстарын, адамдардың араларындағы, қарым-қатынастарды кең қамтып, терең суреттейтін қара сөзбен жазылған шығарма. Эпопея-бір романның кемерінде бірнеше романның кіріктірілуі.

4. Шығарманың идеясы: Болашақ ұлы ақынның халық өнерін, ақындықты, кісіге құрметпен қарауын бала бойына дарыту.

5. Шығармадағы кейіпкер бейнесі: бала Абай, әжесі Зере, анасы Ұлжан,. Барлас-ашық мінезді,ақын. «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтатын жыршы. Байкөкше Балғынбайұлы суырып салма ақын. Сөзге шешен, тапқыр, тура айтатын Байкөкшені Абай құрмет тұтып, уытты өлеңдерін жоғары бағалаған.

6. Әдеби теориялық ұғымдар: портрет, кейіпкер туралы теориялық ұғым беру.

7. Түсіндірме сөздікпен жұмыс: Қисса-ауыз әдебиетіне тән сюжетті жыр, дастан

Құлантаза – мүлде, біржолата.

Қош алған соң- келіскен соң.

Ырым байлау-халықтың салт-дәстүрі.

Мәтінмен жұмыс

Аналар әңгімесі

Ақын қонақтар

Тілек бата

Ақындарға ризалық

Дәптермен жұмыс

а) Мазмұнын қысқаша жаз;

ә) Кейіпкерлерді жазып, мінездеме беру.

Ой толғаныс

Осы бөлімнен алған өнегем қандай?

Сабақты қорыту

Венн диаграмасы бойынша қорытамын

Ортақ белгі

Шебер әңгімеші, өлең-жырды жатқа айтады, мейірімді, Абайдың қамқоршысы

Зере

Зере-Абайдың әжесі

Ұлжан

Ұлжан-Абайдың анасы

І топ. Суреттеңіз (Абайдың сыртқы тұлғасы)

ІІ топ Ойыңызбен байланыстыр( Абайцдың зеректігі)

ІІІ топ Салыстыр( Әженің әңгімесі. Ұлжан ананың өлең-жыры)

ІҮ топ Қорытындыла (Ақын қонақтар)

Үй тапсырмасы

Мәтінді оқу, мазмұндау.

«Әжемнің әңгімесі» тақырыбына сурет салу.

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет